7


  • Учителю
  • Дүниетану 'Өкпе. Тыныс алу гигиенасы' (3-сынып)

Дүниетану 'Өкпе. Тыныс алу гигиенасы' (3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Қысқа мерзімді жоспарлау


Күні

Сыныбы:


3 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Өкпе. Тыныс алу гигиенасы.

Сабақтың мақсаты:

Топпен жұмыс жасау барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып,өкпе, тыныс алу мүшелері туралы білімдерін толықтыру

Оқыту нәтижелері :

1.Өкпе, тыныс алу мүшелері туралы біледі.

2.Өз ойларын тұжырымдап толық жеткізеді.

3.Топпен жұмыс істей алады

4.Өздерін бағалай біледі.

5.Бірін-бірі тыңдауды үйренеді.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1.СТО стратегиясы,

2.кластер,

3.эмоциялық символдар

4.АКТ-ны қолдану,

5.топтық жұмыс,

6.диалог арқылы оқыту,

7.ыстық орындық.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Ұйым

дастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Топқа бөлу түрлі түсті шар арқылы жүзеге асады

Оқушылар шеңбер жасап тұрады

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады.

Көңілді боп жүрейік!

Топқа бөлінеді

5


Балалар, бүгін біз өз ағзамыз туралы білімімізді ары қарай дамытамыз. Ол үшін өткен сабақтарды еске түсіріп көрейік,ең алдымен мына тест сұрақтарына жауап беріп көріңдерші

Оқушы жұмыстары өз бетімен жұмыс кезінде тексеріліп, бағаланады

Әр оқушы топ өз нұсқасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді



5

Білу

  • Адам өмір сүруі үшін не қажет?

  • Сендер сабаққа келерде тамақ ішпесеңдер қанша уақытқа дейін шыдайсыңдар?

  • Адам қанша уақыт тамақсыз өмір сүре алады?

  • Ұйқысыз?

  • Ал ауасыз?

  • Ағзаға ауа қай мүше арқылы барады?

  • Өкпе қандай мүше?

  • Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз -

Өкпе . Тыныс алу

гигиенасы

Балалар,қазір мұқият қараңдар,сендермен видеоролик көреміз.Мұндағы мақсатымыз : өкпенің қызметін байқау

-Тексерейік . Кең тыныс аламыз . Бастаймыз, алдымыздағы қағазға жазамыз. Ол қағазды партаның шетіне қойыңдар.Сабақ соңында қалған оқушылардыкінің қанша екенін анықтаймыз.

Қорытынды: адам 2 минуттан артық дем алмай тұра алмайды, тек жапондық шыныққан маржан іздеушілер ғана 5минутқа дейін тыныс алмай су астында бола алады екен.
Ал сендердің суық тиіп ауырған кезде бірінші қай жерлерің ауырады?

Ал оны емдеу үшін тыныс алу мүшелерін білуіміз керек. Тағы не білуіміз керек деп ойлайсыздар? Тыныс алудың адам үшін маңызы қандай?

  • Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

  • Қалай дұрыс тыныс алу керек?

  • Тыныс алу мүшелерін қалай шынықтыру керек?

  • Салауатты өмір сүрудің маңызы қандай?

Тамақ, ұйқы, су, ауа


Бір айға дейін.

2-3 минут


Балалар видеороликті көреді

Тапсырманы мультфильмдегі баламен бірге орындайды.1 минутта қанша рет тыныс алғанын тексереді.



9

«Түсіну»


Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы тақырыпты іштерінен оқу

Топпен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру.

1.Тыныс алу деген не?

2.Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

3.Өкпе туралы айтыңыз.

4.Адам қалай тыныс алады?

5.Тыныс алу ережелері туралы айтыңыз.

Оқулықтағы тапсырманы гуілдеп оқиды,түсінбегендерін сұрайды.


Әр топ жауабын айтады жауаптар бірден бағаланады.

Бірін- бірі бағалау.

3 шапалақ-«өте жақсы»

2 шапалақ- «жақсы»

1 шапалақ «қанағаттанарлық»


7


Сергіту сәті



Оқушылар «Қара жорға» биіне билейді

2


«Қолдану»

Тыныс алу жылдамдығының артқанына назар аударады.

Дәптермен жұмыс

  1. Тыныс алу мүшелерінің аттарын жазу.

  2. Түсіп қалған сөздерді орнына қою.

  3. Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс парақтарын

толтыру



Дене қимылынан кейін тыныс алу жиілігі артады


Әрқайсысы демалғанда және дем шығарғанда кеудесінің қанша смекенін өлшейді.



5


Талдау

Шарды алыңыздар, бірінші ауа жіберіңіздер, сосын ауаны тартыңыздар.

Не байқадыңыздар?

Кім қалай тыныс алады ? слайд


Жаңа туған бала минутына 60 рет, 5 жастағы бала - 25-26 рет,

10-17 жастағылар - 16-20 рет, үлкен адамдар - 16 рет тыныс алады.

Ал жануарлар ше?


Ауаны шығарғанда шарға ауа толады, тартқанда ауа азаяды


Піл өкпесімен, балық желбезегімен, жылан терісімен тыныс алады.



Жинақтау

Топтарға тапсырма:

1.Тыныс алу мүшелері арқылы ауада қандай аурулар таралады?

Болдырмау жолдары қандай?

2.Сендердің парталарыңда кластер жатыр,соны толтырыңдар

3.Адамдар бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?

4.Әр сабақтан кейін терезені неліктен ашамыз.?



Топтар:

1-топ Тыныс алу жолдары аурулары, одан сақтану жолдары туралы айтады

2 топ Тыныс алу мүшелеріін кластерге жазады.

3.Бөлме өсімдіктерін өсірудің маңызын айтады.

4.Әр сабақтан кейінгі сынып бөлмесін желдетудің пайдасын түсіндіреді.

5. Тыныс алу гигиенасы туралы айтады

3


Бағалау

Кесте толтыру.

Білемін

Білгім келеді

Білдім


Балалар бірін-бірі,өзін-өзі , басқа топтарды бағалау жүргізеді


3

Үйге тапсырма

24-27 бет оқу, мазмұнын айту.

Тыныс алу гигиенасы туралы жазу.

Тақырыпты оқу, тыныс алу гигиенасы туралы жазу.

1

Оқушылардың жеке жұмыс парағы

Аты-жөні - ----------------------------------------------


Дем шығармай тұрған уақыты ------------ секунд, минут


Тыныс алу саны

Дене қимылынан кейінгі тыныс алу


айырмашылығы


____________________

______________________


___________________

Тыныс алғандағы кеуденің өлшемі

Тыныс шығарғандағы кеуденің өлшемі


______________________ СМ.

________________________ СМ,


Білемін

Білгім келеді

Білдім

1-топ

Тыныс алу мүшелері арқылы ауада қандай аурулар таралады? Болдырмау жолдары қандай?

_____________________________________________________________________________________________________

2-топ

Сендердің парталарыңда кластер жатыр,соны толтырыңдар

____________________________________________________________________________________

3-топ

Адамдар бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?

_________________________________________________________________________________

4-топ

Әр сабақтан кейін терезені неліктен ашамыз?

______________________________________________________________________________________________________________________________________

5-топ

Тыныс алуға зиянды әсері бар заттар туралы айтыңыздар?
___________________________________________________________________________________________

1-топ


2-топ


3-топ

4-топ


5-топ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал