- Учителю
- Открытый урок на тему Сын есім 2 класс
Открытый урок на тему Сын есім 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сын есімді ажырата білуге үйрету, олардың түрлерін, ерекшеліктерің ұғындыру.
Дамытушылық: Тіл байлығын, ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік :Оқушылар бойында адамгершілік қасиеттер қалыптастыру. Өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүйелі-әрекеттік нәтиже:Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, ой толғау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі:
Интербелсенді тақта, тірек сызбалар, суреттер.
Cабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біз бүгін ғажайыпстанға саяхатқа шығамыз. /Видео көрсетіледі/.
II. Психологиялық дайындық.
«Мен қандаймын» деп аталады?
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын мінездеме береді.
Мысалы: Мен-Назирамын. Үнемі нұрланып жүремін.
III.Жұмбақ шешеміз.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Оймен, кәне өсейік,
Ойлы жұмбақ шешейік.
Оқысаң, аласың,
Оқымасаң, наласың,
Қатарыңнан қаласың.
Ол не? /Білім/
Олай болса балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге жауапты болайық.
IV.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге заттың сынын білдіретін сөздерге екі сөйлем құрап келуге берген болатынмын.
V.Жаңа сабақ
1.Екі топқа алма мен лимонның суретін беремін. Осыған әр топ алма мен лимонға сипаттама жазады. /Флипчарт құру/
Оқушылар шығып қорғайды. Мұғалім сын есімнің ережесін толықтырады.
сары
тәтті қызыл домалақ қышқыл сопақша
2. Оқулықпен жұмыс:/Дәптерге орындау/
Iтоп:1 жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннен заттың сынын білдіретін сөздерді теріп жазу. Сұрақ қой.
IIтоп: 2 жаттығу. Жаңылпашты оқып, сын есімдердітеріп жазу. Сұрақ қою.
3. Шығармашылық тапсырма: 4 жаттығу. Ана туралы мәтін құрастырып жаз. Ана бейнесін сипаттауда сын есімдерді қолдан.
4.Сергіту сәті
«Табжылмай жауап бер» ойын: Доппен ойналады. Яғни мен сендерге сұрақ қоямын соны сендер сын есімді қолданып жауап бересіңдер?
1.Бүгін ауа райы қандай? /Жылы/
2. Досынның мінезі қандай? /Жақсы/
3. Сенде қандай доп бар? /Қызыл/
4. Гүлбағдат қандай қыз? /Мейірімді/
5. Нұрбектің шашының түсі қандай? /Қара/
5. Терме диктанты. Берілге мақалдан сын есімдерді теріп жаз. /Карточкалар арқылы./
I топ:1.Әдепті бала -арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2. Кекшіл болма,
Көпшіл бол.
II топ: 1. Өнерлі адам өрге озар,
Өнерсіз адам жер соғар.
2. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
6.Тақтамен жұмыс:
Сөздерді тиісті әуе шарына сәйкестендір.
Асық, қызыл, биік, ұшты, жіңішке, телпек, жүгірді.
Осы сөздерді зат есім, етістік, сын есім әуе шарларына ұшырамыз.
7. 5-жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қай сөз табы екенін айт.
Қызыл, қорқақ, қоңыр, қу, маймақ, сұр.
Бұл белгілердің қайсысы неге тән?
Түлкі:......, ........,....... .
Қоян:......., ......... .
Аю: .........., ........ .
8.Дидактикалық ойын: «Адасқан сөздер»
Адасқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
1.Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
2.Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
3.Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
4.Қалаларда, метро, болады, үлкен.
9. Шығармашылық тапсырма:
Оқушылар бір біріне сын есімдерді қатыстырып шағын мінездеме жазады.
10. Сабақты қорытындылау.
Біз қандай сөз табымен таныстық?
Сын есім дегенімз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
Етістік
Сын есім
</ Ашық сабақ
Тақырыбы:
Сын есім
2 сынып
Өткізген:
Алшинбаева Назира Ержігітқызы
Жаңақоныс негізгі мектебі
2015-2016 оқу жылы