7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сынып

Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: Нұржау жалпы орта Мерзiм: 2.10.2015ж № 5 сабақ

Тақырып: Білімге құштарлық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Жумагалиева Арайлым Алтаевна Сынып: 2 « а, ә » Оқушылар саны _______Мақсаты: Балалардың «білім», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Оқуға құштарлығын арттыра отырып, білім алуға ынталарын дамыту;

Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа

I. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін - еркін дұрыс отыруын қадағалау

ІІ. Дәйек сөз.

Оқу инемен құдық қазғандай

Халық мақалы



ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сынып

«Ойланайық, пікірлесейік» .Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.

  • Адамға білім не үшін қажет?

  • Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

  • Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

  • Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Білім неге жетелейді:

  1. Болашаққа жетедейді.

  2. Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі

  3. Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.

  4. Өмірді түсінуге көмектеседі.

Мамандық таңдауға көмектеседі.



Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сыныпОқулықпен жұмыс

«Табанды бала»мәтінін мәнерлеп оқи отырып, аңыз әңгімедегі Әлімнің «мен оқуым керек» деген өз мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып, балалардың оқуға құштарлығын арттыру. .

Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сынып5. Жағдаяттарды талдау.

  • Бала алдына қандай мақсат қойды?

  • Ол өз мақсатына қалай жетті?

  • Баланың ғалым болуына қандай қасиетері көмектесті?

  • «Табандылық» дегенді қалай түсінесіңдер

Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сыныпЖаңа ақпарат

  • Балалар бүгінгі біздің өнеге сағатымыздың аты «Оқуға құштарлық» деп аталады.

  • Білім алу қызығушылық , еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

  • Білім адам игілігіне қызмет етеді

Сергіту сәті.

Мектеп - үлкен анашың,

Баураған барлық баласын.

Тәртіппен алсаң білімін,

Өмірден жол табасың.























IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сыныпТақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?(Мақал- мәтелдер)

Олай болса мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы, мағынасын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.

  1. .............- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

  1. .........- инемен құдық қазғандай.

  2. ............ білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Балалар, бүгін біз оқу , білімнің адам өміріндегі қажеттілігі , маңыздылығы туралы әңгімелесеміз.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Оқуға құштарлық» деп аталады .Оқусыз білім жоқ дегендей оқуға құштарлық барлық баланың бойында табылуы қажет..

Жоғарыда айтылып, талқыланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.

-Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырған жлдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазу.Орындап болған соң жариялау.

Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сыныпНазар аударыңыз:

Ал енді балалардың « Оқу , білім» туралы жаттаған өлеңдерін назар қойып тыңдайық.

1-оқушы,Оқимын, жақсы оқимын

Білемін білім пайдасын

Оқимын, білім тоқимын

Мен барар мектеп қайдасың?

2- оқушы: Ойынға қарыз емеспін,

Оқуға әбден кірісем.

Қабілетсіз емеспін,

Оқу ғой, оқу дұрысы ең!

3-оқушы: Мақтан етер мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу , білім , тәрбие

Ой санама еккенің.

4-оқушы:Отанның біз ұл- қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын !

5-оқушы: Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын,

Оқушы болдық үлгілі,

Білімнің кілтін ашатын.









V. Топпен ән айту.

«Бақытты балалық шақ » әнін айтайық:

Жарастықпен айнатып өмір көркін,

Гүл- бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мекиеп , кең сарай , түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын

Білім шыңын өрлейміз басып алға ,

Қиындық жоқ , бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп қолымызда.



VI. Үй тапсырмасы.

«Таңғы қуаныш» сурет салып келу



VII. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал