7


  • Учителю
  • Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары: Графикалық натюрморт (4 класс)

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары: Графикалық натюрморт (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән мұғалімі: Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы

Пәні

Бейнелеу өнері

Класс 4

Мерзімі 19.10.2016 ж

Тақырып

Графикалық натюрморт

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға графикалық натюрморт туралы мағлұмат беру. Графикалық натюрморт жасаудың жолдарын үйрету, сурет түрлерімен танысу. Графикалық натюрмортты қағаз бетіне түсіру. Өзінің де, өзгенің де пікірлеріне сыни тұрғыдан қарай отырып, ойлауын дамыту және тұжырымды ой айтуға, топпен жұмыс жасауға үйрету; Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп беру арқылы топтық жұмысқа дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже

Графикалық натюрморт туралы мағлұмат алады. Графикалық натюрморт жасаудың жолдарын үйренеді, сурет түрлерімен танысады,қағаз бетіне түсіреді. Өз бетінше жұмыс жасай алады.Өзгенің пікірін құрметтеуге және қорытынды ой айтуға үйренеді; Ғаламторды пайдаланып, мәлімет жинақтауға үйренеді;

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Қызығушылын ояту

-Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық тренинг жаттығу өткізу. "Шырылдады қоңырау"

"Ой қозғау"

-Балалар,сендер бейнелеу өнері пәнін жақсы көресіңдер ме? Сурет салғанды ұнатасыңдар ма?

-Өнердің ең құнды түрінің бірі - бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемдік ойлау қабілетін дамытып , қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер.

- Бейнелеу өнері дегеніміз не?

- Айналамызға өмір көріністерін жазықтыққа, әрі кеңістікке бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Орыс тілінде суретші өз шығармасын қарындаш, көмір не тушьпен салса "рисует" -"сурет салады "дейді де, ал бояуларды пайдаланып салса, "пишет" - "жазады" дейді.

-Сөздер арқылы топқа бөледі.

-«Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Анамның жүзінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім»,- деп Әбілхан Қастеев айтқандай, бүгінгі бейнелеу өнері сабағына мақсат қойдық. Мақсатымыз: натюрморт салуды, түстермен жұмыс жасауды үйрену.

-Жағымды атмосфера қалыптастырады.



-Ынтымақтастық қатынас қалыптастырады



- Ата, өнері,балаға,мұра сөздері арқылы топқа бөлінеді.

-"От шашуды" орындайды;







Слайд /суреттер/









-Әр топтың қай мүшесі жауап беретіндігі белгісі ауысып тұрады.



-Бағалау смайликтермен жүзеге асырылады.



-Топ басшысы бағалап отырады

Мағынаны тану

Жаңа сабаққа көшу барысында жұмбақтар шешеміз.

Су ішкенде табылар.

Қанып қалар шөліңіз

Ас ішкенде табылар,

Ол не екенін, табыңыз? (Ыдыс - аяқ)

Төбесінен қарасаң,

Түбі құдық тәрізді.

Жан - жағынан қарасаң,

Сұлу бейне секілді. (Құмыра)

Ас келгенде алдыңа,

Ыдыс - аяқ жоғалар

Шай ішкенде алдыңа,

Қандай ыдыс қолданар? (Кесе)

-Балалар, сендер барлықтарың бүгін график- суретшісіңдер. График - суретші болу үшін график қарындашымен натюрморт салып үйренуіміз керек.

«Натюрморттар» әлемінде

Алдымыздағы бірнеше натюрморттарға қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша натюрморттардың бірін саламыз .

Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе алуан тағамдар бейнелейтін картиналар жатады.Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIIІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды.Осы кезде натюрморт салудың тамаша шебері шықты. Ол Ван де Вальде, Винсент-Ван Гог, француздың ұлы суретшілері-Поль Сезанн және А.Матисс еді. Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындыларымен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.

