7


  • Учителю
  • '10-ғА дейінгі сандар' ашық сабақ 4 класс

'10-ғА дейінгі сандар' ашық сабақ 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 10-ға дейінгі рим цифрлары, оларға амал пайдалану.


Мақсаты:

білімділік- рим цифрларын белгілеуді үйрету, оларға қосу, азайту амалын пайдалану арқылы есептер шығарту;

дамытушылық- оқушылардың танымдық қабілеттерін артыру, ой-өрісін, ойлауын, есеп шығару машықтарын дамыту;

тәрбиелік- тәртіптілікке, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, логикалық жаттығулар, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Фирдоуси, Науаи, Мақтым құл, Абай, Тоқтағұл сынды ұлы адамдардың портреттері .


Сабақ барысы

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.


1.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.

Математика- ғылым негізі,

Математика- білім көзі.

Математика білгендерге

Ғажайыптың бір өзі!


2.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Балалар, математиканың күнделікті адам өміріндегі мәні орасан зор. Арифметика өмірлік мұқтаждықтан туған. Төрт амал мен ауызша, жазбаша есептеулер ережелерін бір адам ойлап шығарған немесе тапқан емес. Сонау ерте заманның өзінде-ақ адамдарға күнделікті тұрмыста кездесіп отыратын әр түрлі нәрселерді санауға тура келген. Сонда адамның тек екіге дейін ғана санай білетін шағы болған. Егер екіден көп саны кездесетін болса, алғашқы қауым адамы оларды тек «көп» дейтін. Өндірістің және сауданың өркендеп дамуымен байланысты санау тәсілі өзгере береді. Адамдарға жер қашықтығын, аудандарын, ыдыс сыймдылығын және де басқа да шамаларды өлшеуге тура келген. Міне, сөйтіп өлшей білу қажеттілігі санау және сандарға амал қолдану ережелерінің пайда болуына және дамуына себепкер болды.

  • Балалар! Біз он-оннан санайтынымыз анық. Он бірліктен он- ондық, он-ондықтан бір жүздік т.с.с құралады. Біз қолданатын осылайша санау тәсілі ондық жүйе немесе сандық нумерация деп аталады. Ал, неліктен біз он-оннан санаймыз, яғни ондық санау жүйесі қалай пайда болған?

Балалар саусақтарын санап үйренетіні сияқты алғашқы адамдар да санау үшін екі қолының он саусағын пайдаланған. Қазірдің өзінде де: «Саусақ пен санағандай...» дейміз ғой. Осыдан барып санау системасы шыққан. Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық халықтары ондық санау жүйесін пайдаланады. Ондық санау жүйесінде 999 миллионға дейнгі натурал санды атау үшін небары 13 сөз қолданылады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жүз, мың, миллион.

Қандай үлкен сан болса да он сандық таңба, яғни он цифр арқылы жазып көрсетуге болады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Цифрларды да арифметика ережелері сияқты ешкім бірден ойлап шығарған емес. Осы заманғы цифрлар ғасырлар бойы қалыптасып жасалынған. Цифрлар да жазудың дамуымен бірге жетіліп отырған. Адамдар өз ойын, сөзін жар тастардың, үңгір қабырғаларының, тастардың беттеріне салған суреттері арқылы білдірген. Сандарды еске сақтау үшін адам ағаштарға, таяқтарға кертіп белгі салуды және жіптерге түйіндер жасауды қолданған. Мұнан кейін бір санын бір сызықшамен, екі санын екі сызықшамен т.с.с. белгілеуден келіп шығуы табиғи нәрсе: І, ІІ, ІІІ...

Алайда өндіріс пен мәдениет өркендеп үлкен сандарды жазып көрсету қажет болғанда сызықшаларды қолдану қолайсыз болған. Сонда жеке сандарды белгілеу үшін ерекше таңбалар қолданылған: І-1, ІІ-2, ІІІ-3, IV-4, V-5, VI-6, VII-7, VIII-8, IX-9, X-10, L-50, C-100, D-500, M-1000. Римдіктер қолданған бұл цифрлар әуелгі кезде ыңғайлы болғанмен, келе-келе оларға амал қолдану қиындай берген, көбейту, бөлу амалдарын жазбаша орындауға болмайтын, барлық амалды ойша орындау керек болатын. Тіпті санды атап айту керек, ол үшін ауызша қосу не өсіру керекті. Өйткені рим цифрларының әрқайсысы қалай тұрса да бір ғана санды білдіреді. Осы күнгі жазбаша нумерациядан цифрдың мәні тек оның түріне, кескініне байланысты болмайды, басқа цифрлар арасындағы алып тұрған орнына байланысты болады. Мысалы: 15 санында 5 цифры 5 бірлікті, 53 санында 5 ондықты білдіреді.

Сондықтан біздің қолданып отырған цифрларымызды рим цифрларынан айыру үшін өзгеше араб цифрлары деп атайды. Сонымен 0,1,2,3,.... 19,20.... араб цифрлары.

ІІ. Операциялық- орындаушылық кезең.


«Ой ширату»

  1. Мына сандарды ата: 99-дан кейін, 300-дің алдында, 1200-дің алдында, 700-ден 1-еуі кем, 8999-дан 1-еуі артық.

  2. 640046 санын жазу үшін неше цифр пайдаланған? Жауабы: 3

  3. 80 цифрын бес қайтара жаз. Шыққан санды оқы: 88888

  4. Мына сандарды рим цифрымен жаз: 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

  5. Рим цифрларын салыстыр: VI пен IV, X пен IX, VIII пен VII

Ережемен таныстыру.

  1. I, X, C, M цифрларын үш ретке дейін қайталап жазуға болады. Бұл жағдайда оларды қосып оқимыз. Мысалы: ІІ-екі өйткені І+І = ІІ, X+X+X = XXX (отыз)

  2. V, L, D цифрлары кестедегі өзінен кейін тұрған цифрдан бұрын келсе, оған қосып оқимыз. Мысалы: VIII = V+I+I+I, LX = L+X

  3. I, X, C цифрларын кестедегі өзінен кеін тұрған цифрдан бұрын келсе, одан азайтып оқимыз. Мысалы: MDLI- мың бес жүз елу бір, XIV - он төрт, XCVI- тоқсан алты , CXLIX- жүз қырық тоғыз.


Есептер шығару


Есеп № 1. Мына ұлы адамдар жайында жазылған сөйлемді оқы: Фирдоуси X ғасырда, Науаи XV ғасырда, Мақтым құл VIII ғасырда, Абай XIX ғасырда, Тоқтағұл XX ғасырда өмір сүрген.


Есеп № 2. Қаңтардан бастап желтоқсанға дейінгі айларды рим цифрларымен белгілеп шық.


Есеп № 3. Араб цифрларымен жаз:

XV, XXXII, MDXI, IX, DCC, XIX, XL, XXXVI, MDCIX.


Есеп № 4. Қатесі неде? X+ III= XI (10+3 = 13) - XIII

XI- II= VII (11-2 = 9)- IX

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық.

Ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды.

Ағаштарды шайқап көрді.

Қуанғаннан билей берді.


«Қара жорға» биін билейді.


Есеп № 5. Амалдарды орында:

VII+ III= IX+V= VII-IV=

IV+VI = IV+ IX= XIX-X=

VI+VIII= X- VIII= XIII-X=

II+ IV= XVII- IX= XII-VI=

Есеп № 6. Ауладағы балалардың екеуі жіпті керіп тұр да, алтауы одан кезектесіп секіруде. Аулада барлығы қанша бала?

Жауабы: 2+6 = 8


Есеп № 7. Жалғастырып жаз:

2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 * * *

5 10 15 20 25 * * *

6 9 12 15 18 * * * *

8 8 6 6 4 4 * * * *


Есеп № 8. Бала басқышпен түсіп келеді. Ол 1,2,3,4, ... деп басқыштарды екі-екіден санап түсе бастады. Осылайша санап беске жеткенде ол бір ғана басқыштың қалғанын байқады. Баспалдақта барлығы қанща басқыш бар. Жауабы: 4.


Есеп № 9. Сәуле 3 қабатта тұрады. Айгүл сол үйде, бірақ екі есе биік қабатта тұрады десек, нешінші қабатта тұрады? Жауабы: 5 қабатта.


Есеп № 10. Мұрат мен Марат шырпымен ойнап отырды. Мұрат Маратқа мынадай есеп берді: «Шырпымен 8-ден 5-ті алғанда ешнәрсе қалмайды. Ол қалай?» Марат жардағы сағатқа қарап отырып, тез шығарып берді. Ол қалай шығарды?

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезең


«Тез қатесін тап» ойыны.


3+12=15 15-8=7 6+4=22

13+3=10 16+8=23 13-4=9

16-9=7 16+9=28 13-2=11

12-6=6 15+9=25 15-4=11

15-2=13 19+5=24 12-4=16

15+5=10 14-9=5 12-9=3

4+18=22 7+18=25 2+11=13

5+17=22 6+15=22 18-8=10

16-5=11 12-7=5 18-7=13

7+7=23 19-6=13 16-2=13

18-4=12 16+6=22 12+9=21


Рефлексиялық-танымдық жаттығу.

  • Мен бүгін қандай жетістіктерге жеттім немесе қай жерден қате жібердім, деп сабақ соңында әр оқушы өз ой қорытындысын жасап отыруға мүмкіндік береді.


Өзіндік қабылдау

Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына менің кемшіліктерім, оң жағына менің жетістіктерім деп ойларын бүкпей ашық жаздыру.


Менің кемшіліктерім Менің жетістіктерім

1. 1.

2. 2.

3. 3.

4. 4.


5 минут өткен соң 3-4 оқушының өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте сақтаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ сын айтуға болмайды.

Қорытынды: тренинг нәтижесі оқушылардың шыншылдығын, жауаптылығын, алғаш рет өзіне қорытынды жасауын, өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.


Бағалау.














 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал