7


  • Учителю
  • Урок на казахскому языке на тему 'Ана'

Урок на казахскому языке на тему 'Ана'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев. «Ана»


Сабақтың мақсаты: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Мәтіндегі

жазушы сөздерін жаттап алуға және ана туралы шығармаларында қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу және ой қорыту машығын арттыру. Аналарды құрметтеуге,

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынастыққа үйрету. Тақырыпты толық меңгеру.

Міндеттері: Алған білімдерін практикада көрсете білу. Сөйлеу мәдениетін төселдіру.

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, жазушының суреті, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалардың назарын сабаққа аудара отырып, сабақты бастау.

I I. Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді? /Апамның астауы/

Тақтада 4 ұяшық берілген. Бұл ұяшықтарда үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар берілген. Оқушылар сіздер осы ұяшықтың біреуін таңдайсыз және сол ұяшықта берілген сұраққа жауап бересіз.

  1. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

  2. Автор кімді еске алады?

  3. Апасының өнері қандай?

  4. Апасын аңсаған сезімі қалай берілген?

  5. Апасына деген сағынышын қалай білдіреді?

  6. Мінездеу дегеніміз не?

1-2 балаға «Ана» туралы жазып келген шығармаларын оқыту.

Сонымен балалар үйге берілген тапсырма бойынша өз аналарың туралы жылы лебіз, жақсы ой жазып келіпсіңдер. Бүгін балалар ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз.


  1. Жаңа сабақ.


  • Балалар дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

  • Әрине жоқ.

  • Дүниеде анасыз адам болмайды. Мына отырған сендер де, мен де, осы бәріміз анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниеге келген жас нәресте ең алғашқы сөзін анасынан үйренеді, ең алғашқы әнді анасынан естиді.

  • Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланады. «Құрметтейік те, қадірлейік те Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы -өмір сыйлайды ғой» - деп жазушы Ғабит Мүсірепов тебіренеді.

  • «Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың - ақ сүті,күннің нұры, сәбидің күлкісі » дейді орыс жазушысы М. Горький. Қазақ халқының жазушысы Ғабит Мүсірепов орыс жазушысы М.Горькийдің шығармаларын қазақшаға аудара отырып,

  • «Ананың анасы», «Ер ана» шығармалары арқылы ана бейнесін шебер шыңдай білген.

  • Балалар тақтадағы сөзжұмбақтың шешуін табайықшы.

  1. Ғарышты зерттейтін ғылым. /галактика/

  2. Маңғыстаудың қара алтыны. / мұнай/

  3. Төртінші септік қалай аталады? /табыс септігі/.

  • Балалар аналар туралы көптеген өлеңдер, аңыздар, шығармалар жазылған. Сондай шығармалардың бірі Баубек Бұлқышевтың «Ана» деген шығармасы.


Автор туралы түсінік.

1.Мәтінді толық оқу.

2. Мазмұнын түсіндіру.

3. Оқушыларға іштей оқыту.

Мәтінге сұрақтар қою:

1. Мәтін не туралы?

2. Теңізге нені теңейді?

3. Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді?

4. Сенің ең жақсы досың, ұстазың деп кімді айтып тұр?

5. Дүниеде не қымбат?

6. Ананың махаббаты қандай?


IV. Сергіту сәті. / Ана туралы ән/


  1. Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

  2. Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.

  • Балалар шығармада қандай теңеу бар?

  • Неге теңізге теңейді?

  • Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінеміз?

  • Бұл тіркестерге қандай сөздер сәйкес келеді?

  1. Дәптермен жұмыс.


Тіркестес сөздерді дәптерге жаздыру.


IV. Сөз тіркестеріне түсінік беру.


  1. Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып арасындағы ұқсастықты табу.

  • Балалар Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» және Баубек Бұлқышевтың шығармаларында қандай ұқсастық бар?

  • Негізгі тақырып кім туралы? Негізгі ой не тақырыпта?

VIII. Суреттермен жұмыс.

  • балалар ана дүниеде жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана-жұмысшы, ана-дәрігер, ана-ақын, ана-батыр, ана-әнші, ана- жазушы, ана-депутат, ана-мұғалім,ана-ғалым.ел басқарушы болып әр салада қызмет етуде.

IX. Ойын «Кім аналарына әдемі сөздер айтады?»

X. Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар беру.

1 топ - мақал, 2 топ- нақыл сөздер. 3 топ - ана туралы жатқа өлең айту.

Ойын. «Тапқыр болсаң» Әр қатарға әріп таңдату қойылған сұрақтың жауабын сол әріптен басталатын жауап алу.

1. Менің анам қандай?

2. Ана балаға несімен қымбат?

3. Ананың ақ сүтін өтеу үшін не істер едің?

4. Ана неден қымбат?

5. Анаңның қандай болғанын қалайсың?

Туған жері -түп қазығы, айбыны,

Туған тілі -сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр - салт санасы, тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі - деп ақын. М.Шаханов жырлағандай, адамда өз анасынан басқа төрт анасы болады.

  • Сондықтан, әр адам өз анасындай туған жерін,туған тілін, салт-дәстүрін, туған тарихын қастерлеп, аялай білу керек.

XI. Сабақты қорыту.

Сабақты оқушыларға сұрақ қою арқылы қорыту.

  1. Балалар бүгін қандай шығармамен таныстық? Авторы кім?

  2. Болашақта аналар қандай болғанын қалар едің?

  3. Ананың өмірін жеңілдету үшін не істер едің?

  4. Үйде неше бала болғанын жақсы көресің?

  • Қазір орындарыңнан тұруларыңды сұраймын. Ана-ұлы, ана-қымбат, ана-құдіретті жан. Олай болса, барлығымыз ананың құдіретіне басымызды иейік!

    1. Оқушыларды бағалау.

    2. Үйге тапсырма. Мәтінді жатқа айту. Ана туралы шығарма жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал