- Учителю
- Дүниетану пәнінен 'Отбасы -шағын қоғам' тақырыбының жоспары 4 сынып
Дүниетану пәнінен 'Отбасы -шағын қоғам' тақырыбының жоспары 4 сынып
Тақырыбы:Отбасы -шағын қоғам.
Мақсаты: Отбасы -шағын қоғам екенін , өзінің сол қоғамның бір мүшесі екенін түсіндіру. Ой-өрісін, сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.Отбасында әдепті болуға, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,талдау, жинақтау, көрнекілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық .
Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
-Жыл мезгілдері неге өзгереді? -Жер орбитасы деген не?
- Жер күнді қанша уақытта айналып шығады?
-Қыс пен жаздағы күннің орналасуы қалай болады?
--Күн мен түннің ауысуы неге байланысты? -Жыл мезгілдерінің ауысуы ше?
-Күн мен түн ауысуына кеткен уақыт қалай аталады?
-Жердің Күнді айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қоғам. Отбасы -шағын қоғам.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: .Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де.
Кіріспе: Отбасы деген не?Отбасының мүшелері деп кімдерді айтамыз?
Қоғам деген не? Мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның алып жатқан аймағы бар,басқарушысы, халқы бар.Осы қоғамның өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді.Отбасын неге «қоғам»дейді? Оның да басшысы бар. Ол не әкесі немесе анасы.Басшы отбасындағы бүкіл шаруаны ұйымдастырады.Барлығына қамқор болып,бастарын біріктіреді.Отбасының тұратын мекенжайы, өз табысына қарай шаруасы болады.Отбасы мүшелері шамасына қарай іс атқарады.Жұмыс істейді, оқиды, үй шаруасымен айналысады.Барлығының ортақ ісі -отбасының татулығы,әр мүшесінің дамуына жағдай туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Табысы да ортақ.Отбасында «қор»деген бар.Ол қор қалай жиналады деп ойлайсың?(оқушылардың пікірін тыңдау)Отбасындағы ата-ананың ақылымен туған-туыспен қарым-қатынас реттеледі.Қарым-қатынас түрі көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру,ауырып-сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерді үйлендіру.т.б.Адам өз басынан басқа да шаруаларға көмек қолын созса- ол оның адамгершілігі. Мейірім болған жерде адамдық қасиет те болады. Сен көмек қолын созсаң, саған да керек кезінде көмек қолын созатындар табылады.Осылайша отбасы шағын «қоғамның» жұмысын атқарады.
Отбасы туралы суреттермен әңгіме жүргізу.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Өз отбасы туралы қысқаша мәлімет беру.
(атасы,апасы,әкесі,анасы, бауырлары, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы)
V .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Ата-ана туралы, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, мазмұнын ашу.
Атаңа не істесең,алдыңа сол келеді. Әке көрген оқ жонар,
Атаға қарап ұл өсер, Шеше көрген тон пішер.
Анаға қарап қыз өсер.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.т.б.
Жанұя мүшелері
Ата Міндеттері
Ақылшы, бата береді.
Жанұядағы әрбір адамның атқаратын міндеттерін әңгімеле:
VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз?
-Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?
-Туыстармен қарым-қатынасты кім реттейді?
-Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?
-Туған-туыстан басқа тағы кімдермен араласасың?
--Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?
VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 132-133- беттерді оқу, мазмұны.
«Отбасындағы татулық»тақырыбына шығарма жазу. ІХ. Бағалау.