7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Г гдыбысы мен әрпін таныту,сөздегі орны туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін,байланыстыра сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,табиғатты қорғауға баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,әріптер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Сыныбымыз тап -таза

Борда дайын тақтада

Денемізді жинақтап

Отырайық партаға

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғат қалай өзгереді ?

-Бүгін сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көктемнің әдемі гүлдерімен бағалаймын.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? (Ү дыбысы)

-Ү дыбысы қандай дыбыс? (дауысты жіңішке)

-Ү дыбысына сөз ойлау.

III. Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. (Гүл)


Гүлдің суреті. Гүл - сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды.Гүлді мерекеде, тойда ,қуанышта, туған күнде,бір-бірімізге сыйлаймыз.


-Балалар, гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр. (Г дыбысы).

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпі.

-Гг дыбысы дауыссыз ұяң дыбыс.


Оқулық пен жұмыс:

1)Гитара,егін,кереге сөздерін буынға бөлу.

Гитара- кең таралған 6 не 7 ішекті музыкалық аспап.

Е гін-егіс алқабы,бидай егетін алқабы.

Ке ре ге -киіз үйдің бөлігі,сүйегі «шаңырақ,уық, кереге,сықырлауық»

-Г дыбысы сөздердің басында,ортасында кездеседі.


2)Берілген сөздерді оқушыларға оқыту.

гү,гүл,гүл-зар,ге,ше-ге,ке-ре-ге,гі,егіс,егін,е-гін-ші

Шеген-егінші. Гүлжан-тігінші.

-Сөздердің мағыналарын ашу.

Гүлзар - бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.

Ше ге- қарапайым бекіту құралы,күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір-біріне біріктіру үшін шеге қағады.

Eгіс- егін алқабы. Яғни егін егетін жер. Көгөніс, қауын, қарбыз егетін жер.

Егінші- егін салып, күтіп-баптауды кәсіп еткен шаруа.


IV.Сергіту сәті.

Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап дем алам

Қолымызды қозғалтып

Гүлдей болып жайқалам.

3)-Г әріпімен танысу.

Г г дыбысының жазба түрін ауада, содан соң дәптерде үлгі бойынша жазады.

V.Ребус шешу. Гүлнұр,Гүлсім,Айгүл.


нұр сім


VI. Жаңа сабақты бекіту.

Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны.

Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап табу арқылы гүл құрастыру.

VII. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Г дыбысы қандай дыбыс?


VIII Мадақтау.

Мұнайлы ауданы

№1 орта мектеп

Ашық сабақ


Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Өткізген: Сатова Т.З

Мектепалды даярлық тобы


10.04.2015ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал