7


  • Учителю
  • Ашық сабақ жоспар тақырыбы “Махамбет пен Жақия”

Ашық сабақ жоспар тақырыбы “Махамбет пен Жақия”

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3 сынып

Сабақ №

Әдебиеттік оқу----------------

Сабақтың тақырыбы: Махамбет пен Жақия. Қажым Жұмағалиев

Мақсаты: Оқушыларға Исатай, Махамбет батырлар жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі:Іскерлік пен дағды

Оқыту әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту:Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

І. Үй тапсырмасын сұрау:

-Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты қандай еді?

-Қарсы күшті кім жинады? Ағыбай батыр кім?

-Халық Ағыбай батырды қалай бағалады?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтін мазмұнын баяндайды.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді.

ІҮ.Мағынаны тану: Махамбет пен Жақия

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. - 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) - қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Исатай Тайманұлы:

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы</, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.

-Мәтінмен жұмыс; Мәтінді тізбектеп оқыту

-Мәтін мазмұнына талдау жасау:

Мәтінде аттары аталған батырлар кімдер?

Жақияның ержүректілігі туралы, Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің?

Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

Ү.Ой толғаныс:

Топтастыру:

Батыр Қолбасшы Исатайдың серігі

Жәңгір ханға Махамбет күйші-композитор

қарсы күресті

ақын -жыршы

Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Бөлімдерге ат қой.

ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу,

№11,12 тапсырма.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал