- Учителю
- Ашық сабақ жоспары Есеп ертегі сабақ (1 класс)
Ашық сабақ жоспары Есеп ертегі сабақ (1 класс)
Математика - 1 класс
Сабақтың тақырыбы: «Есеп»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың осы күнге дейін алған білімдерін тиянақтап , қайталау .
Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру
Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ , сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Әдіс-тәсіл: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлену.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
1 .Үй тапсырмасын тексеру №4 129 бет
Балалар естисіңдер ме бір дыбыс шығады ? Бұл әнде не тұралы айтылған ?(Ертегілер әні ақырын қосылып тұрады Әйгерім Қалаубаеваның)Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме-деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: - Неге шақырдың? - деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: - Ендеше қатығыңды төгем-дейді.
Мақта қыз: - Мен құйрығыңды кесіп аламын-дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. - Мақта қыз құйрығымды берші-дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!
3.
Сиырдың тапсырмасы: 1т. 5+3, 6-3
2 тапсырма: 1+1<3,8>7
3 тапсырма:3=3,6=3+3
4 тапсырма;Ыдыста 5 алма 3 алмұрт бар.Ыдыста барлығы қанша жеміс бар?
Бұлар қандай тапсырмалар? Есептің несі болады?
Олай болса біз бүгін есеп тақырыбына тапсырмалар орындаймыз?
Ағаштың тапсырмасы
1 тапсырма :
Қызыл лента-10 см Шешуі: 10-5=5
Көк лента-5 см? Қанша қысқа? Жауабы:5 см қысқа
Ә) Болғаны-10 см л Шешуі:10-5=5
Қиып алғаны-5 см Жауабы: 5 см
Қалғаны?
Есептің ұқсастығы: Екеуіде есеп, лента туралы,шешулері ұқсас, жауабында
Есептің айырмашылығы : Берілгеніңде, сұрағында,
Қыздардың тапсырмасы: Мәні 4 ке тен болатын қосындылар жаз.
1+3=4 2+2=4 0+4=4
3+1=4 4+0=4
Дүкеншінің тапсырмасы: №3 6,6, және 0 сандарын пайдаланып теңдіктер құр .
6-6=0 6-0=6 6+0=6 0+6=6
Сергіту кезеңі: Балапандар биі
Тауықтың тапсырмасы: Кел ойнайык! Араларға өз гүлдерін табуға көмектес. 4+2-3 10-7+2 5-5+4 2+5+3
2+3+1 6+1+2 7-4+5 5,3,6,10,8,4
Тышқанның тапсырмасы: Деңгейлік тапсырмалар
1Сандар қатарын ата.
Ауызша есептеу
5+4-1+2-6 =4
10-4+3-2+1=8
3 тапсырма
Геометриялық фигураларды ата ?
4 тапсырма:1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минут піседі?
2 жылқының неше тұяғы бар?
Сабакты бекіту: Бүгін біз сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
Мысыққа қалай көмектестік? Қай тапсырма қиын болды?
Үйге тапсырма №4 130 бет
Бағалау: Кім қанща дөңгелек жинады?
Достық туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.