- Учителю
- Урок. Теңдеу және оны шешу
Урок. Теңдеу және оны шешу
=Сабақтың тақырыбы:Теңдеу және оны шешу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды теңдеу ұғымымен таныстыру,оны шешу жолдары үйрету. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істеуі,есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын дамыта түсу. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ. Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: Сан қатары,ережелер. Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Математика бар ғылымның патшасы, өзі қиын әрі қызықты. Сендерден шапшаңдықпен жылдамдықты талап етеді.
Бүгін бізге математика оқулығы қонаққа келіп отыр.
Математика
Менімен есеп сабағы
Менімен қояр бағаны.
Біткенімен Әліппе
Біткенім жоқ мен әлі
Қадағалап жүр мені
Бола түсем күрделі
Есеп дұрыс шықпайды
Күңгірт қалса бір жері.
2.Үй тапсырмасын сұрау: Карточкалар тарату арқылы тақырыптың атын келтіріп шығару.
10-0 10-1 10-2 10-3 10-4 10-5
10-6 10-7 10-8 10-9 10-10
3.Жаңа сабақ: Теңдеу және оны шешу
+ 3=7
Біз мынадай теңдікпен таныспызба? Бос әйнекше ішіне дұрыс теңдік болатындай сан қоюымыз керек. Бұлсан неше? Дұрыс, бұл сан -4. 4+3=7 Оны қалай таптық ? Қосынды мәнімен қосылғышты азайттық. Сонда белгісіз сан келіп шықты. Белгісіз санды біз латын алфавитінің әріптері мен белгілейміз.
3+а =7
Құрамында әрпі бар теңдік теңдеу деп аталады.
Ал енді теңдеуді шешу үшін белгісіз сан яғни әріпті өрнектің мәнін табуымыз керек болады.
Теңдеу шешу дегеніміз- теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
Оқулықпен жұмыс:
-
Теңдікті жаз
-
3 пен 4 сандарының қосындысы 7-ге тең болады.
-
3 пен а қосындысы 7-ге тең
-
10 мен а-ның айырмасы 1-ге тең
-
а мен 2-нің айырмасы 6-ға тең.
Сергіту сәті:
2.Теңдеудің шешімін тап.
3 +а= 7 а+6=10 4-а=3
8-а=5 а-6= 3 а+1= 8
3.
10-а =1 а-2= 6
4.Білімді бекіту кезеңі: Вагондарға карточкаларды сәйкес орналастыру.
2+5 а+3 а-1 а+5=8 10-а= 2
5.Бес жолды өлең
6.Үй тапсырмасын беру, бағалау.
7.Сабақты қорытындылау.