7


  • Учителю
  • . Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау.

. Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тәрбие басы тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, «Ел болам десең бесігіңді түзе», - деп емірене айтыпты. Жерлесіміз Пайғамбар ақын Мағжан Жұмабаев атамыз, «Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл», - деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын ескерткен. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді?
Осы жөнінде азырақ ой айтсам. Бұл - ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.
Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді.
Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал