7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Cабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

1. Етістік туралы берілген білімді қайталау, пысықтау, бекіту.Ойын арқылы оқушылардың білімін тексеру.

2. Ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Әдептілікке татулыққа, жылдам ойлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Сауатты жазуға дағдыландыру.

  2. Көркем жазуға баулу

  3. Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасеттерін дамыту.

  4. Сөздік қорларын молайту

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын,іздену,топпен жұмыс.

Техникалық құрал: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған плакат, кесте, таратпа материалдар, суреттер бейнеленген плакаттар, мақал - мәтелдер, сызбалар,көңіл күйлер бейнеленген дөңгелектер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сынып 2 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық дайындық.

Арайлап бүгін таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Тілеймін сендерге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.

Жайнай түсті даламыз ,

Жарқырайды ауылымыз.

Қуанышты күн бүгін !

- Балалар алдымен біз айналадағы қоршаған ортамен және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп, құрметпен қарсы алайық.





Армысыз қайырымды аспан - ата !

Армысыз мейірімді жер - ана!

Армысыз шұғылалы алтын - күнім !

Армысыздар құрметті қонақтар!

Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.

II Үй тапсырмасын тексеру

Сонымен балалар мен сендерге үйге өткен тақырыптағы ережелерді қайталап, жаттап келуге бергенмін.Қазір біз өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтарға жауап беру арқылы біз сендермен «Білім » ағашына қамқорлық жасаймыз.

- Ал, балалар,ендеше сұрақтарды мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысамыз.

-Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не ?

Жіктік жалғауы адамның кім екенін кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады.

-Зат есім неше жақта жіктеледі?

Зат есім үш жақта жіктеледі.

-Жіктік жалғаулы зат есімде қандай сөйлем мүшесі болады?

Баяндауыш.

3.Жаңа сабақ: Қазір біз бүгін өтетін тақырып бойынша сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақтағы жасырын сөзді табу арқылы біз «Білім» ағашының жемісін көреміз.

1.Сөзжұмбақ шешу «Етістік»

а/жіптің серігі

ә/ жаңғақпен қоректенетін аң

б/түнде азығын аулайтын құс

в/Қазақстанның елордасы

г/қу аң

ғ/ кішкентай бауырың

д/қыстан кейінгі жыл мезгілі



-Өте жақсы балалар. Енді барлығымыз жасырын сөзді оқиықшы. Етістік. Балалар міне біз «Білім» ағашының жемісін де көрдік. Сонымен балалар бүгін біз «Етістікті» қайталаймыз.







- Балалар енді біз «Білім» ағашының сиқырлы алмаларын терейік. Ол үшін сендер берілген сызбаны толықтыруларың керек.

2.Сызбамен жұмыс

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік





Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік







Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып қалайық.

- Өте жақсы, балалар. Енді қазір барлығымыз оқулықтың 111-бетіндегі 1- жаттығуға қарайықшы.Бұл жаттығуды қазір біз жазбаша орындаймыз. Өлеңді көшіріп жазып, сұрақ қою арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді табамыз.

Кім не істеді?

Атам мал бақты,

Апам от жақты,

Ағам отын үйді,

Жеңгем тары түйді,

Әкем жүк түсірді.

Анам ас пісірді,

Әпкем суға кетті,

Қанша адам еңбек етті?

3.Келесі тапсырманы орындау барысында біз кестеден етістіктерді табамыз.









4.Ой ширату

2 топқа орын ауыстырылған мақалдар беріледі.Оқушылар мақалды құрастырып жазып, етістікті табады.

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

Дәптермен жұмыс.

- Балалар енді барлықтарың дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар.

Көркем жазу.( кітап, дәптерлер)

2-жаттығуды жазбаша орындаймыз. Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Болымды, болымсыз етістіктерді ата.

Үй қояны

Күтімі жақсы үй қояндары суықтан ... . Олар көктемде ... . Ана қояндар көжектерін жақсы ...

Олар көжектерін бауырына басып ... . Әрбір ана қоянның қасында алтыдан артық көжек ...

Керекті сөздер: көжектейді, жылытады, қорықпайды, болмайды, күтеді.

5. Келесі жаттығуды орындамай тұрып, «Санжұмбақ» ойынында өзіміздің математика пәнінен де білімізді тексерейік. Берілген кесте бойынша сандарды рет - ретімен орналастырып, жасырынып тұрған мақалды табуымыз керек.

Мектеп - білім бесігі.

3-жаттығу. Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.

Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік



















Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен ЕтістікСабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік

6. Өлеңді құрау.Екі топқа етістіктері түсіп қалған, өлең беріледі.

1 - топқа:

Үлкендерді .................

Үйдің ішін ..................

Қойды өріске ............

Атты жемге ...........

2 - топқа:

Шөпті тағы .................

Қозыны да ....................

................ соң қолдан іс,

Атандым ғой Қолғабыс.



Бұл шумақтың авторы кім? Өлең қалай аталады? (Екі шумақтың да авторы -

Д. Қанатбаев.Қолғабыс.)

Үлкендерді сыйлаймын,

Үйдің ішін жинаймын.

Қойды өріске айдаймын,

Атты жемге байлаймын.

Шөпті тағы шабамын,

Қозыны да бағамын.

Келгеннен соң қолдан іс,

Атандым ғой Қолғабыс.

4- жаттығу. Негізгі етістік болуы үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр.

Ша...па, шы..шы, та...та, а...а, о...ы,то..та,шо...ы.

Қорытынды: Инсерт әдісімен бекіту.Нені білдім?



Білгім келеді?











Үйге тапсырма: 5-жаттығу 112 бет.

Оқушыларды бағалау.

  • Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

Сабақтан алған әсерлерің қандай болды? Смайлик арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар сабақ ұнаса білім ағашына қызыл алманы жабыстырыңдар,ал егер ұнамаса көк алманы жабыстырыңдар

Әр топтың ұпайын санау. Жеңімпаз топты белгілеу. Топ басшылары бағалау парағын тапсырады. Сол бойынша қорытынды баға қойылады.



























































































Степногор ауылының орта мектебі

























Ашық сабақ









Сабақ жоспары қазақ тілі пәнінен Етістік









Өткізген: Тансыкбаева А.К

























2014 - 2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал