7


  • Учителю
  • классный час на тему'Ата салтым-кең пейіл дархандығым' (4-сынып)

классный час на тему'Ата салтым-кең пейіл дархандығым' (4-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:Халқымыздың ғасырдан- ғасырға жалғасып келе жатқан салт- дәстүрлерін дәріптеу,оқушылардың өз халқына,ұлтына,туған жеріне,ұлттық әдет- ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі:сайыс

Көрнекілігі;ұлттық киімдер,қамшы,домбыра,бесік,тұсау кесетін жіп,ұлттық тағамдар,мақал- мәтелдер

Сайыс барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі

«Қазақтың дәстүрлері- ай» әні жіберіледі.

Топтарға сұрақ:Ән не туралы?

Қандай салт -дәстүрлерді білесіңдер?Әр топ постерге түсіреді.

ІІ.Негізгі бөлім

1-бөлім: «Сөздің көркі- мақал»

2-бөлім: «Кім тапқыр?» суретпен жұмыс

3-бөлім. «Кім шапшаң?» мәтіндегі ойды анықтау

4-бөлім: «Ырым тиым сөздер тізбегі»

5-бөлім. «Менен сұрақ,сенен жауап»

6-бөлім: «Қазағымның дәстүрлері» көрініс көрсету

ІІІ.Қорытынды.

Жүргізуші:Егемен еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың қаһармандық тарихын,ғасырдан- ғасырға жалғасып жинақталған ұлттық мұрасын,озық мәдениетін,ұлттық мінез- құлқы мен әдет ғұрпын білуіміз керек.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз,

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз, дегендей бүгінгі «Ата салтым -кең пейіл дарқандығым» атты сайысымызды бастаймыз.

1-бөлім: «Сөздің көркі- мақал»

Мен мақал- мәтелдің алғашқы жолын айтамын,сіздер әрі қарай жалғастыруларыңыз керек.

Айгөлек тобына

  1. Ас -… ….

  2. Ақымақ ішкен-жегенін айтады,

.... .... .....

Шаңырақ тобына

1)Өнер алды -… …

2)Батыр туса- ел ырысы,

.... ....... ...

Наурыз тобына

1)Тазалық-… …..

2)Ашу- дұшпан,ақыл- дос,

... .... .....

2-бөлім: «Кім тапқыр?» суретпен жұмыс

Әр топқа сіреттер көрсетіледі,не туралы екенін табу керек.

3-бөлім. «Кім шапшаң?» мәтіндегі ойды анықтау

Үлкеннің кішіге,яғни балаға беретін сыйы.Жас ұл- қызға,бойжеткен мен бозбала жаңа киім кигенде,жаңа зат алғанда аға-апа,ата- әжесінен,туған-туыстарынан оған .... сұрайды.Олар ...ақша,мал,мүлік,әйтеуір,бір зат беріп,құтты болсын айтады.

Нәрестелі болғанда,келін түсіргенде,құтты болсын айта келгендерден сәбиді,келінді көрсетпей тұрып,... бермесеңдер көрсетпейміз деп кәдесін сұрайды.Ол қандай кәде?

Ол- емдік ғұрып.Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп,екінші бір ыдыста қорытылған сұйық қорғасынды оның үстіне құйып жібереді.Сонда шар етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі.Емші соған қарап,ауру адамға "сіз иттен немесе адамнан қорыққансыз" дегендей болжам айтып,ауруды жазылатынына сендіреді. Бұны қалай атайды?

4-бөлім: «Ырым- тыйым сөздер тізбегі»

Халқымыз әр түрлі жаман әдеттерге тыйым салу мақсатымен ырым- тыйым сөздер айтып отырған.Тыйым сөздерді бұлжытпай орындау да әдептіліктің белгісі.Енді ырым- тыйым сөздерге кезек берейік.Ол үшін әр топ ырым- тыйым сөздерді көп жазу керек.

5-бөлім. «Менен сұрақ,сенен жауап»

Жаңа дүниеге келген нәрестенің алғашқы киімі

Қуанышты хабар жеткізуші адам не айтып келеді?

Сәбидің қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып,ырым

Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,тәттілер өткізіп,тышты- тышты деп ырым жасайды,оны қалай атайды?

Қазақтың киіз үйінің төбесі қалай аталады?

22-наурыз қандай күн?

Беташар қай кезде айтылады?

6-бөлім: «Қазағымның дәстүрлері» көрініс көрсету

«Бесікке салу» «Бата беру» «Тұсау кесу»

ІІІ.Қорытынды.

№11.Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп


Өткізген : Искалиева Рзагүл

Сыныбы:4 «Ә»


2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал