7


  • Учителю
  • Тест тапсырмалары 2 сыныпқа арналған

Тест тапсырмалары 2 сыныпқа арналған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

І нұсқа

1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?

А) 25 В) 35 С) 42 Д) 40



2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:

А) с, м, р, о, ш, е, т, ю В) я, ю, ә, н ы, г, р, ж С) і, ф, ч, м, и, б, ю, ұ Д) ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө



3. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:

А) Қуат В) туған С) уақыт Д) жу



4. Дұрыс жазылған сөзді тап:

А) тайақ В) кіиім С) аяз Д) қәзір



5. Ұяң дауыссыздарды тап:

А) к, қ, с, т, ш, щ, ц В) л, м, н, ң, р, й, б С) б, в, г, ғ, д, ж, з Д) ч, в, к, й, ф, м, р



6. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап:

А) лайық В) мереке С) тарту Д) балық



7. Мәтіннің түрін анықта:

Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын.

А) Сипаттау В) пайымдау С) әңгімелеу Д) ешқайсысы емес



8. Сұраулы сөйлемді тап:

А) Олар тату тұра ма В) Әжем келді. С) Су ақты Д) Сабақтан кешікпе



9. Лепті сөйлем қалай айтылады?

А) Жай дауыспен В) Көтеріңкі дауыспен С) Жауап алу мақсатымен Д) Бірыңғай дауыспен



10. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап:

А) бес В) алтау С) екінші Д) қырық



11. Дыбыссыз әріптерді тап:

А) һ, т В) ю, я С) ь, ъ Д) қ, й



12. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:

А) балалық В) теңіз С) жайлау Д) жүгіру



13. Мәндес сөздерді тап:

А) Қария, шал В) үйге кел С) жап - жақсы Д) ақ - қара



14. Түбір сөзді тап:

А) Домбыра В) сазсырнай С) сызғыш Д) аққала



15. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:

А) Жұмыста В) жұмысқа С) жұмысшы Д) жұмыспен



16. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

А) Жұрнақ В) жалғау С) түбір Д) қосымша



17. Қосымшаның неше түрі бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5



18. Зат есімнің сұрағын тап:

А) Қанша? неше? В) қандай? қай? С) кім? не? Д) қайтті? не істеді?



19. Қате жазылған сөзді тап:

А) фудбол В) баскетбол С) теннис Д) хоккей



20. Сұлу сөзіне мәндес сөздерді тап:

А) Ибалы, сыпайы В) ару, көркем С) қатігез, долы Д) айдай, аппақ



21. Мәтінде неше сөйлем бар?

Көктем келді. Күн жылынды. Жаңбыр жауды. Жер беті көгерді.

А) 5 Ә) 9 Б) 4

22.«Аққала» сөзінде неше дыбыс бар?

А) 3 Ә) 5 Б) 6

23.Мына сөздің дұрыс жазылуын тап.

а) жұлдүз ә) жұлдыз б) жұлдұз

24.Сөйлем неден құралады?

а) Сөзден ә) әріптен б) дыбыстан

25.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

а) о - қу - шы ә) оқ - у - шы б) оқу - шы

Жауаптары:

1) С 2) Д 3) С 4) С 5) С

6) С 7) С 8) А 9) В 10) С

11) С 12) Д 13) А 14) А 15) С

16) В 17) А 18) С 19) А 20) В

2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

ІІ нұсқа

1.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?

а) бөлек ә) бірге б) жұптасып

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:

А) с, м, р, о, ш, е, т, ю В) я, ю, ә, н ы, г, р, ж В) ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө Д) і, ф, ч, м, и, б, ю, ұ



3. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:

А) Қуат В)уақыт С) жу Д) туған



4. Дұрыс жазылған сөзді тап:

А) таяқ В) кіиім С) айаз Д) қәзір



5. Ұяң дауыссыздарды тап:

А) к, қ, с, т, ш, щ, ц В)б, в, г, ғ, д, ж, з С) л, м, н, ң, р, й, б Д) ч, в, к, й, ф, м, р



6. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап:

А) қаһарман В) мереке С) гүл Д) балық



7. Мәтіннің түрін анықта:

Менің Құтжол деген күшігім бар. Ол сондай сүйкімді. Екі құлағы салбырап, аузы аңқиып тұрады. Монында аппақ жолақ бар.

А) Сипаттау В) пайымдау С) әңгімелеу Д) ешқайсысы емес



8. Хабарлы сөйлемді тап:

А) Олар тату тұра ма В) Әжем келді. С) Су ақты ма Д) Сабақтан кешікпе



9. Сұраулы сөйлем қалай айтылады?

А) Жай дауыспен В) Көтеріңкі дауыспен С) Жауап алу мақсатымен Д) Бірыңғай дауыспен



10. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап:

А) бесінші В) алтау С) екі Д) қырық



11. Дыбыссыз әріптерді тап:

А) һ, т В) ю, я С) қ, й Д) ь, ъ



12. Заттың санын білдіретін сөзді тап:

А) балалық В)екі балық С) жайлау Д) жүгіру



13. Мәндес сөздерді тап:

А) ата, ұшқыш В) үйге кел С) батыр, батыл Д) ақ - қара



14. Түбір сөзді тап:

А) Домбыра В) сазсырнай С) сызғыш Д) аққала



15. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:

А) күйді В) күйлер С) көңілді күй Д) күйші



16. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

А) Жұрнақ В) жалғау С) түбір Д) қосымша



17. Қосымшаның неше түрі бар?

А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5



18. Сын есімнің сұрағын тап:

А) Қанша? неше? В) қандай? қай? С) кім? не? Д) қайтті? не істеді?



19. Қате жазылған сөзді тап:

А) футбол В) баскетвол С) теннис Д) хоккей



20. Сұлу сөзіне мәндес сөздерді тап:

А) ару, көркем В) Ибалы, сыпайы С) қатігез, долы Д) айдай, аппақ



21.Мәтінде неше сөйлем бар?

Қоңырау соғылды. Сабақ басталды. Мұғалім сыныпқа келді.

а) 5 ә) 3 б) 4

22.«Қарлығаш» сөзінде неше дыбыс бар?

а) 3 ә) 5 б) 6

23.Мына сөздің дұрыс жазылуын тап.

а) құндүз ә) құндыз б) құндұз

24.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

а) 36 әріп ә) 40 әріп б) 42 әріп

25.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

а) о - қу - лық ә) оқ - у - лық б) оқу -лық











2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

ІІІ нұсқа

1.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?

а) бөлек ә) бірге б) жұптасып



2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:

А) ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө В) я, ю, ә, н ы, г, р, ж С) і, ф, ч, м, и, б, ю, ұ Д) с, м, р, о, ш, е, т, ю



3. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:

А) Қуат В) туған С) жусан Д) Уылдырық



4. Дұрыс жазылған сөзді тап:

А) тайақ В) киім С) айаз Д) қәзір



5. Ұяң дауыссыздарды тап:

А) б, в, г, ғ, д, ж, з В) л, м, н, ң, р, й, б С) к, қ, с, т, ш, щ, ц Д) ч, в, к, й, ф, м, р



6. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап:

А) лайық В) қасық С) доп Д) балық



7. Мәтіннің түрін анықта:

Айдос үшінші сыныпта оқиды. Сабаққа тыңғылықты дайындалады, тәртіпті, тілалғыш. Сондықтан барлық сабақтан үнемі «бестік» баға алады..

А) Сипаттау В) пайымдау С) әңгімелеу Д) ешқайсысы емес



8. Лепті сөйлемді тап:

А) Олар тату тұра ма В) Алақай, Әжем келді. С) Су ақты Д) Сабақтан кешікпе



9. Лепті сөйлем қалай айтылады?

А) Жай дауыспен В) Көтеріңкі дауыспен С) Жауап алу мақсатымен Д) Бірыңғай дауыспен



10. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап:

А) бес В) алтыншы С) екі Д) қырық



11. Дыбыссыз әріптерді тап:

А) һ, т В) ь, ъ С) ю, я Д) қ, й



12. Заттың сынын білдіретін сөзді тап:

А) балалық В) теңіз С) қызыл Д) жүгіру



13. Мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап:

А) Қария, шал В) үйге кел С) жап - жақсы Д) ақ - қара



14. Түбір сөзді тап:

А) Қобыз В) сазсырнай С) сызғыш Д) аққала



15. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:

А) Мұнайшы В) мұнайлы С) мұнаймен Д) мұнайды



16. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

А) Жұрнақ В) жалғау С) түбір Д) қосымша



17. Қосымшаның неше түрі бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5



18. Етістіктің сұрағын тап:

А) Қанша? неше? В) қандай? қай? С) кім? не? Д) қайтті? не істеді?



19. Қате жазылған сөзді тап:

А) футбол В) баскетбол С) теннис Д) хокей



20.Мағыналары қарама-қарсы сөздер қатарын белгіле.

А) ат, жылқы В) арзан, қымбат С) жол, жолаушы



21.«Терең» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап:

А) тұнық В) шұңқыр С) таяз



22.Қой - үй жануары. Кітапты орнына қой.

Сөйлемдердегі қарамен берілген сөздер - …..

А) дыбысталуы бірдей, мағыналы әртүрлі сөздер;

В) мәндес сөздер;

С) қарама-қарсы мағыналы сөздер.



23.«Қалың» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді көрсет:

А) үлкен Ә) жұқа Б) жылы



24.Мақал-мәтелді толықтыр : Жақсы бала-қуаныш, … бала - өкініш. А) жаман Ә) кішкентай Б) үлкен



25«Әдемі» сөзіне мәндес сөзді көрсет

А) сұлу Ә) ақылды Б)батыр







Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары

1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды, - деген өлең жолы кімнің қай өлеңінен алынған?

А) С. Сейфуллин «Қызыл шұнақ»

Ә) А. Құнанбайұлы «Қыс»



2. Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден өтті»?

А) 1894 - 1937 Ә) 1893 - 1938 Б) 1894 - 1938



3. Қыс көлігі:

А) шана Ә) Арба Б) Велосипед



4. Жаңа жыл мерекесінің негізгі кейіпкерлерін жаз:

А) Тышқан Ә)Аязата Б)Бала



5. Көркем әдебиеттегі суреттелген табиғат көрінісі қалай аталады?

А) Пейзаж Ә) Портрет



6. «Аспан, аспан - арайлым,

Саған жиі қараймын», - деген өлең жолдары қандай өлеңнен алынған?

А) «Мұнайшы» Ә) «Мен ғарышкер боламын» Б) «Омарташы»



7. «Маңғыстауым мұнайлы

Маған сондай ұнайды», - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

А) «Мұнайшы» Ә) «Мен ғарышкер боламын» Б) «Омарташы»



8. Үлкен... боламын,

Боламын десем боламын!

А) Ғалым Ә) Әнші Б) биші



9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі?

А) Орыс тілі Ә) Қазақ тілі Б) Ағылшын тілі



10. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

А) Ақмола Ә) Алматы Б) Астана



11. Теріден жасалған үшбұрышты кішкентай қапшықтан жасалған, ішінде жусаны бар тұмар не деп аталады?

А) Бойтұмар Ә) Алқа Б) Сырға



12. Төрт түлік пірлерін жаз.

Жылқы (құлын) пірі ___________________

Сиыр (торпақ) пірі ____________________

Қой (қозы) пірі _______________________

Ешкі (лақ) пірі ________________________

Түйе (бота) пірі _______________________



13. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қай жылы, қай күні ғарышқа ұшты?

А) 1991 жылы 3 - қазанда Ә) 1991 жылы 2 - қазанда

Б) 1991 жылы 4 - қазанда



14. Қазақтың ғұлама ғалымы?

А) Әлкей Марғұлан

Ә) Мұхтар Шаханов

Б) Нұрғиса Тілендиев



15. Тәуелсіздік күні қай күн?

А) 30 - тамыз

Ә) 25 - қазан

Б) 16 - желтоқсан

В) 22 - наурыз



16. Дәуіт аяғымен шаба тырнап Жыланды құлатып жібереді... бұл қай ертегіден алынған?

А) Ханзаданың достығы Ә)Қарлығаш пен Дәуіт Б)Жұлдыздар



17. «Аппақ бала әңгімесінің авторы кім?»

А) Ә. Табылды. Ә)Ө. Тұрманжанов Б)А. Бақтыгереева



18. Күнде шынығып, таза жүретін Асанды анасы еркелетіп қалай атайды?

А) Аппақ бала

Ә) Аппағым

Б) Еркем



19. Мен - сенің көктемің,

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе

Алғысым көп менің - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

А) «Он алтыншы желтоқсан»

Ә) «Көңілді қыс»

Б) «Еңбектің бәрі мамандық»

В) «Мұғалім»



20. Атқа мінген қолбасшы мәтіні кім туралы?

А)Б. Момышұлы Ә)А. Құнанбаев. Б)Ө. Тұрманжанов



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал