- Учителю
- Математика 'Қайталау' (4 сынып)
Математика 'Қайталау' (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.
Көрнекіліктер: слайдтар, дидактикалық үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ .
Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз
-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
II. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
І тапсырма «Аққала соғу» ойыны
Теңдеулерді дұрыс шешсең, білетін боласын:
-
Қой, сиыр, бұғы, бұлан X жылдан Y жылға дейін өмір сүреді.
135 : х 9 240 : у 8
-
Жылқы, піл, зебра У жылдан Z жылға дейін өмір сүреді.
210:у 7 420:z 6
-
Маймыл A жылдан B жылға дейін өмір сүреді.
225:а 9 315:b 7
ІІ тапсырма «Коньки тебу» ойыны
Амалдарды орында
2196м*2 427сағ:7
3508км*3 645с:5
4275дм*4 791л:7
ІІІ тапсырма «Шаңғы тебу» ойыны.
Есептерді шығар
-
Әжем жылына 4800кг ірімшік дайындайды. 2 жылда әжем неше кг ірімшік дайындайды? Оны тоннаға, центнерге айналдыр.
-
Сиыр тәулігіне 86кг шөп жейді. Ол бір аптада неше кг шөп жейді? Екі аптада ше?
Сергіту сәті
Қостық біз, көбейттік біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Кәне, тұра қалайық,
Қимылдасын қол-аяқ.
Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.
ІҮ тапсырма «Хоккей» ойыны.
Логикалық есеп.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?
Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стақанда су көп? Неге? (Дәлелдеу)
ҮІ тапсырма « Шанамен сырғанау»
Өрнектердің мәндерін тап
(612:6+12605)-3876 (217:7+773):4
1522+(1232*6-3570) 2*(879:3+1621)
V. Үйге тапсырма: 96 бет, №7
VІ. Білімді бағалау.
VІІ.Сабақ қорытындысы: