7


  • Учителю
  • Сынып сағаты: 'Менің Отаным-Қазақстан'

Сынып сағаты: 'Менің Отаным-Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: «Менің Отаным - Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.


2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену, жұмыстану қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұтымды, дәл жауап беруге баулу.


3. Тәрбиелігі: Оқушыларды сабақ барысында ата - дәстүрімізді құрметтей білуге, сүюге, адамгершілікке, шешендікке, өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сөз құдіретін тани білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: викторина сабағы.


Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, , әдебиет, математика.


Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, , Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті, қадірменді оқушылар, бүгін біз « Отан» тақырыбына арналған викторина сабағымызды өткіземіз.
Бүгінгі сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бұл өлең не туралы айтылған?
- Туған жер, Отан туралы.
- Отан деген не?»Отан» туралы не білеміз?
- Отан деген адамдардың туып - өскен жері.
Балалар, біз «Менің Отаным» туралы өлең өттік.
Кәне кім айтып береді.

«Отан»
Отан - сенің ата - анаң, Отан - тарих, Отан - тіл,
Отан - досың, бауырың. Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлкең, астанаң, Отан - өлең, Отан - жер,
Отан - аудан, ауылың. Көтерген көкке ел даңқын.
Отан осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде "Отан" деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам - қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз..
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошаметімізді жарыс арқылы көрсетейік.
Сайыс 7 - кезеңнен тұрады.
Ойынымыздың кезеңдерімен танысайық.
1 - кезең. «Сұрақ - жауап» «Менің Отаным»
2 - кезең. «Анаграмманы шешу»
3 - кезең. «Cөз құрастыру» сайысы.
4 - кезең. «Сандар сөйлейді»
5 - кезең. «Қызықты сөздер»
6 - кезең. «Полиглот» сайысы үш тілде айту.
7 - кезең. «Мақал - мәтелдер - сөздің мәйегі..
«Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсысы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма. (Абай ) атамыз айтқандай.
1 - кезең. «Сұрақ - жауап» Блиц - турнир сайысы.
1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл).
2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім?
3. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер?
4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз.
5. Қазақ тілі қандай тіл?
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130)
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? (25октября Республика күні, 30 қазан Конституция, 16 Тәуелсіздік күні.)
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркімен, Қытай, Ресей)
9. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?
10. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
11. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)
12. Біз қай Республикада тұрамыз?
13. Қазақ әдебиетінің қандай белгілі жазушыларын білесіңдер?

2 - кезең. Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз.
НАТО (Отан)
НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан)
ТАІКП ( Кітап)
ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет)

Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз.
ЗІМӘР (Рәміз)
ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз)
ПЕТЕКМ (Мектеп)
ДІМЕНЕГЕ (Егеменді)
Тамашалап көріңдер,
Жұмбақ айтып, жасырып,
Шешуін тауып беріңдер.
Таппай оны қоймаңдар,
Көп боп бірге ойлаңдар.


3 - кезең. «Сөз құрастыру» сайысы.
«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.

«Бесбармақ»- бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер.
«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі,
енді.
«Қуырдақ»- қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу
4 - кезең. «Сандар сөйлейді»
Көптеген ғасырлар бойы елімізді жаудан қорғап қалған, ұлы Отан соғысына қатысқан ұл - қыздарымыздың арқасында осындай шалқыған тәуелсіздігімізге, егемендік жерімізге жетіп отырмыз.

10 - ұпай.
1945 - Жеңіс күні.
1941 - СССР - Германия соғысының басталуы.

20 - ұпай.
16 желтоқсан- Тәуелсіздік мерекесі

30 тамыз - Конституциясы күні
Жақсының үлгісі
Жанып тұрған шамдай
Шешенің сөзі
Ағып тұрған балдай

5 - кезең. «Қызықты сөздер».
1. Карта....(Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы).
2. Конституция....(Ата заң).
3. Шаңырақ.....(Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі).
4. Шекпен...(Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім).
5. Тымақ...(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі).
6. Саба, торсық, келі, күбі...(Қазақтың ұлттық ыдыс - аяқтары).
7. Кебеже, абдырна, жастық, ағаш... (Үйдің негізгі жиһаздары).
Жеті жұрттың, тілің біл,
Жеті түрлі, білім біл.
6 - кезең. «Полиглот». сайысы.
Ортақ сұрақтар. Жауабын орыс, қазақ тілдерінде айтылады.
1. Заң - закон
2. Мемлекет - Государство
3. Елтаңба - Герб
4. Тәуелсіз - Независимый
5. Қонақ-Гость
6. Ата.-Дед
7. Ата заң - Конституция

Шешендіктің сәні жоқ,
Сөзіне сүттей ел үйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.


7 - Кезең. «Мақал - мәтел - сөздің мәйегі».
1. Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас).
2. Туған жер - (алтын бесік).
3. Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).
4. Отан үшін отқа түс,(күймейсің).
5. Отан оттан да (ыстық).
6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл).
7. Бейбіт елде,(береке бар).
1. Белгіленді Елтаңба,
Әнұраны, Жалауы,
Мемлекеттің нышаны.
Көк байрағы желбіреп,
Егеменді елім деп,
Бар әлемге жар салды.
«Қан жылатқан Семейді,
Зәресін алған бар елдің,
Жабылды сынақ алаңы.
«Арашалап Аралды»,
Басталды істер шарасы,
Теңізді сақтау амалы.
Жол торабы - Арқада,
Салынды жас - Бас қала.
Астанам ол - АСТАНА.


Сабақты қорыту кезеңі:
Бүгін балалар, өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңдер.
Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал