7


'Ауа. Ауаның қасиеті' (2-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тұйық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Шынар Токтаргожаевна


Пәннің аты: дүниетану

Уақыты:

Сабақ №


Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы

Ауа. Ауаның қасиеті

Мақсаты

1. Ауаның қасиеттерімен таныстыру. Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Ауа адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
2. Тәжірбиелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту.
3. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сарамандық -лабораториялық әдіс, сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдығы: Тәжірбие жасау құралдары су, шар, доп, шыны ыдыстар,шырпы шырақтар.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қоршаған орта табиғат,
Жануар ,өсімдік ,адамзат.
Сүю,қорғау-парасат,
Білейік мұны жамағат.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Дүниетану пәнін нені оқытады ?
2.Адам шөлдегенде не қажет?
3.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін не деп атаймыз?
4. Ас атасы .... .
5. Суретте қандай жердің сұлбасы бейнеленген?
6. Масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеуді жергілікті ...... сұлбасы деп атайды.
7. Суретте қандай жолдың сұлбасы бейнеленген?
8. Белгілі бір заттың көлемін кішерейтетін санды не деп атайды?
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды не деп атайды?
10. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістікті қалай атаймыз?
11. Кез келген заттың бейнеленген көрінісін не деп атайды?
12. Адамдардың өзара қарым - қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі қалай атаймыз?
13.Еңбек етпеген .... - жемейді.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Түсіндіру.-Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа)
Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.

Сергіту сәті

Жаттығу жасау.

Ой сергітеді,шашағандары басылады

Ой толғаныс

Ал ауа маңызы туралы не айтуға болады? Оқушымен бірге санамаланады.
- Дем алу үшін қажет
-От жағу үшін қажет
-Суға жүзу үшін қажет
- Жылуды сақтау үшін қажет
Жаңа тақырыпты бекіту.
- Адам немен дем алады? Ауамен
- Қызыл шарда қандай ауа бар? Түссіз ауа
- Стақанмен жабылған шам не істейді? сөнеді
- Бөлмеде өрт бола қалса не істейміз? Шупірекпен жабу
Білемін Білдім
Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды.
Бүгінгі сабақта не білдік ? - Ауаның қасиеттерін білдік.
сығылады серпіледі түссіз жануды қолдайды көрінбейді мөлдір

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал