7


  • Учителю
  • Ана тілі сабақ жоспары Аққу,шортан һәм шаян 4-сынып

Ана тілі сабақ жоспары Аққу,шортан һәм шаян 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Кыстаубаева Багила Жумангелдиевна

Түркістан қаласы

4сынып

Тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян.

(аралас сабақ 45 минут)

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.

(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, мысал жанры туралы түсінік беру; Өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын және ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Сөздегі р-л,ш-с дыбыстарын анық дыбыстауға,сөйлер алдында терең тыныс алу арқылы тұтықпай сөйлеуге машықтандыру. Тәрбиелік : Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастық сияқты әдеттерден үйреніп, жаманнан жирендіруге тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі

І кезең.

а)Сөйлеу алдындағы ережені еске түсіру.

ә)Психологиялық дайындық

«Көпір»



II. Үй тапсырмасын тексеру.

1)Жолтай Әлмашевтың Қауын мен Қарбыз ертегісі бойынша түсінік сұрау. 2. «Дән - Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесің? Ж: 3. Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Ж: 4. Балалар, бұл - жол басы даналыққа,

Келіңдер: түсіп, байқап, қаралық та

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

- Бұл кімнің өлеңі еді? Ж: 5. А. Байтұрсынұлы туралы біз не білеміз?

Ж

Теориясы:«Білу»



Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:

1. Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады .

2. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

3. Мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. 4.Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.

Теориясы: «Түсіну»



Себебін анықта.

1.Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?

Ж:

2. Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?

Ж:

3.Мысал бізді неге шақырады?

Ж:

Теориясы:

«Талдау»





Мысалдағы негізгі ой ашылатын жолды жазу.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Теориясы: «Жинақтау















РАФТ әдісі бойынша ойтолғау жазу ұсынылады.

Р-роль: А.Байтұрсынов

А-аудитория: аққу,шортан,шаян

Ф-формасы: өлең, мысал

Т-тақырып мазмұны: балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру



төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану"

"Кім көп біледі ?" ойыны.Бірлік,достық туралы мақал-мәтел айту.

Практикасы

«Баға беру»

Сен қалай ойлайсың:

Мысалдың өзіңе берген әсері бар ма?

Қандай әсер алдың?

Орындауға арналған тапсырмалар

1. «Бірлік түбі - тірлік» тақырыбына эссе жазу.

2. Мысалды оқу, соңғы шумағын жаттау.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал