7


  • Учителю
  • Конспект по казахскому языку Кел,қайталайық! (1 класс)

Конспект по казахскому языку Кел,қайталайық! (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы:

Кел, қайталайық!

Мектебі:



</<br>

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінү.

1.1.5.1.Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған \ көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

4-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

4-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

4- бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері



Сабақтың басы (2-5 минут)

Жоспарланған жұмыс

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру

Ресурстар

Сабақтың басы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 4- бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген.Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогты толықтырып айтады.

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы тапсырмада берілген сұрақтар бойынша сұрақ қояды, оқушылар оған өз қалауы бойынша жауап бере алады. Мысалы:

Мынау не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада бір аңның немесе бір үй жануарының суреті болу керек).

Мынау піл ме? (Мұғалім бір суретті көрсетеді).

Ауылда не бар? Сен не істейсің? Сен не саласың?

(Ж ) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(МК, Ұ) Сондай- ақ бұл сабақта мұғалім аңдар, үй жануарлары, ауладағы, айналадағы зат атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

- аңдарды атай алу (аю,арыстан, кірпі, түлкі, керік, піл, қасқыр, қоян);

-үй жануарларын атай алу (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе);

-Бұл не? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу ( аңдар, үй жануарлары, ауладағы гүлдер, ағаштар);

-Мынау піл ме? Сияқты сұрақтарға жауап бере алу. (Иә, мынау -піл. Жоқ піл емес);

-Аңдардың, жануарлардың санын, түсін айта алу;

-1-20 сандарын, үйренген түстерін атай алу;

- аулада не бар екенін айта алу (аулада ағаштар, гүлдер бар);

Аулада не істейтінін айта алу (Мен аулада ойнаймын.Мен аулада сурет саламын)

- қандай сурет салатынын (Мен ағаш саламын) айта алу дағдылары қалыптасуы қажет.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысын да алған білімдерін бекіте түседі.

Оқулық





Аудиодиск:

4.6.1.

4.6.2.

4.6.3.

4.6.4.











Аңдар, үй жануарлары, ауладағы айналадағы заттар, сандардың суреттері бар карточкалар.











№ 1 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой- пікірлерін білдіре алады.





Қорытындылау

Қосымша ақпарат

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыныз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.



1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал