- Учителю
- Ы.Алтынсарин. Өнер – білім бар жұрттар (3 - сынып)
Ы.Алтынсарин. Өнер – білім бар жұрттар (3 - сынып)
Бекітемін: ОІМ: А.Е.Кулекеева 2-сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Уақыты:
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Өнер - білім бар жұрттар
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділігі:Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқуға,мазмұнын әңгімелей алуға үйрету,білімнің адам өміріндегі маңызы туралы айту.
ә\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту.
б\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,оқуға білім алуға,көркем кітаптарды көбірек оқуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Әдісі: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті,өмірбаяны,кітаптары.
Күтілетін нәтиже: өлеңнің мазмұнын айта білуі; мәнерлеп оқуы;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889) жылдар аралығында өмір сүрген. Ыбырай (шын
аты - Ибраhим ) - Алтынсарин көрнекті ағартушы - педагог, жазушы. Қостанай облысында дүниеге келді.
Балаларғаарнап «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық құрастырды. Торғай өңірінде алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаздық етті. Балаларды оқу - білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер жазды.
-
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
-
Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау.
а\ Өлеңде не туралы айтылған?
ә\ Ы.Алтынсарин жастарға қандай өсиет айтқан? Өлеңнен тауып оқы.
б\ Өнер мен білімнің арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?
в\ Қазіргі заманның қандай жетістіктерін білесің?
- Өлеңді шумаққа бөліп оқу.
- Іштей оқыту.
- Білім туралы білетін мақал - мәтелден жарыс жүргізу.
ІІІ. Сұрақтар:
-
Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан ұстаз кім? (Ыбырай)
2. Ы.Алтынсаринның қандай шығармаларын білесіңдер? (Әке мен бала, Таза бұлақ, Бір уыс мақта т.б.)
3. Кел,балалар,оқылық өлеңін кім жатқа айтып береді?
4.Өлеңде ақын неге балаларды оқуға шақырады?
ІV.Сабақты бекіту.
1. Өнер,білімнің адам үшін маңызы қандай?
2. Білімді біз қайдан аламыз?
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау.
VI. Бағалау.