7


  • Учителю
  • Отбасының берекесі /дүниетану, 3 сынып/

Отбасының берекесі /дүниетану, 3 сынып/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: Оқушыларға отбасы,адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру.Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Балалар бойындағы жанұядағы өзара жақсы қарым-қытынас пен татулыққа ұмтылуды қалыптастыру,жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру,жүйелі сөйлеуге үйрету,пән
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Отбасының берекесі

Мақсаты: Оқушыларға отбасы,адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру.Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Балалар бойындағы жанұядағы өзара жақсы қарым-қытынас пен татулыққа ұмтылуды қалыптастыру,жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру,жүйелі сөйлеуге үйрету,пәнге қызығушылығын арттыру,шығармашылық әрекетін дамыту.Сыйластыққа,мейірімділікке,татулыққа ,қамқорлыққы тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,топпен жұмыс,шығармашылық жұмыс,түсіндіру

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

(Мұғалім мен балалар хормен)

-Әрбір адам?-Туысым,досым,жұрағат

Әрбір сабақ?-Үйрену,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің?-тірлік,тірек, адамдық

Әрбір сөзің?-Шындық,бірлік, адалдық.

Сабағымызды бастаймыз (3топқа бөліп отырғызу)

І-топ «Ата-Әже» ІІ-топ «Әке-Ана» ІІІ-топ «Бала»

ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Отбасының берекесі

Топтарға тапсырма беріледі

Постер құру

Ітоп «Отан» ІІ топ-Қоғам ІІІ топ «Отбасы»

(әке-шеше,ұл-қыз-отбасы,бірнеше отбасы бірігіп қоғам,қауымдасқан қоғам-Отан құрайды.Қоғам-біздің өмір сүріп отырған ортамыз)


Кіріспе әңгіме

Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын,оны ошақ деп атаған.

Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп,ас ішіп отыратын.Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атаған.Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар.Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

Сызбамен жұмыс (туыстық атауларын жазу) суреттерді ілу

1.Отбасында үлкен қадірлі адам кім?(Ата)

Халқымыз үйдің ең үлкен қариясына «ата»деген ат беріп,төрге отырғызған,атаны отбасынан бастап,түгел ауыл аймағы ақылшы ретінде есептеп,үлкен сый -құрмет көрсеткен.(ата туралы өлең)

2.Отбасында атадан кейін үлкен адам -әже.

Әже- отбасының тыныштығы мен берекесін келтіретін,ұл-қызы мен немерелеріне тәлім-тәрбие беріп,әрдайым сабырлық пен инабаттылық танытатын абзал жан.(әже туралы өлең)

3.Ата мен әжеден кейінгі адам- әке мен ана.

Қазақта «Әке-асқар тау»деген сөз тектен текке айтылмаған, Әке-атаның баласы,үй ішінің басшысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы.

(Әке туралы өлең)

4.Ана- аяулы жан .Ана-сабырлығымен ,кешірімділігімен,сыпайлығымен үй ішіне бірлік пен береке әкеліп, шанырақ бақытын орнататын адам.(ана туралы өлең)

5.Әке мен анадан кейінгі шанырақтың ұл-қыздары.

«Ұлдың ұяты әкеге,қыздың ұяты шешеге»деп қараған халқымыз ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер,,қыз баланы тәрбиелеуді әжелер мен аналар өз қолына алған.

ІІІ.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді түсініп оқу(әр топтан 2-3 оқушы оқиды)

Сұрақ жауап

-Конституцияда отбасы туралы не айтылған?

Ітоп-Қазақ отбасында қандай дәстүрлер сақталған?

ІІ топ- «Үлкендерге көмекші бол» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ топ-«Тілалғыш»сөзінің мағынасын түсіндір.

ІҮ.Сергіту сәті

Ү.Отбасы туралы мақал құрастыру үш топқа (тапсырма106бет),мақал мәтел айтқызу.

І топ.

Әке-асқар тау.

Ана-бауырындағы бұлақ.

Бала-жағасындағы-құрақ.


ІІ топ.

Әке-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

ІІІ топ

Қыз-қулыншақ,

Ұл-қуыршақ.

ҮІ. Отбасы туралы шығарма оқу (әр топтан 2-3оқушы шығарма оқиды)

«Менің отбасым » ойын

Төрге кім отырады?

Екі жаққа кімді отырғызасың?

Есік жаққа кім отырады?

Қонақ келсе қайда отырады?

ҮІІ.Сабақты қорытындылау

Отбасы дегеніміз не?(бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар)

Жарасымды ,берекелі отбасы болу үшін отбасы мүшелері қандай қарым-қатынаста болу керек?


Тату-тәтті тұрады бірін-бірі тыңдайды

Бір-бірін сыйлайды Жарасымды,берекелі отбасы құрметтейді


Бір-біріне көмектеседі бір-бірін ренжітпейді


-Енді бәріміз мына ағашқа назар аударайық.Бұл шежіре ағашы.

Жешіре дегеніміз халықтың шығу тегі,ұрпақтан-ұрпаққа тарауы,ата-баба тарихы деп айтуға болады.

-Қане атап шығайық

Ағаштың тамыры-ата,әже.

Ағаштың діңі-әке мен ана.

Ағаштың бұтақтары-(мен,біз) Сендердің де отбасыларының шежіре ағашы берік те ,мықты болсын деп тілеймін)

Әрбір отбасыға күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,қуаныш,береке,бақыт тілейміз.(мұғалімдерді құттықтыу,ән айту)

ҮІІІ.Үйге тапсырма 106-107бет оқу

Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал