- Учителю
- Тема 'Сын тұрғысынан ойлауды бағалау'
Тема 'Сын тұрғысынан ойлауды бағалау'
8. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. (МАН 46-бет). Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ілемнің түкпір-тукпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл тәжірибені жүйеге келтірген Джинни, Л. Ситл, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі теорияларын Ж. Пиаже, Л.С.Выготский басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін тыңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау, бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпараттарды ұғыну, бағалау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. (МАН 46-бет). Бұл ойлау ересек немесе жоғары сынып оқушыларына ғана емес , жас балалардың да бұл әдісті дұрыс ұйымдастырып және өз даму деңгейіне түсіп, ойы дұрыс шыңдалса, белгілі жетістіктерге жетері анық. Сын тұрғысынан ойлау 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдасы асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Әр кезеңде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып балалардың пінге құштарлығын ояту мұғалімнің еншісінде.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудің үшінші (базалық) деңгей бағдарламасының бірінші бетпе-бет кездесуінде үйренген жұптық, топтық жұмыс және әдіс -тәсілдердің арқасында өз іс-тәжірибемді 3 «А» сынып оқушыларымен зерттеу жұмысын жүргіздім. Онда мен 3-деңгейдегі оқушыны зерттей жүріп, барлық балалардың еңбектенуін, алға жылжуын байқадым.
Сабағымда балаларға түрлі әдістерді пайдаланып сын тұрғыдан ойлануына тапсырмалар беріп отырдым. Атап айтсам: «Кубизм», «Буриме», «Үш қадам сұхбат», «Венн диаграммасы», «Ыстық орындық», «Веер», «Джиксо» т.б. әр сабақ олар үшін қызықты өткенін мен рефлексияда жазған стикерден байқадым. Әр тапсырмада балаларды формативті бағалап отырдым. Фармативті баға- оқыту үшін бағалау. Сезім, символ арқылы беріледі. ынталандырушы, жетелеуші, қалыптастырушы баға. критерий айқындай арқылы бұл баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Яғни марапаттау мадақтау,түрлі сезім суреттерін бағдаршам түстерін, фишка, жұлдызша арқылы мақтау. Мақтаудыңда өз орны болады. Фармативті баға өздігінен жеткілікті мөлшердегі маңызды құрал, өйткені сәтсіздікті айқындайды.
Сумативті баға оқыды бағалайтын жиынтық баға. Санмен журналға қойылады, мониторинг жүргізеді. Осы екі бағаның ұқсастығы мақсат айқындалады, нәтиже шығарылады. Сумативті бағаны сабақ соңында бағалау парақшасын ескеріп, тапсырмаға жауап бергеніне , үй тапсырмасын айтқанына қарап, 20 баланың 8-ін бағалап отырдым.
Сабақ барысында бағалау парақшасын әр топ басшысына беріп оның жүргізілуін түсіндіріп өттім. Сонымен қатар әр топтың жұмысын басқа топтар бағалауын сұрандым, олар бағдаршам көздерін пайдаланып отырды. Яғни жасыл -өте жақсы, сары -жақсы, қызыл- қанағаттанарлы, бұны постер қорғағанда және үй тапсырмасын айтқанда пайдаландым. Ал сабақ барысындағы кері байланыс мұғалімге оқытудағы кемшіліктерді анықтауға, сабақ тізбесін өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға, уақытты тиімді пайдалануға мумкіндік береді. Қорытындылай келе айтарым, сыни тұрғысынан ойлау сұрақтары оқушыларды терең ойлауға , пікірлерін айта білуге үйретеді. Критериилерді пайдалану алда қойған мақсатымда бар 1. 7 модульді анық көрсету керек. 2. 7 модуль бір-бірімен байланысқан болу керек. 3. 7 модуль элементтері жеткілікті болғаны 4. креативті ойлар "қызықты әңгіме , ерекше ойлар, сурет салулар, қабілеттері нақты болу керек" деп алдағы сабақтарымда үйретсем олар үйренеді емес пе бұл оқушыларым үшін критериилер әлі жаңалық болсын.