7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему 'Тұсбағар'

Конспект урока на тему 'Тұсбағар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Білімділік Оқушыларды компастың құрылысымен таныстыру. Оны қолдана білуге үйрету.Жергілікті белгілерге қарап және компасты пайдаланып, бағытты анықтай білуге жаттықтыру. Оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейту.Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын
предварительный просмотр материала


2 сынып

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Тұсбағар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Оқушыларды компастың құрылысымен таныстыру. Оны қолдана білуге үйрету.Жергілікті белгілерге қарап және компасты пайдаланып, бағытты анықтай білуге жаттықтыру. Оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейту.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Компас - бағытты анықтайтын құрал.

Оның құрылысы.

Компасты пайдалана білу.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Оқушыларды компастың құрылысымен таныстыру.

  2. Оны қолдана білуге үйрету.

  3. Жергілікті белгілерге қарап және компасты пайдаланып, бағытты анықтай білуге жаттықтыру.


Қандай жергілікті белгілерге қарап тұстарды анықтауға болады?

Егер адам ашық теңізге шықса, теңіз жағасы көрінбеген жағдайда оған не көмекке келе алады?

Кейде жергілікті белгілерге қарап тұстарды ажырату мүмкін болмай қалады. Ондай кезде тұстарды анықтайтын арнаулы құрал бар. Ол - тұсбағар.


  • Көкжиектің негізгі төрт тұсы бар: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс


Көрнекі құралмен жұмыс. Компас құрылысымен таныстыру.

Сарамандық жұмыс жүргізу.


Тұсбағарды пайдалану тәртібімен таныстыру.


Кеме штурманы геолог

Тұсбағарды кімдер қолданады?

Ұшақ штурманы саяхатшы


Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

  • Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

  • Компасты көрсетіп тұрып,құрылысын айту, түсіндіру.


Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын ата.

  2. Көкжиек тұстарын қандай жергілікті белгілерге қарап ажыратуға болады?

  3. Жергілікті белгілерді байқа, суретін сал.

  4. Компастың құрылысын сипатта. Оны қолданудың пайдасы жайлы әңгімеле.

  5. Неліктен кемелер компассыз жолға шықпайды?

  6. Үй маңында қай тұста не орналасқанын анықта. Олардың суретін сал.

Есіңде болсын! Алдыңда қағаз тұрса, соның жоғарғы жағы солтүстікті, төменгі жағы оңтүстікті, оң жағы шығысты, сол жағы батысты көрсетеді.



Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал