7


'Тіл және сөйлеу' 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тіл және сөйлеу тықырыбын түсіндіре отырып, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

А) білімділік: Оқушылардың 1- сыныпта өткен «Тіл және сөйлеу» тақырыбын пысықтып жаттығулар орындату.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Б) тәрбиелік: таза, анық сөйлеуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың түрі: миға шабуыл, ой толғау.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру.

Құрал-жабдықтары: кесте, суреттер.


Сабақтың барысы

І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушылар санын түгендеу;

  • Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық даярлық.

  • Екі қолың не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін!

  • Екі көзің не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін!

  • Екі құлағың не үшін керек?

  • Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

  • Екі аяғың не үшін қажет?

  • Туған жерге жету үшін!

  • Балалар, мен сендердің аяқ-қолдарыңа саулық тілеймін!


ІІІ. Жаңа матеиалды меңгерту.

- Балалар, оқулығымыздағы 1-жаттығуға назар аударайық. Жаттығуды сұрағы мен мәтінін ажыратайық та, сұрағына жауап алайық.

Сұрағы: Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазу.

Мәтіні: Адамдарға бірін-бірі түсінеге ... көмектеседі. Сөйлеу арқылы адамдар ... біледі. Сұрағына ... алады. Алыстағы адамдармен ... жазып хабарласады.

Керекті сөздер: жауап, хат, көп, тіл.

Оқушылар берілген тапсырманы орындап болған соң, берілген көмекші сөздердің екеуіне сөйлем құрастыруы керек.

  • Балалар, біз бір-бірімізбен не арқылы тілдесеміз?

  • Сөйлеу деген не?

  • Жан-жануарлар мен құстар бір-бірімен қалай сөйлеседі?

  • Біз қай тілде сөйлесеміз?

  • Барлық елде адамдар тек бір тілде сөйлеседі ме?

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

- балалар, біз өткен тақырыптан бастап «Тіл және сөйлеу» деген үлкен әрі қызықты тақырыпты оқып келеміз. Оқушыларға бірнеше суреттер ұсынылады.

- Жарайсыңдар, балалар!

IV. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы 2-жаттығуды орындау. Сұрағы: екі баланың әңгімесін рөлге бөліп оқу. Жаттығу соңында берілген тапсырмаларды орындау. Бұл диалогтік тілдесімде оқушы - оқушы қатынасы қолданылады. Бұл тапсырманы талдауға оқушылардың өздеріне тапсырып, бірін-бірі бақылату керек. Диалогқа түскен екі оқушының интонациясына да, сөздерді дұрыс оқу, тез оқуына да көңіл бөлінуі керек. Мұғалім - бақылаушы.


Оқулықтағы 3-жаттығуды орындау. Жаттығудың сұрағы: әр суреттегі иттің «не айтуы» мүмкін екенін адам тіліне аударып айту қажет. Осы сурет бойынша сөйлемдер жазып, шағын мәтін құрастыру керек. Мысықтың мияаулағаны, иттің түргені сөйлеуге жатпайды. Неге екенін оқушылардан сұрау.

«Кім тапқыр?»

к

ө

г

е

р

ш

і

н

с

ө

й

л

е

у

т

і

л

А

с

т

а

н

а


  • Адасқан әріптерден дұрыс сөзді құрастырып айту;

  • Құрастырылған сөздерден сөйлем құрастыру;

  • Сөйлемнен шағын әңгіме құрастыру.


5-жаттығу. Әңгіме берілген. Әңгімені оқушылардың өздеріне оқыту. Әңгімеге ат қойғызу. Жаттығу соңында берілген сұрақтарға жауап беру. Ситуациялық сұрақтар туғызу.

- Балалар, қай баланың іс-әрекетін дұрыс , ал қай баланың іс-әрекетін бұрыс деп бағаладыңдар?

- Неліктен?

- Мұндай жағдайда сендердің іс-әрекеттерің?

- Сәлемдесу үшін айтылатын сөздердің қайсысын қолданасың?

- Ал, қоштасу үшін?

- Ал басқа тілдерде қалай сәлемдесіп, қоштасады?

- Жарайсыңдар! Сыпайы сөздер адамдардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын білдіреді. Айналаңдағы адамдармен сыпайы сөйлесуге әдеттеніңдер!

VII. Сабақты қорытындылау.

Әрқашан да әдеппен,

Қысқа сөйлеп әдеттен,

Байқап шығар үніңді

Тарта сөйле тіліңді - дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

VIIІ. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-жаттығу үйден орындауға беріледі. Жаттығудың сұрағы: Жаңғалақ деген баланың өзі көрген фильмді балаларға қалай әңгімелегенін оқу. Берілген тапсырмаларды оқып, Жаңғалақтың әңгімесін бағалап, дұрыс нұсқасын құрастыру.

ІХ. Бағалау.

Әрбір орындалған тапсырманың соңынан таратылған түрлі пішіндегі фигураларды санап, оқушыларды бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал