7


О дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

О дыбысы мен әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:о дыбысы мен әрпімен балаларды таныстыру.Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау,О дыбысын дұрыс дыбыстатып,оның таңбасын-әрпін таныту,о дыбысы бар сөз,сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс -тәсілдер:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.

Көрнекіліктер:мазмұнды сурет,кеспе әріптер,сызба кесте.

Жаңа сабақ Оо дыбысы мен әрпі

Ұйымдастыру кезеңі.

І.Балалар бүгін біз О әрпін өтеміз.О дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.

Осы дыбыспен сөздер ойлау(Ою,орындық. )

О қандай дыбыс? (дауысты дыбыс)

Суретке қарап балалардың қолындағы заттар о әрпінен басталатын айту талдау

ІІ.Алма ағашы бағына барайык ойын ойнайык.Алманы алып артындағы суретті көреміз.

ІІІ.Сергіту сәтін өткізу

Оң қолымды -бес саусақ,

Сол қолымда -бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел,санайық ал мұны

Нешеу болды барлығы?

ІV. Дәптермен жұмыс

Торғай сөздерінде дыбыстық талдау жасау.О о әрпін жазба түрінде жазу.

V.Балалар қалай оқи алады екен,көрейік-деп сауат ашудан мын сөздерді оқиды.(ой.той,тор,ол,тол, ойна, ойна, Айша.т.б.)Балалар сөздерді оқып,оларды қатыстырып,сөйлем құрайды.

Қорытындылау

Балалардан О әрпінен басталатын тақпақтар сұрау

О дыбысы дауысты ма?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал