7


  • Учителю
  • Конспект Вне классного мероприятия на тему 'Қазақстан халқының тілдері күні' - бекеттік сайыс ' (4 класс)

Конспект Вне классного мероприятия на тему 'Қазақстан халқының тілдері күні' - бекеттік сайыс ' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тілдер күніне арналған сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың тақырыбы: Ауылдарға саяхат

Мақсаты: ойын және саяхат жүргізу арқылы оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен, мақал-мәтелдерімен таныстыру; бір бірімен сұхбаттасу, сөйлеу және диалог жүргізу арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға жалғастыру және тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту; қазақтың салт-дістүрлерін құрметтеуіне, кішіпейілікке, адамгершілікке, татуластыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Іс-шара түрі: бекеттік ойын

Қолданатын формалар: топпен тапсырмаларды орындау , жұпқа бөлініп диалог жүргізу, ұжыммен ойындарды ойнау, жеке-капитандардың сайысы

Ресурстар: киіз үй - 3 дана, шарлар, қолдан жасалған жалаулар, қоржын, қғазда жазылған диалогтың үлгісі, әртүрлі сыйлықтар.

Іс-шараның барысы

І. Сәлемдесу

- Қайырлы күн, қымбатты, балалар!

- Қалай ойлайсындар бүгін қандай мерекеге жиналдық?

- Дұрыс, «Тілдер күні» мерекесіне бәріміз жиналып отырмыз. Сендерді мен бұл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз тыныш болсын, бәріміз тату болайық.

ІІ. Шараны түсіндіру, топтарға бөліну.

-Бүгінгі іс-шараның аты «Ауылдарға саяхат», яғни біз ауылдарды аралап тапсырмаларды орындаймыз. Біздің сыныбымыз бес адамнан топтарға бөлінеді. Әр топ өз ханың таңдайды, яғни тапсырмаларды дұрыс түсіну үшін, хан өз хандылыққа түсіндіреді оларға бұйрық береді де олармен бірге орындайды. Әр топтың ханына карта беріледі. Картада бүгінгі шараның жоспары бейнеленген. Ойынымыз үш бекеттен құрылады. Әр бекетте уәзір тұрады. Уәзірлер сендерге тапсырманы түсіндіріп береді және тапсырмаға уақыт береді. Сендер тапсырманы орындап болғаннан соң уәзір тексереді. Егер тапсырма дұрыс болса және берілген уақытында орындалса, сендерге қызыл жалау береді, егер тапсырма толық емес және уақытқа сай емес болса, сары жалау береді, уақытында ештене орындалмаса - көк жалау беріледі. Дұрыс, жылдам, уақытында, біргісіп жұмыс істеген және қызыл ұпайларды көп жинаған топ жеңеді сыйлықтарға ие болады.

ІІІ. Жоспарды орындау:

  1. Құрылысшылар ауылы (киіз үйді дұрыс құрастыру керек) және әр сүйектің атын тауып айтып түсіндіру керек

  2. Сөйлегіштер ауылы (мереке «Тілдер күні» туралы диалог құру, екі бала сұхбат жасайды)

  3. Тентектер ауылы (жануарлардың қимылын көрсету)

  4. Ойын «Қыз қуу»

ІҮ. Қорытынды

  • Балалар, сендерге бүгінгі мереке ұнады ма?

  • Мереке қалай өтті?

  • Жаңадан не білдіңдер?

  • Осымен біз мерекемізді аяқтаймыз, сендерге көп рахмет. Осындай мерекелерге кездесеберейік! Жаңа оқу жылы қызық өтсін деп тілейміз!

1-тапсырма: шанырақ, кереге, уық, босаға, есік, табылдырық, түндік

2-тапсырма:

Диалог:

  • Сәлем,_____________!

  • Сәлем,_____________!

  • Бүгін қандай мереке?

  • Бүгін «__________ _________» мерекесі.

  • Сен мерекеде не істейсің?

  • Мен (танцую, пою, стихи читаю, играю).

  • Мереке қалай өтеді?

  • Мереке (весело, интересно) өтеді.

  • Саған мереке ұнай ма?

  • Иә, бұл мереке маған өте ұнайды.

  • Сен қандай тілектерді білесің? Балаларға өз тілектерінді айт.

  • (здоровья, счастья, удачи, семейного благополучия) тілеймін.

3-тапсырма: тапсырманың мақсаты бірге бірдей қимылдарды жасау, яғни хан көрсетеді қалғандар қайталайды. Жануардың қимылын жаса: қоян-секіреді, қасқыр - қорқыту, түлкі - майсып сызылу, әтеш - қытқыттау, қанаттарын ұру; аю - қорбандап жүру, маймыл - секіріп күлу, есек - «иа» деп дыбысын шығару.)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал