- Учителю
- ҚАзақ тілі 'Тұрлаусыз мүшелер'
ҚАзақ тілі 'Тұрлаусыз мүшелер'
Пәні:Қазақ тілі
Ашық сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»
Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру.
Міндеттері:1.Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қойып үйрену,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді ажырата білу.
2.Оқушылардың ақыл-ойын,шығармашылық қабілеттерін және каллиграфияларын жетілдіру,сөйлеу тілдерін дамыту.
3.Білімділікке,ізденімпаздыққа,сауаттылыққа және өз ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: интертақтада слайдтар,ребус,сызба,ойын.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Армысың, асыл күн,!
Армысың, асыл құрбым!
Міне, менің қолым,
Жылуыма жылу қос.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3-қатардан бір оқушыдан сұралады.
65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Өткен сабақты пысықтау
-Балалар, қане,өткен сабақты пысықтап жіберейік.(өткен сабақтар бойынша жеке-жеке тілшелер көрсетіліп отырылады,оқушылар ережелерін айтып отырады.)
«Қызығушылығын ояту.»
Мысалы: «Бастауыш», «Баяндауыш», «Сөйлем мүшелері.», «Бастауыш -»
-Бастауыш пен баяндауыш қандай мүшелер?
-Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдер айтайық.
Жаңа тақырып:
-Балалар ребус шешіп жіберсек қалай болады,қане шешуін кім тез табады?
Ребус: Т , , ,,,
,,, , р.
Ребустың шешуі: «Тұрлаусыз мүшелер.»
-Олай болса,біздің тақырыбымыз «Тұрлаусыз мүшелер.» Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.
Түсіндіру: Сызба бойынша Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш .......... Баяндауыш
Тұрлаусыз мүшелер
-Бастауышты кімге теңедік?
-Анамызға
-Иә,өйткені анамызсыз отбасы құрылмайтыны сияқты,бастауышсыз сөйлем болмайды.
-Баяндауышты кімге теңедік?
--Әкемізге.
-Әке сендер үшін кім? -Әкеміз отбасы қорғаны.
-Толық отбасы болу үшін кімдер жетіспей тұр?
-Балалар.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар ата-ана өмірінің мәні,сәні.
-Олай,болса,тұрлаусыз мүшелерді біз «балаларға»теңейтін боламыз.Өйткені,балаларсыз отбасының сәні жоқ болса,ал,тұрлаусыз мүшелерсіз сөйлем толық анықтама бере алмайды.
-Ал,осы ата-аналарың жұмыстан келген соң,сендерге түрлі сұрақтар қоя бере ме?
-Қане,естеріңе түсіріңдерші қандай сұрақтар қояды?
-Дұрыс,олай болса,тұрлаусыз мүшелерге де көп және түрлі сұрақтар қойылады екен,қане,оқулығымызды ашып,ережесін оқып жіберейік.(1-2 бала оқиды.)
Оқулықпен жұмыс.
Ереже:
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашып ,әдемілеп жазамыз.
Көркем жазу минуты:
Оо он,тон.
66 - жаттығу "Ой қозғау"
Ауызша орындалады.
Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.
67 - жаттығу "Ой шақыру"
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,баяндауышқа қатысты ма?
Сергіту сәті.
«Өз бетімен жұмыс»
68 - жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жазамыз.Бастауыштың астын-бір,баяндауыштың астын -екі,тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызамыз.
«Шығармашылық жұмыс»
69-жаттығу Ауызша орындау.
1 - топ: Тұрлаусыз мүше болатындай сөйлем құрау.
Гүл далада өседі. Көбелек гүлге қонды.
2 - топ: Гүлге өлең құрастыру.
3 - топ: Көбелекке,гүлге жаңылтпаш құрау
Көбелек гүлді іздеді,
Гүл көбелекті іздеді.
Көбелек гүлге керек,
Гүлге көбелек керек.
70-жаттығу «Кім тапқыр?» ойыны
Мәтінді оқып,алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазамыз.
Сөйлемдерден тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді тауып,тиісті інге кіргіземіз.
Қорытынды:
Семантикалық карта толтыру.
Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------------- Тұрлаусыз мүшелер
әнші
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
Венн диаграммасы:
Тұрлаулы мүшелер: Тұрлаусыз мүшелер:
Үйге тапсырма беру: 79 бет 71-жаттығу
Қандыағаш қалалық №1 орта мектеп
Ашық сабақтың тақырыбы:
Тұрлаусыз мүшелер.
Пәні: қазақ тілі
Класс: 3« Б»
Класс жетекшісі: Алиманова Г.Е.
2014-2015 оқу жылы