- Учителю
- Математика пәнінен Қайталау сабағы
Математика пәнінен Қайталау сабағы
Сынып: 3
Пәні: математика.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, өзбеттерімен жұмыстана білуге, шапшаң әрі қатесіз есептей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, денешынықтыру.
Көрнекі - құралдар: АҚТ, слайд, геометриялық материал, қима суреттер, жеке карточкалар.
Сабақ барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамазға отырып, табыс тілеп бәріміз.
Жаңа білім алуға, алға қадам басамыз.
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Біз Білім теңізіне саяхатқа шығамыз.Бүгінгі тақырыбымыз Қайталау болғандықтан, бүгін алған білімдерімізді жүйелеп, пысықтаймыз..
- Саяхатқа немен баратынымызды, жұмбақтың жауабын табу арқылы білесіңдер.
Жазда айдында жүзедi,
Қыста үмiтiн үзедi. ( кеме)
-Міне, біздің кемеміз.. ( 5-слайд ,теңіздің дыбысы естіледі, кеме суреті шығады).
- Саяхатымыз сәтті өту үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
- Тапсырмаларды дұрыс орындау керек;
- Сабаққа бар зейінді салу керек;
- Бірігіп жұмыс істеу қажет;
- Сендердің алдарында біздің саяхат картамыз.
Біз сендермен бүгінгі сабақта:
-
Санап көр аралында;
-
Есептер жағалауында;
-
Сәттілік жағасында;
-
Геометрия мекенінде;
-
Көбейту бұғазы деген жағалауды аралаймыз. (6-слайд)
II. Көркем жазу минуты.
- Алдымен саяхат жасайтын дәптерімізді ашып, саяхат жасайтын күнімізді жазып алайық. (7- слайд).
-Балалар, ең үлкен бір таңбалы сан қандай? (9)
- Осы тоғыз санын қолданып, ең үлкен үш таңбалы санды жазып көріңдер. (999)
- Балалар, осы 999 санын сипаттап беріндерші.
(Бұл сан үштаңбалы, тақ сан, 9 жүздіктен, 9 ондықтан, 9 бірліктен тұрады.Оның көршілері 1000 саны және 998 саны)
III. Ауызша есептеу.
1. "Күннің көзі" дидактикалық ойын. (көбейту кестесіндегі жағдайларды бекіту).
- Бірақ, не көріп тұрмыз? Бұлттар аспанға түсіп, теңіз тулай бастады.Біз осындай ауа- райында саяхатқа шыға алмаймыз. Бұл өте қауіпті. Күннің көзінен бұлттарды кетіруге көмектесейік. (8-слайд).
- Өрнектерді келесі сөздерді қолданып оқыңыз.
-
көбейту;
-
1-көбейткіш, 2-көбейткіш, көбейтіндінің мәні.
-
... есе арттыру;
-
Көбейтіндінің мәні;
-Мәнін табыңдар. Қалған балалар амал дұрыс болса жасыл белгіні көтереді, дұрыс болмаса қызыл белгіні көтереді.
7 * 8 (Мысалы, 7 көбейту 8 тең болады 56)
5 * 4 (бірінші көбейткіш - 5, екінші көбейткіш - 4, көбейтіндінің мәні - 20)
6 * 8 (6-ны 8 есе арттырса 48 саны шығады.)
7 * 3 (7-ні 3 -ке көбейтсек 21 шығады)
9 * 7 (9 -ды 7-ге көбейтсек, 63 шығады.)
- Жарайсындар! Тапсырманы жеңіл орындадындар! Күн жарқырап шықты, теңіз тынышталды. Әрі қарай жүре беруге болады. Біз санап көр аралына келіп жеттік.
2.Қызықты есептер. (10-слайд).
а) Семсер балық 6 жыл, ал дельфин - 26 жыл өмір сүреді. Дельфин семсер балыққа қарағанда қанша жылға ұзақ өмір сүреді? 26 - 6 = 20 (ж.)
Балалар үйге осы семсер балық пен дельфин туралы қосымша мәлімет дайындауға тапсырма берілген болатын. (Тапсырманы дайындаған оқушылар тақтаға шығады, 11-слайд).
Семсер балық - ең үлкен және жылдам балықтың бірі. Оның салмағы 100-200 килограмм, ал денесінің ұзындығы 4-5 метрдге дейін жетеді. Семсер балық сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. Оның тұмсығы семсерге ұқсас, алға шығып тұрады, аты да содан шыққан.
Дельфин - сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жатады. Олардың денелері - жұмыр, ұзындығы - 10 мертдей. Дельфиндер еске аяқтарымен суда өте жеңіл және жылдам жүзеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды.
б) Атланттық бекіре балығының массасы 320 кг, ал шортанның массасы одан 8 есе кем. Шортанның салмағы қанша? 320 : 8 = 40 (кг)
(Қосымша мәлімет дайындаған оқушылар тақтаға шығады, 12 -слайд).
Атланттық бекіренің ұзындығы 3-метрге, ал салмағы 300 килограммға дейін жете алады. Бұл балықтың түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Өйткені саны азайып, сиреп бара жатыр.
Шортан балығының салмағы 47 килограмм, ал ұзындығы 180 сантиметрге дейін жетеді. Шортан - жыртқыш балық. Олардың өмір сүру ұзақтығы 30-35 жылдай. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, басы жалпақ, Аузы үлкен, оның өткір тістері , сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды.
5. Жазуды анықтандар. Сол арқылы ары қарай қайда жүзетінімізді білеміз. (17-слайд).К
700 + 50 -> Ө
20 * 4 -> Т
0 * 28 -> Е
5 * 7 -> У
30 * 3 -> Б
400: 8 -> Й
- Сөзді оқыңыз. КӨБЕЙТУ. Көбейту жағасына бағыт аламыз.
V.Оқулықпен жұмыс.
- Саяхатымызды жалғастырамыз. Біздің кемеміз көбейту жағасына келді.
- Оқулығымыздың 47 бетін ашамыз №.4.... есебіне назар аударамыз.
- Өрнектің мәнін тап: (19-слайд).
(400+60): 2= 400: 2 + 60: 2 = 230
(600+90): 3 =600:3+90:3 =230
20* (60+2) = 60 * 20 + 20*2 = 1240
(5+3) * 40 = 5 * 40 + 3 * 40 =320
(800 + 40) : 4 = 800: 4 + 40 : 4 = 220
(500+50) : 5 = 500: 5 + 50: 5 = 110
-
Бұл көбейтудің қандай қасиеті?
-Келесі тапсырма № 7, 48 бет
18 * 5 = 50 + 40 = 90 90 : 5 = 10+ 8 = 18
28 * 5 = 100 + 40 = 140 140 : 5 = 20 + 8 = 28
38 * 5 = 150 + 40 = 190 190 : 5 = 30 + 8 = 38
VI. Сергіту сәті.
- Судың ағысы кемемізді Өзгерістер жағалауына алып келді. Осында біз біраз демаламыз. (21-слайд).
- Мен мысалдарды слайдта көрсетемін, ал сендер жауабын қимылмен көрсетесіндер
- 12 : 3, неше рет аяқпенен басамыз.
- 20 : 4 неше рет қолмен шапалақтаймыз.
- 21 : 7 неше рет отырып тұрамыз.
- 12 : 6 сонша рет айналамыз.
-Демалдық, қайта жолға шығамыз!
VII. Есептер аралына келіп қалдық.
1. Есепті шығар. Сөз есеп. (24-слайд).
- Есептер жағасына жақындадық.
-Есепті оқыңыз.
Аралда 150 жануар болды. Олардың 45-піл, 65 тотықұс, қалғаны маймылдар. Қанша маймылдар болды?
-Есепте не туралы айтылған?
- Қысқаша жазуға қандай сөздеді аламыз.(Слайд 25)- Есепте не берілген?
- Нені табу керек?
- Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
- Тексеру..
- Дәптерге өздерін шешуін екі тәсілмен жазып аламыз.
Тексеру:
I тәсіл. 150 - (45 + 65)=40 (маймыл.)
II тәсіл. 150 - 45 - 65= 40 (м.)
Жауабы: Аралда 40 маймыл болды.
2. Геометриялық материал.
- Біз Геометрия жағалауына келдік. Бұл жағалауда түрлі геометриялық фигуралар тұрады. Ал қандай фигура туралы айтылғанын жұмбақты шешу арқылы табасыңдар. (27-слайд).
Ол бұрыннан бізге таныс,
Әр бұрышы оның тік,
Барлық 4 қабырғасының
Ұзындықтары бірдей. Қандай фигура? (Шаршы)
Жұппен орындайтын практикалық тапсырма.
- Геометриялық фигуралардан шаршы құрастырамыз. Оның ұзындығын, енін өлшеп, периметрі мен ауданын табыңыз. ( 1-парта ұзындығы 5 см қызыл түсті шаршы құрастырады.2 -парта ұзындығы 6 см болатын көк шаршы құрастырады, 3-парта - ұзындығы жасыл болатын 7 см шаршы құрастырады.
Тексеру.:
- Шаршының периметрін қалай таптыңдар? (Р = а * 4, а - шаршының ұзындығы)
- Шаршының периметрі нешеге тең? Санды көрсетіңіз. (I парта- 20 см, II парта -24 см, III парта - 28 см)
- Шаршының ауданын қалай таптыңдар? (S = a * a)
- Құрастырылған шаршының ауданы нешеге тең ? Санды көрсетіңіз.
(I қатар - 25 см2, II қатар -36 см2, III қатар - 28 см2)
IX.Қорытынды. Рефлексия.
- Біздің саяхатымыз өз мәресіне жетті.Бізге үйге оралу керек. Біздің бірлесіп топпен жақсы жұмыс жасағынымыздың арқасында біз қайтып туған жеріміздеміз. (31- слайд)
- Бүгінгі Білім теңізіне жасаған саяхатымызда жаңа не білдіңдер?
- Сендерге не ұнады?
- Бүгінгі сабақта өздерінді бағалап көрейік.
-
Бүгінгі сабақ сендерге ұнаса, сабақта бәрін түсініп, ұғындық десеңдер,сары балықты көтеріңіздер.
-
Егер сабақта жақсы жұмыс істедім, бірақ одан да жылдам жұмыс істей аламын десендер, көк түсті балықты көтереміз.
-
Егер ешнәрсе түсінген жоқпын, мұғалімнің көмегі керек десендер жасыл түсті балықты көрсетіңдер.
-Жақсы балалар, барлығын түсінген екенсіңдер. Ендеше үй тапрсымасын жазып алайық.
X. Үйге тапсырма:. #5. 48 бет.
Бағалау. Бүгінгі сабағымызға белсенді қатысақан барлық баланы бағалау.
Қостанай облысы, Таран ауданы, Тобыл орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Каскадамова Қарлығаш Шарапиқызы