- Учителю
- Қызылша және оның пайдасы ғылыми жоба
Қызылша және оның пайдасы ғылыми жоба
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Қызылшаның дақылдық маңызы
2.2.Асханалық қызылша және оның пайдасы
2.3.Асханалық қызылшаны өсіру жолдарын зерделеу
2.4.Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Ұсыныстар
Ү.Пайдаланған әдебиеттер
Мәселе
-
Қызылшаны тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Мақсаты:
-
Қызылшаның пайдасын, түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрене отырып, зертеу жүргізу.
Міндеттері:
-
Қызылша туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
-
Қызылшаның түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;
-
Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу .
Нысаны:қызылша
Пәні: өсімдіктану
Болжам: егер біз қызылша жайлы оқып білсек, онда қызылшаның көптеген сырларын ашар едік.
Нәтижесі: іздену нәтижесінде қызылшаның денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білеміз.
-
Қандай жеміс-жидекті жақсы көресің? - десе, көп бала алма, алмұрт, қауын, қарбызды атайды. Ал мен қызылшаны ұнатамын.
-
Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Қызылша туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу. Ел экономикасын көтеруге өз үлесімді қосу.
Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім.
Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде асханалық қызылша туралы, негізгі бөлімде қызылшаны өсіру, емдік қасиеттері, асханада пайдалану туралы, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.
1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
2.Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жаңалығы: Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, қызылша өсіру және оны пайдалану.
Зерттеу нәтижесі: Қызылша өсіруді қолға алу, емдік қасиетін пайдалану, асханада қолдану.
Қорытынды: Қызылша өсімдігі адам ағзасына көп пайдалы. Көптеген ауруларға ем болады. Тағам ретінде де көп пайдаланады. Қызылша өсімдігін өсіру көп пайда келтіреді. Туған ауылым Құрылыс жерінде қызылша өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей келе, болашақта ауыл азаматтары қызылша өсірумен айналысса, елімізге көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосар едім.
Кіріспе
Қазақстанда егін шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы. 50-жылдардың ортасынан бастап, ауыл шаруашылығы негізінен тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты дамыған. Соңғы 5-6 жылда 25 млн. -га-дан артық жер игеріліп, жыртылған. Қазіргі кезде егістік ауданы 36 млн.га. Осы игерілген және жыртылған жердің негізгі бөлігі солтүстіктегі қара, қаштан топырақты орманды дала, дала зоналарында, ылғалдығы жеткілікті, суарылмайтын аймақтарда орналасқан. Қазақстанда әртүрлі техникалық дақылдардың тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде шикізат ретінде пайдаланылатын түрлері бар. Ең негізгі техникалық дақылдар- мақта, қант қызылшасы, темекі.
Қызылша (Beta) - алабота тұқымдасына жататын азықтық, көкөністік және қант алынатын бір және екі жылдық дақылдар. Оның 16 түрі бар. Көбіне мал азықтық, асханалық және қант қызылшасы болып бөлінеді. Кәдімгі қызылша және оның бір түрі - жапырақты қызылша басқаларына қарағанда жиі өсірледі. Қызылша ылғал және жарық сүйгіш, суыққа төзімді.
Жер-жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясын бірге ашайық.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, жабайы қызылшалар ежелден бері адамзаттың сенімді серігінің рөлін атқарып келеді екен. Б.з.д. 2000-1000 жылдары қызылшаның жапырақтары көкөніс ретінде және әр түрлі ауруларға шипа болатын дәрі ретінде пайдаланылған.
Қызылша аты аталатын ежелгі құжат ретінде Вавилон патшасы Меродах-Баладананың (б.з.д. 722-711 ж.ж) бақшасында егілетін өсімдіктердің тізімін атауға болады. Көп ғалымдар қызылшаның отаны - Вавилон деген қорытынды жасап жатады. Аталаған жазбада қызылша - жергілікті көкөніс емес, Сириядан әкелінген деп айтылады.
Бертін келе қызылша Азия халықтары мен Жерорта теңіздеріне таралып кетеді. Халық медицинасында дәрі-дәрмек ретінде қызылшаның жапырақтарын ғана емес, тамырларын да пайдаланылғандығы Гиппократ және Аристофан, Феофраст еңбектерінде дәлелденген.
Қызылшаны Апполон құдайына құрбандыққа шалған ежелгі гректер оны өте жоғары бағалаған. Алғашқыда асқа тек қызылша жапырақтарын қолданған, қызылшаның өзі улы көкөніс саналған көрінеді. XIV ғасырда қызылшаны солтүстік Еуропада да өсіре бастады.
Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний,темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6,РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар.
Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2-3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.
Қызылшаның дақылдық маңызы
Асханалық қызылшаның химиялық құрамы (%) 10,02-11,49 қант, 1,27-1,35 азотты қосылыстар, 0,71-1,02 клетчатка, 0,85-1,04 күл, 91,6-83,97 су.
Дақылдың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, қызылша - екі жылдық өсімдік, өмірінің бірінші жылы жапырақ розеткасы және тамырлы жемісі, екінші жылы отырғызылған тамырлы жеміс гүлдеп, тұқым бере бастайды.
Тамырлы жүйесі көптеген тармақтардан қосалқы тамырдан тұрады. Негізгі Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері тамыры топыраққа 270см-ге дейін, ал бүйірлік тармақтары 200см-ге дейін жетеді. Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері байқалады. Өсімдік розеткасының пішіні сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты болады. Оған ауа температурасының өзгеруі қатты әсер етеді. Жоғарғы температура жағдайында ұзын жапырақты розетка, ал төменгі температурада қысқа розетка дамиды. Жапырақтары үшбұрыш немесе сопақтау, жиегі жиі толқын тәрізді, жапырақтың пішіні өсімдіктің жасына және өсіру ерекшелігіне байланысты болады. Ескірген және үлкен жапырақтар сыртында орналасады. Жапырақтың пішіні мен көлемі өсіру ерекшелігіне байланысты. Жапырақтың беті тегіс, толқынды, қатты толқынды болып келеді. Жапырақтарының түсі сорт айырудың негізгі белгісі болып табылады. Ол жасыл, қызыл немесе қанық қызыл аралығында боялады. Жапырақтың түсі өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Жастары ақшылдау, ескірген сайын бояуы қоюланып, өлетін кезінде қоңыр түске боялады. Өсірудің ерекшеліктері өсімдік жапырағының түсіне әсерін тигізеді. Төмен температура және аздаған үсік жапыраққа антоциан пигментациясының күшеюіне алып келеді. Жоғарғы температурада жапырақтың қызаруына ықпал етеді. Топырақтың ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарлауы жапырақтың түсіне, қызыл пигментациялы өң береді. Топырақта қоректік элементтердің азот, фосфор, калий және микроэлеметтердің аздығы жапырақ түсінің өзгеруіне алып келеді. Ал оның жемісі -қорапты. Тұқымдары бүйрек тәрізді пішіндес, қызылдау- қоңыр қабықшамен қапталған.
Қызылша - ұзақ күн өсімдігі. Күн ұзақ болғанда гүлдеу және ұрықтану үрдістері жылдам жүреді. Қазіргі кезде оңтүстіктің қысқа күніне, сотүстіктің ұзақ күніне ыңғайланған қызылшаның жаңа сорттары өңделген. Сондай-ақ Қиыр шығыстың тәуліктік жарықтануын жақсы көтеретін түрлері де бар. Ондай сорттарды Поляр шеңберінде өндіруге болады. Қызылша жарықтанудың қарқындылығына көп сұраныс артатын өсімдік. Күн жарығы өсімдіктің өсіп-өнуіне, егілім түсімділігінің жақсаруына ықпал жасайды. Өсудің бірнеше кезеңінде, яғни түзілудің алдында қызылша. 15-18 температурасында жақсы өседі. Көктемгі таңғы шық өскіндердің зақымдалып, өліміне дейін алып келуі мүмкін.Өсу кезеңінде тұқым қабығының тығыздығына байланысты қызылшаның ылғалдылыққа деген сұранысы өте жоғары болады. Қызылша жақсы өніп шығуы үшін топырақтың ылғалдылығы 60% болуы керек. Өсімдіктің суға деген қажеттілігі уақыт өткен сайын жоғарлап, шілде-тамыз айларында шегіне жетеді. Бұл дақыл өсудің әр кезеңінде қажетті қоректік заттарды әр түрлі сіңіреді. Өмірінің бірінші жылдарында өсімдікке азот қажет, тамырлы жемістердің дамуы кезеңінде калий қажет. Ал фосфор өсімдіктің барлық өсу кезеңінде бірдей мөлшерінде керек.
Гүлдену биологиясы. Қызылшаның гүлденуі тұқымдықты еккеннен кейін 50-60 күннен кейін басталады. Ұзақтығы сыртқы ортаның әсерінен 30-50 күн аралығын құрайды. Ыстық және де құрғақ ауа болғанда гүлдену өзінің шегіне жылдам жетеді. Ең бірінші негізгі осьтегі гүлдер, содан соң бұтағының екінші және кейінгі қатарындағы гүлдер гүлдейді. Гүлдер таңғы 7-8-дерде ашылады.
Жаппай гүлдену тәуліктің бірінші жартысында болса, тәулік соңына қарай біртіндеп баяулап, аяқталады. Гүлдену барысында бал иісі мүңкіп тұратын шәрбәт бөлінеді. Құрт-құмырсқалар қызылша гүліне барып, гүлдің тозаңдануына өз әсерін тигізеді. Қызылша тозаңы 4-7 күн аралығында өз тіршілігін сақтайды. Қызылшаның барлық сорттары мен түрлері бір- бірімен шағылысады.
Қызылша ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарды, сабақтарды, тұқымды және тамыр жемістерді зақымдайды. Өсімдіктің өсуі нашарлап, өнім мөлшері мен сапасы төмендейді. Қоздырғыштардың көбі өсімдік қалдықтарында сақталады. Залалданған тамыржеміс қоймаға түскенде, аурудың қоздырғыштары қыс айларында да
9