- Учителю
- Қазақ тілі сабақ жоспары 4 сынып
Қазақ тілі сабақ жоспары 4 сынып
Пән
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Өткен шақ
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға келер шақ туралы түсінік беру
Міндеті
Келер шақ етістікті басқа етістіктен ажырата білуге үйрету, келер шақ етістіктері іс әрекеттің алдағы уақытта болатынын ұғындыру: сөйлеу тілін байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту.
Нәтиже
-Өзгені де өзін де бағалай алады;
3.Жұппен, топпен жұмыс жасай біледі
Әдіс -тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету, Оқыту және оқу үшін бағалау, Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер, Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану.
Қажетті материалдар
Интерактивті тақта, маркер,
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
-
Сәлемдесу
-
Ұйымдастыру
-
Топқа бөлу
-
Бағалау парағы
-
Сәлемдеседі
-
Өздерін ретке келтіру
-
Топқа бөліну
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу.
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларды топқа бөлу ,
Топ басшыларын сайлау
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
І Үй тапсырмасын тексеру
II«Миға шабуыл»
-Етістік дегеніміз не?
Етістіктің неше шағы бар?
-Осы шақ етістік деген не?
Өткен шақ етістік деген не?
Етістік
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Сызба арқылы өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра келіп, келер шақ етістіктері қолданылатын жауап алатындай әңгіме өткізу.
Келер шақ етістіктері туралы білу үшін алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдерші: Каникулда қайда барасың? Өскенде кім боласың? Сабақтан кейін не істейсіңдер?
Бұл ойлаған іс әрекеттердің әлі іске асқан жоқ, болашақта жүзеге асады екен деген тәрізді қорытынды жасалады.
IY Оқулықпен жұмыс.
Мағынаны тану:
1-топ а)Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді талдау
2-топ ә) Берілген сөздермен сөйлем құрап жазу
3-топ б) Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді атбу, қай шақта тұрғанын айту
4-топ в) Бос торкөздерге сәйкес келетін етістіктерді тауып жазу
Y Сергіту сәті
YI «Ойлан, жұптас, талқыла»
І топ. Осы шақты тауып, теріп жаз.
Соға бастады, шуылдай жөнелді, байқап қалды, қатты да қалды, телміріп отыр, қарап тұрмын,түсе бастады, шаншып алды, тасып жүр, сүйсініп отыр, айналып отыр.
ІІ топ. Етістіктердің арасынан өткен шақты тап?
Сұрасып тұр, жинаймын, таңғалды, бейнелейді, мойындайды, тоқтады, көрінді, пісіп жатыр,далаға шығады, ұшып кетті.
ІІІ топ. Келер шақтағы сөздерді тап?
Шырылдайды, естіледі, шегінді, даурықты, тиісіп отырдыңыз, сарқырап жатыр, желбірейді, қашты, ерінеді, міндеттейді, күтіп тұр
ІІІІ Тиісті сөздерді қойып сөйлемдерді аяқта?
1.Далада қар жапалақтап ... . 2. Думан үйде ... . 3. Оның ойнағысы ... . 4. Бөлмеге күн сәулесі ... . 5. Мен бәрін ... .
Керекті сөздер: жауып тұр, мұңайып отыр, келіп отыр, түсіп тұр, теуіп жүр, біліп отырмын.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Тест тапсырмалары
1. Шұғылданады - қай сөз табына жататынын белгіле:
А) зат есім Ә) етістік Б) сын есім В) сан есім
3. Жазып жатыр - етістіктің қай шағы?
А) келер шақ Ә) өткен шақ Б) осы шақ
4. Не істеймін? - қай шақтың сұрағы?
А) өткен шақ Ә) келер шақ Б) осы шақ В) Шақтың сұрағы бола алмайды
5. Іс - әрекет болмаса етістіктің қай шағын білдіреді?
А) Шақты білдірмейді Ә) осы шақ Б) өткен шақ В) келер шақ
Тақырыпқа шығу үшін материалды топпен талқылап анықтайды
Оқушылар топпен жұмыс жасайды
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
әр топ бір-бірін бағалайды.
YIII Бағалау
Топ жетекшілері бағалау парақшасындағы ұпайларды айтып, сабақтың критетийлеріне сай оқушыға жиынтық баға қойылады.
IX Кері байланыс
Бүгін не үйрендіңіздер
Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлері жайлы жазады.
X Үйге тапсырма