7


Қазақ тілі 2 сынып Мәтін

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мәтін және оның түрлері

Мақсаты

а) Мәтіннің түрлерін қайталау сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.

ә) Сөздік қорларын молайтып, ауызекі, жазба тілінің, логикалық ойлауының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Балалар сабаққа дайынбыз ба?

Дыбыс дегеніміз не?

Буын дегеніміз не?

Мәтін дегеніміз не?

Мәтін неден құралады?

Мәтін дегеніміз не?

Кірпі.

Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті.

Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады.

Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз.

- Мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы).

- Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан).

- Мәтін неше абзацтан тұр? (Үш абзацтан).

Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сейлемдерден тұратындығы айтылады.

1) Жаралы кірпі.

2) Балалардың қамқорлығы.

3) Қолға үйренген кірпі.

- Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық?

- Мәтінге жоспар құрдық.

- Жоспар не үшін керек?

Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі.



Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

140-жаттығу. Әңгімені оқу.

Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады.

Балалар қарайықшы мәтін неше бөліктен тұрады?

3 бөліктен тұрады.

Әр бөлігі қалай жазылған?

Азат жолдан жазылған

Басы

Негізгі бөлім

Соңы

Мәтін не туралы айтылған?

Оған ат қояқшы? Тиін

Мәтін неше бөліктен тұратынын айт

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды созайық

Бір отырып бір тұрып

Орнымызға отырайық



141-жаттығуға қарайық

Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастыр.

«Әнші құм»

142-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге жоспар құр

Жоспар:

1. Екі достың әңгімесі

2. Төбеттің абалап үруі

3. Ақселеудің ерлігі.



Суретпен жұмыс.



Ой толғаныс

1. Мәтін дегеніміз не?

2. Азат жол дегеніміз не?

3. Жоспар қалай құрылады?

4. Мәтін неше бөліктен тұрады?

Жауап іздеу



Үйге тапсырма

Ереже жаттау

143-жаттығу

Суретке қарап, әңгіме құрастыр.



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>





Кері байланыс

Қазақ тілі 2 сынып МәтінҚазақ тілі 2 сынып Мәтін

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал