- Учителю
- Жаман әдеттен жирен тәрбие сағаты
Жаман әдеттен жирен тәрбие сағаты
Жамбыл орта мектебі
«Бекітемін»
Тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы: Г.Диханбаева
Тәрбие сағаты
Класы:1
Күні:
Өткізген:Төлегенова Н.Н
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Жирен жаман әдеттен.
Сабақтың мақсаты: 1. білімділік - « Бірінші байлық - денсаулық » деп дана
халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азама-
тын зиянды әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым
шегушіліктен сақтандыру , олардың денсаулыққа , бола-
шақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру , өркениетті елі-
мізге лайықты , зиянды әдеттерге қарсы күресетін
білімді тұлға тәрбиелеу.
2. дамытушылық - Темекінің адам өміріне зиянды және
улы екенін түсіндіре отырып , саналылыққа , құқықтық
тәрбиеге баулу.
3. тәрбиелік - Салауатты өмір салтын сақтауға оқушы-
ларды тәрбиелеу.Тазалыққа , лас істерден аулақ болуға,
тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Түрлі тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер , сахналық шағын
көріністер арқылы оқушыларға ой салу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , түрлі-түсті электронды слайдтар ,
«дәрігерлік кеңес» кітапшалары.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып ,
тақырып баяндалады.
Мұғалім : Саламатсыздар ма , құрметті қонақтар , ұстаздар мен оқушылар!
Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан - 2030 » стратегиялық бағдарламасында « Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін « Жирен жаман әдеттен » атты ашық тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз.
Біз оқушыларды 2 топқа бөліп отырмыз. Олар « Тазалық » тобы мен «Денсаулық» тобы. Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.
-
Таныстыру. ( Әр топ өздерін таныстырып , төс белгілерін қорғайды )
-
« Бірінші байлық - денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )
-
« Тәні саудың жаны сау ». ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру )
Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама ,
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір ,
Әуес көріп ұстамасты ұстама ! - деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін « Тазалық » тобын шақырайық.
I - кезең « Таныстыру »
Топ басшысы: Алданыш Қайрат
Тобымыздың аты: « Тазалық »
Тобымыздың ұраны: « Тазалық - саулық негізі ,
саулық - байлық негізі. »
Шықтық біз де топ құрап ,
Кілең сайдың тасындай.
Тазалықты ұрандап,
Сөз сөйлейміз жасындай.
Жүргізуші: Иманыңды , дидарыңды ,
Тазалап ал , қазағым.
Ұрпақтарың , ұл-қыздарың ,
Түзу бассын қадамын ! - деп келешекке келелі азамат ретінде
баруды көздеген « Денсаулық » тобын ортаға шақырайық.
Топ басшысы: Андрей Нұрқасым
Тобымыздың аты: « Денсаулық »
Тобымыздың ұраны: « Денсаулық - зор байлық »
Денсаулық ол күлуің ,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің ,
Ешбір жерің ауырмай.
Жүргізуші: Жігерің бар , талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып ,
Өмірің бар алда әлі солмайтын , - дей отырып , жаман әдеттер-
ден жирендіретін ,зиянды әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер мен ұлағат-
ты сөз жарыстыруға кезек берейік.
II -кезең
« Бірінші байлық - денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )
« Тазалық » тобы :
Қайрат - Темекі тартып ерікпе ,
Өкпеңді алар демікпе.
- Темекінің кермегі ,
Еріккеннің ермегі.
Фархат Х - Жалқаулықтың жан күтімі ,
Екі қолды ыстайды.
Темекінің көк түтіні,
Екі өкпені ыстайды.
Аружан - Ұзартқың келсе ғұмырды ,
Таста арақ пенен шылымды.
- Ішпеген шылым тартпаған,
Денсаулықты сақтаған.
«Денсаулық» тобы
Нұрқасым- Түтіні тісіңді сарғайтады ,
Уы ерте қартайтады.
- Шылымды жерге тастама ,
Айналаңды ластама.
Фархат - Көзге түскен қауыз жаман,
Шылым шеккен ауыз жаман.
- Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан..
Жүргізуші: Шәкірттер алды-артын аңдасын ,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын.
« Ол кім ? Бұл не ? » бөлімінде ,
Танымдықпен , білгірлікпен
Жауаптары тыңдалсын , - дей келе « Тәні саудың , жаны сау »
бөліміне тоқталайық.
III -кезең
« Тәні саудың , жаны сау » ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақ-
тарға жауап беру )
« Тазалық » тобына сұрақ :
-
Есірткінің әлеуметтік салдары қандай ?
( Отбасының бұзылуы , қылмыстың артуы.)
-
Құрамында этил спирті бар. Ол не ?
( Ішімдік )
-
Темекі құрамындағы улы зат ?
( Никотин )
« Денсаулық » тобына сұрақ :
-
Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы ?
( Парасатты , байыпты , ақылды , ойлы , сабырлы.)
-
СПИД нашақорларға қалай жұғады ?
( Ортақ пайдаланған ине арқылы )
-
Шылымның зияны тиетін ағза ?
( Өкпе )
Денсаулықты сақта, түзу өсесің,
Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!
Мұғалім : Міне , балалар « Арақ - арыңа нұсқан , темекі - тегіңе нұқсан », жаман әдеттерден аулақ болыңдар! - деп кешімізді аяқтай келе қатысып
отырған қонақтарымызға сөз береміз.