7


  • Учителю
  • Сөйлем 2- сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сөйлем 2- сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сөйлем

Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру, сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1-жаттығу.Сөздер мен сөйлемдерді оқы.

Сөздер: кітап, дала, суытты, көркем, жаңбыр, күшті, ағаш, дос, оқыды.

Сөйлемдер: Кітапты күтіп ұста.далада суық жаңбыр жауып тұр.Көк бие құлындады.

  • Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр.

  • Олардың айырмашылығы бар?

  • Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  • Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұр?

2 - жаттығу.Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды.Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты.Қайрат не жазылғанын түсіне алмады.Айжанның не жазғанын оқып көр.

Мендосымныңүйінекеттімбірсағаттанкейінкелемін.

Айжанның жазуын оқу неге қиын болды? Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2.Сөйлем сөздерде құрылады.

3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.

3- жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.

«Сүйікті» пән

Түртіп қалдым Майқанды,

Майқан маған қарайды.

  • Әй, сен осы қай пәнді

Сүйесің?- деп сұрадым.

  • Білгендерге пән- мәннің

Барлығы да тәуір- ау!-

Деді Майқан.- Ал менің

Сүйер «пәнім»- қоңырау!

  • Сен қай пәнді жақсы көресің?

  • Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?

Сөйлемнің соңына нүкте (.) , не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

4-жаттығу.Мәтінді оқы.Ондағы сөйлемдердің жігін тауып көшір.Әр сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? Тиісті жерге нүкте қой.

Көкек.

Көкектің жұмыртқасы ұсақ болады өзі бірден артық жұмыртқа тумайды ұя салмайды балапан баспайды жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді оны торғай басып шығарады.

  • Ауызша тілде бірінші сөйлем екіншісінен қалай ажыратылады?

  • Жазбаша тілде ше?

5- жаттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Аяғын, басады, әрең , құлыншақ.

2.Адамға, пайда, құсатар, келтіреді, көп.

3.Үйлер, көрінді, биік, алыстан.

4.Бар, кітаптар, қызық, кітапханада.

- Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

- Әр сөйлем қандай ойды білдіреді?

Қосымша материал

1. Мен далаға шықтым Аспан айдай аппақ ашық жел жоқ Дала қандай тамаша Гүлдер әсем Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе

Әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.

Бірінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.



2. Өзің білетін бір шумақ өлеңді жаз.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.



3. Төрт сөйлемнен тұратын әңгіме ойлап жаз.



4. Соңғы алма.

Серік бақ аралады. Кеннте ол ағаштың басындағы жалғыз алманы көрді. Бұтаққа шығып, қолын созды. Енді үзгелі жатқанда, бұтақ сынып кетті. Ол кірпінің үстіне құлады. Серік бақырып жылап жіберді.Алма болса, кірпінің үстіне түсті.

Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.

Бірінші сөйлемдегі сөздер байланысын көрсет.

Бағалау.Үйге тапсырма. Он сөйлем құрастырып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал