- Учителю
- План урока математику на тему '7 саны және цифры. Бесбұрыш'
План урока математику на тему '7 саны және цифры. Бесбұрыш'
Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.
Мақсаты: 1. Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.
2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. ә) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы
танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
4) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша.ойындар.
Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта.
Пән байланысы: дүниетану, сауат ашу, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай сұрақ болса болса да, Таппай оны қоймайық!
ІІІ. Жаңа сабақ. Слайд бойынша ассоциация жүргізу.
Бала қолында не үстан тұр? / шалғы/ Өткір шалғы ғой. Шалғыңды, ал да, ора ғой. Қай санға ұқсайды? Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады. 1 слайд 1 - қазына - «Ер жігіт» «Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.
2 слайд 2 - қазына - «Сұлу әйел»
Әйел ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.
Сергіту сәті: «Қызыл өрік »
3 слайд 3 - қазына - «Ақыл - білім» Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең ешқор болмайсыңдар.
Дәптермен жұмыс: Ауа да жазу
Тақта да 7 саны мен цифры
Дәптерге жазу
4 слайд 4 - қазына - «Жүйрік ат»
«Ер қанаты ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.
5 слайд 5 - қазына - «Алғыр тазы» Тазы - иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы - артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.
«Сандарды қатары тура және кері санау»
0 ,1 ,2 , 3 , 4 , 5, 6, 7, 8 , 9 , 10 , 10 , 9 , 8, 7, 6, 5 , 4, 3, 2 , 1, 0,
6 слайд 6 - қазына - «Берен мылтық» Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған. Дұшпандарын мылтыкпен жеңген. Батырларымыз жауға осы қару - жарақпен шыққан.
«Сандардың көршілерін ата» дидактикалық ойын
* 4 * * 6 * * 5 * * 1 * * 7 * * 3 *
7 слайд 7 - қазына - « Қыран бүркіт » Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ, ішек, тон жасап киген.
Сабақты қорытындылау: 7 санына байланысты мақал -мәтелдер айтып беру.
1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.
2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
3. Жеті атасын білмеген жетесіз.
Мадақтау: