- Учителю
- Дүниетанудан сабақ жоспары 1-сынып
Дүниетанудан сабақ жоспары 1-сынып
пәні | дүниетану | ||
класы | 1 «Ә» | ||
Сабақтың тақырыбы: | А) Күн және түннің адам, өсімдік және жануарлар тіршілігі үшін маңызы. Ә) Түн тынысы | ||
Сабақтың мақсаты: | 1. Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру . | ||
Оқыту нәтижелері: | күннің адам тіршілігі үшін маңызын біледі, күн мен түнгі тіршілікті салыстырады, ой қорытады | ||
Негізгі дерек көздер: | Оқулық, суреттер, сызба | ||
Әдіс-тәсілдері | Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өзіндік | ||
Қолданылатын модульдер | жас ерекшеліктеріне сай оқыту, АКТ, оқытудағы жаңа тәсілдер | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин | Оқушылармен амандасу Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосферасын орнату: Санау арқылы топтарға бөлу | Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды Жақсы тілектер айту 3 топқа бөлінеді | |
ІІ. Өткенді қайталау Білу 7 мин |
Өткенді пысықтау -Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кім айтады? - Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады? - Тәулік мезгілдерін атаңдар. -Күндіз адам не істейді? -Түнде не істейді?
|
1. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді | |
ІІІ. Жаңа сабақ: Түсіну: 8 мин | -Балалар, мезгіл, уақыт туралы не білеміз? -Қазір тәуліктің қай мезгілі? -Күн қай кезде шығады? Күн қай кезде батады? ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу. Ой қорыту: «Күн жарық, жылы. Түн қараңғы салқын.» | 1. Сабақ мақсатын қояды 2. Жаппай жұмыс: сұрақтарға жауап береді, ой қорытады. | |
Талдау және қолдану: 10 мин |
Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн» тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?
| Жеке жұмыс: Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады, бір -біріне түсіндіреді | |
Сергіту сәті: 1 мин | Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді. Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді | Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды | |
5 мин |
в) Бақылау күнделігімен жұмыс. Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді? Топтар «Күн», «Түн» тақырыбында сурет салады, салған суреттері жөнінде әңгімелейді. | бақылау күнделігімен жұмыс жасайды, топтық тапсырмаларды орындайды, әңгімелеп айтады. | |
Сергіту сәті: 1 мин | Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау | қимыл-қозғалыстарды өлеңмен бірге қайталайды | |
І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау: 6 мин | -Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік? -Нені бейнеледік? -Күн мен түннің ерекшелігі қандай? Тест тапсырламарын орындау | Жаппай жұмыс: сұрақтарға жауап береді. Тест тапсырмаларын орындайды. | |
Бағалау: 2 мин | Смайликтер арқылы бағалау. Ауызша мадақтау | Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды | |
Рефлексия: 1 мин | 1. Бүгінгі сабақтан не үйрендің? 2.Саған не ұнады? 3. Нені білдің? | Ауызша жауап береді | |
Үйге тапс: 1 мин | Үйреніп, біліп келуге тапсырма(2мин) |
|