7


  • Учителю
  • разработка по математики 3- класс

разработка по математики 3- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: « Жүзден жүйрік»Мақсаты: 1.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.2.Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.3.Өзін- өзі басқаруға, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.Сыныпт
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: « Жүзден жүйрік»

Мақсаты: 1.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

2.Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

3.Өзін- өзі басқаруға, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.

Сыныптан тыс жұмыс түрі: жарыс.

Болжамдап отырған нәтиже: алған білімдерін көрсете білетін, ойлау қабілеті дамыған тұлға.

Көрнекіліктер: сұрақтар, нақыл сөздер,

Сыныптан тыс жұмыстың өту барысы:

1.Кіріспе сөз. - Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым. Бүгін сіздер 3-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» атты білім сайысына қош келдіңіздер!

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Рұқсат етсеңіз көрермен,

Жарысымызды бастаймыз.

Алдымен ойынның бағасын беруші әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Жарысымыз алты кезеңнен тұрады.

1-кезең. Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.

«Алғырлар»

Мен алғыр баламын,

Қарсыластан қалмаймын.

Батылдыққа бастаймын,

Жарыстардан қашпаймын.

«Тапқырлар»

Мен тапқыр баламын,

Ойланамын, табамын.

Қарсыластан жеңілмеуге,

Жеңіске мен талпынамын.

«Зеректілер»

Мен бақытты баламын,

Бойға білім жинаймын,

Зерек,зерлі боламын,

Шынығамын, шыңдаймын.

2- кезең. Жұмбақ шешу. Балалар бір-біріне өздері дайындаған жұмбақтарын жасырады.

3- кезең - Қанатты сөз қазына.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын білуге,

Көкірегінде болсын көз, - дей келе келесі бөлімге кезек берсек. «Мың бір мақал». Ойын шарты топ басшылары келіп мына нөмірленген кітапшаларды таңдайды. Таңдаған тақырыптарына байланысты мақал айтудан сайысқа түседі.

1.Оқу- білім туралы.

1.Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

2.Оқу - инемен құдық қазғандай.

3.Ақыл азбайды, білім тозбайды.

4.Білім - қымбат, білу - қиын.

5.Күш - білімде, білім - кітапта.

6.Ашу - дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

2.Отан, туған жер туралы.

1.Отан --отбасынан басталады.

2.Отан елдің - анасы,ел ердің - анасы.

3.Отан - оттан да ыстық.

4.Опасыз адам Отанын сатады.

5.Туған жердің түтіні - күйесіз.

3. Еңбек туралы.

1.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

2.Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

3.Кім еңбек етсе сол тоқ.

4.Еңбегі аздың - өнбегі аз.

5.Ердің атын еңбек шығарар.

4-кезең. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы деп Абай атамыз айтқандай, өлеңге кезек берейік.

Әр топ мәнерлеп өлең оқиды.

1.«Алғырлар» Д.Ә. «Туған тілім». Ы.А. «Кел, балалар, оқылық»

2. «Тапқырлар» Қ.М. «Мұғалима». А.Қ. «Қыс»

3. « Зеректілер» А.Қ. «Жазғытұры». С.С. «Қызыл шұнақ»

5-кезең. «Бәйге» кезеңіне кезек берейік. «Сауал - бізден, жауап сізден деп аталады.

«Алғырларға»

1.Ең көп тараған аңыз әңгіме кім туралы? ( Қожанасыр.)

2.Абайдың әжесінің есімі кім? (Зере.)

3.Қандай тауықтың етін жеуге болмайды? (Піспеген тауықтың.)

4.Азайту амалының компоненттерін ата. ( Азайғыш, азайтқыш)

5.Кірпіге ұқсас өсімдік. (Кактус.)

6.Қазақстанның мұнайлы аумағы. (Атырау.)

7.Мысықтың баласын не дейміз? ( Марғау.)

8.Мәтін нешеге бөлінеді, қандай болып ? (Үшке,әңг. сипат.пайым.)

9.Суға қолыңды қай кезде кесіп аласың? ( Мұз кезінде.)

10.Топырақ дегеніміз не? (Жердің құнарлы қабаты.)

«Тапқырларға»

1.Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов.)

2.Абылай ханның шын аты кім? ( Әбілмансұр.)

3.Сипаттау мәтінінің сұрағы. ( Қандай?)

4.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. ( Қатаң, ұяң, үнді.)

5.Серпіледі, сығылады,жанады ол не? (Ауа.)

6.Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі? (Құнарлы.)

7.Ұя салмайтын құс. ( Көкек.)

8.Бір тәулік 6 сағатта неше сағат бар? (30 сағат.)

9.Барлық қабырғалары тең геомет. фигура. ( Шаршы.)

10.Қазақстанның көмірлі аймағы. (Қарағанды.)

«Зеректілерге»

1.Сөздегі буын саны неге байланысты болады ? (Дауысты дыбысқа.)

2.Жылдың неше айында 28 күн бар ? (Барлық айында).

3.Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем. (Сұраулы сөйлем.)

4.Терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. (Шешен.сөз.)

5.Картоп қандай мүшесі арқылы көбейеді ? (Түйнек.)

6.Суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануарлар түрі. (Қосмекенділер.)

7.Қазақстанның мақталы аймағы. ( Оңтүстік Қазақстан.)

8.Қосудың қанша қасиеті бар? ( Екі.)

9.Қарама - қарсы қабырғалары тең геом. фигура. ( Тіктөртбұрыш).

10.Елеуішпен суды қалай әкелуге болады? (Мұз күйінде.)

6-кезең «Сөз ойла, тез ойла»

Әр топқа сөз беріледі, сол сөздің аяқталған соңғы әрпінен басталатын сөз ойлап айтуы керек. Қай топ көп сөз ойлап айтса ұпайлары соған қарай есептеледі.

Қорытынды. Әділқазы алқаларына сөз беріледі. Жеңген топты мадақтау, марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал