- Учителю
- Сабақ жоспарлары 1 класс
Сабақ жоспарлары 1 класс
Күні:23.09.2015
Пәні:Сауат ашу
Сыныбы:1 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Н дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;
Сабақтың міндеттері:
1. Н дыбысы және әрпін түсіндіру. Н әрпін дұрыс жазуға үйрету.
2. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.
3. Еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:
Естеріне түсіру, хормен оқыту,жеке -жеке оқыту
Жаңа сабақ.
Түсіндіру.
Суретер көрсету арқылы н дыбысына қатысты сөздерді атау.
Сурет бойынша сөйлем құрату.
Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.
Хормен оқыту.
На,
па,
та ана,апа,ата нан
Жеке-жеке оқыту.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып,сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Көзінің салып қиығын.
Келе жатқан артынан,
Көжегі екен өзінің.
Та, па, на қандай буын?
Өткен әріптерге қатысты сөздерді тақтаға жазғызу.
(Кеспе әріптермен)
Дәптермен жұмыс.
Н әріпінің бас әріпі мен таныстыру, кіші әрпімен таныстыру.
Н- ның бас әрпі.
н- ның кіші әрпі
Ауада жазып үйрену.
Дәптердегі Н дыбысын алдымен бастыра жазу, сосын өз бетінше жазу.
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз
Аздап демді аламыз,
Көркем етіп жазамыз
Н әріпіне берілгенді дәптерлеріне жазу.
Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?
Оқушыларды мадақтап сабақты аяқтау.
Күні:
Сыныбы: 1 «Ә»
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқу материалын қайталау,негізгі тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдете түсу.
Сабақтың міндеттері:
1. Геометриялық фигуралармен таныстыру,бүгінгі күнге дейін не білгенін анықтау.
2. Алған білім дағдысын дамыту.
3. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың мазмұны.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Өткен сабақты еске түсіру: Бөліктерге бөлгенде заттардың көлемінің өзгеру ерекшелігі. Құрастыру.
Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Өткен сабақтардан алған білімін тиянақтау.
1. Қанша? неше? нешеу?
2. Бірдей, әр түрлі.
3.Ұзын- қысқа , биік -аласа, қалың-жұқа.
4. Артық-кем сонша.
5. Сызықтар.
6.Нүкте, сәуле, бұрыш.
Жаңа сабақ.
Сызба бойынша геометриялық фигуралармен таныстыру.
( Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, дөңгелек)
Оқулықпен жұмыс.
Кітап қанша? (3) Кітап- қалың
Дәптер қанша? (3) Бірдей. Кітап -жұқа
Бояу қарындаш -6 5-і артық.
Қалам-1
Қылқалам ұзын (қызылы) Өшіргіш-1 (бір түсті)
Қылқалам қысқа (қарасы.) Өшіргіш екі түсті 2 бөлік)
Геометриялық фигураларды ажырата білу.
Дәптермен жұмыс:
0 0 1 1 ? ? / / /
Сергіту сәті .
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
Жаза -жаза саусағым,
Әлсіреді шаршады.
Оңға, солға бұрамыз,
Сосын қайта жазамыз
Сабақты қорытындылау: Бүгін біз өз білімімізді еске түсіріп пысықтадық.
Оқушыларды мадақтап ,сабақты аяқтау.
Күні:
Сыныбы:1 «Ә»
Пәні:Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерден жасаған аппликациялар. Үлгі бойынша аппликация жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғи материалдың түрлерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Өсімдік жапырақтарынан аппликация жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру
2. Қауіпсіздік ережесін сақта
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Жапырақтан аппликация жасау. Жұмыстың орындалу реті.
Жаңа сабақ:Өсімдік жапырақтарынан аппликация жасау.
Жұмыстың орындалу реті.
Кептірілген жапырақтардан әдемі аппликация құрауға болады.
Жапырақтардың пішіні алуан түрлі болады. Бірі ұзынша,енді бірі дөңгелекше немесе сопақша болып келеді
Балық аппликациясын жасауға қажетті жапырақтарды таңдап әзірлеу.
Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру.
Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.
Практикалық бөлім
Жапырақтардан балық аппликациясын жапсырмалау.
1. Балық аппликациясын жасауға қажетті жапырақтарды таңдап әзірлеу.
2.Жапырақтың теріс бетіне желім жағып, қағаздың орта тұсына желімдеу.
3. Кішілеу екі жапырақтың теріс жағына желім жағып, балықтың құйрығы етіп желімдеу.
4. Жасыл түсті жапырақтардан балықтың желбезектерін желімдеу.
5. Өсімдік тұқымынан балықтың көзін жапсырмалау.
Білімді бекіту:
Балықтың аппликациясын құрауға қандай материалдарды пайдаландың?
Балықтың бейнесі неше жапырақтан тұрады?
Қандай өсімдік жапырақтарын пайдаландың?
Қандай өсімдіктің тұқымын пайдаландың ?
Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?