Қазір көптеген суретшілер осы қылқалам шеберлерінің жолын қуып, істерін алға қарай жалғастыруда.Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрлымының өзегі болатын-композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.

Енді кезеңдер арқылы берілген графикалық натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық.

Заттың бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз-бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.

Зат бейнелерінің құрлымын табу. Натюрморттағы заттардың бір-бірінің ара қатынасын пропорциясын тексеріп өлшеп, олардың әрқайсысын сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара-қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

Пішінін сомдау. Штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара-қатынастарын шешіп табиғи формасын бейнелеуге көшеміз. Заттардың пішінін сомдауда штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық көлеңке денеден құлай түскен көлеңкесінің айырмашылығын реттейміз.

Штрихтауды көлеңкеден жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы, бірақ мұны (әдісті) өзгермейтін заңдылық деуге болмайды, сондықтан керісінше-жарықтан көлеңкеге де жүргізуге болады. Ол ыңғайға қарай.

Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып, жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап, натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан артық сызық штрихтарды өшіріп, суретті аяқтаймыз.

Натюрморттың екі түрі бар: 1. Кескіндемелік. 2. Графикалық. (Графикалық кескіндемелікнатюрморттарды тақтадан көрсету).

Балалар, сендерге «графикалық натюрморт ертегісін» айтып берейін. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болған. Леонардо да Винчи ыдысқа толы жүзімді бейнелеп, кептіру үшін терезе алдына қойып қояды. Біраз уақыт өткенде қараса, суреттің тірі затқа ұқсайтындығы соншалық, құстар жүзімді шоқи бастайды екен. Міне, осы кезден бастап натюрморт пайда болып, жан-жаққа тарай бастайды.

Біз, бүгін сәнді натюрморттарды салуды үйренеміз. Сәндік натюрморттардағы басты нәрсе - ол түстердің үйлесімділігі.

Графикалық натюрморт дегеніміз - ақ қағазға қара қарындашпен салынған жансыз заттар жиынтығы. Натюрморт қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі үш заттан құралса, ал төрт бес заттар құралса күрделі натюрморт деп аталады.

-Жұмбақтың жауабын, суретті топта талдап, тұжырымды ой айтады

-көреді-ой түйеді-тақырып-мақсаты айқындалады

-Әр топ талқылайды, білім деңгейі төмен оқушы пікірін қорғайды, басқа оқушылар толықтырады

-Оқиды, талдайды, өз ойларын ортаға салады

-Басқа топ мүшелеріне түсіндіреді





-Әр топтан бір оқушыдан шығып айтады.





-тізбектеп оқиды.

Мазмұнын айтады.

3 шапалақ

Интерактивті тақта

Слайд



Жұмбақтар жазылған кеспе қағаздар



Слайд





Сызба























Слайд

Сергіту сәті

-марапаттау

-Би қимылдарын жасайды

-3 шапалақ

Видеоклип

Топтық жұмыс

-Слайдта көрсетілген графикалық натюрмортты салғызу.

-Шаршыдан бес сөзді іздеп тап.

Э с г р а ф

н к и з ж и

а т ю р и к

т р о м в а

ь с и п о п

т е р т р о



-3шапалақ

Графика

Натрморт

Портрет

Эскиз

Живопись

Интер. тақта

Суреттер

Слайд

Ой толғаныс

«Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?». Оқушылардың өз білімдерін тексеру үшін стикерлер таратып, ойларын білу.

Үйге тапсырма: графикалы натюрмортты аяқтау.

Өткенді пысықтау.

-Үй тапсырмасын белгілету.

Слайд

Стикер

Бағалау

Түйінді ой шығару: "Ата өнері-балаға мұра"

"Бағдаршам" түстерімен берілген жетондар

Мұғалімнің бағалауы

Түсіну деңгейін көрсетеді.

Жасыл-түсіндім

Сары- қиындықтар кездесті.

Қызыл- түсінбедім

Слайд





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал