7


  • Учителю
  • Бөлімді қайталауға арналған тапсырмалар

Бөлімді қайталауға арналған тапсырмалар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тапсырмалар.

</ Әдіскер: Жахметова Б.К.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Өшпес өмір өнегелері» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

б) Психологиялық дайындық:

-Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.

-Жарайсыңдар, балалар!



Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар өткен сабақта біз Сынған аквариум тақырыбының өттік.Қане, үй жұмысын кім айтады?

Оқушылардын түсінгендерін сұрау.

Сұрақтар:

-Күлзағира аквариумды қалай сындырып алады?

-Күлзағираны кім қоғап қалады?

-Шоқай Күлзагираға не деп айтады?

-Береке Елікбай туралы не деп айтады?

-Шоқай апайға не деп айтады?

-Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер.Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.

Қайталау сабағы

Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.

  1. Мына үзінділер қай өлеңдерден алынған? Бұл екі өлеңде қандай ұқсастық бар?

1.Кәсіпкер болсам егер мен, 2. Бөбектерін оқытып, үйрететін

Бар әлемді кезем де: Мұғалима боламын!

Бар пайданы ойламай,

Барымды берем мен елге.

( «Мен таңдайтын мамандық...» )

  1. Берілген мақалдарды аяқта.

  1. Өнерлінің қолы алтын, 2. Қына тасқа бітеді,

Өлеңшінің әні алтын Білімбасқа бітеді.

  1. «Ержан еденге еңкейіп, шашылған» акварельдерді жинастырып жатыр. Еңкейіп, күш түскеннен бе, ұялғаннан ба, беті қып-қызыл ...». Бұл үзінді қай шығармадан алынған?

( «Сурет салғым келмейді» )

  1. Табиғат құбылыстарын адам кейпінде жандандырып суреттеген шығарманы белгіле.

А). Н.Айтов. «Алтын сөз» Б). Қ.Дәрібаев. «Шөже»

Ә). Ж.Аймауытов. «Әнші» В). Т.Айбергенов. «Аппақ қыс»

5. Анықтаманы аяқта. « Портрет дегеніміз көркем шығармада кездесетін адамның ...»

Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін-келбетін,

жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.

6.Мүлкібай атаның портреті берілетін шығарманың аты қалай аталады? («Үлек»)

7.Осы бөлім бойынша өзіңе ұнаған өлеңді (үзіндіні) жатқа айт.

8. «Қарға баласын аппағым деп сүйеді» дегендей апам мені «Күнім» деп, иіскелеп сүйіп жатыр. Қай шығармадан алынған және авторы кім?

9. «Сурет салғым келмейді» шығармасындағы автордың ана туралы айтқанынан есіңде қалғанын жаз.

10.Аппақ қыс» өлеңінің авторы кім?

11.Суық торғайды тауып алған кездегі түрін сипаттап жаз.

12.Бөлім бойынша «Мен не үйрендім» тақырыбына шағын эссе жаз.



Қорынды.

-Бүгінгі сабақта біз не істедік?

-Осы бөлімнен өзіңе қандай әсер алдың?

-Қандай әңгілермен таныстық?

-Қандай өлеңдер өттік?

ҮІ. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.







Мұғалім:

Баға:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал