7


  • Учителю
  • Сайыс 'Тапқыр болсаң - талас жоқ'

Сайыс 'Тапқыр болсаң - талас жоқ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тапқыр болсаң - талас жоқ» сайысы.
3-4 сыныптар

Мақсаты:Дарынды оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,тапқырлыққа, есеп құмарлыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Ойын-сайысқа 9 оқушы қатысады.
1 тур: «Өткел» Жалпы сұрақтарға жауап беру.
2 тур: «Өткел» М+Г+Б.Әрбір оқушы таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды. Ең аз балл жинаған оқушы бірінші бастайды.

2 турдан кейін ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады.
3тур: «Өткел».Математика.Әр оқушы тапсырманы өзі таңдайды.Ең көп балл жинаған оқушы бастайды.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Тапқыр болсаң -талас жоқ» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді -дей отырып ортаға өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген 3,4 сыныптардың дарынды оқушыларын шақырамыз!
1-жүргізуші:Тапқырлық тану мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2-жүргізуші: Дайындықпен келіп тұрған жарысқа,
Есеп білсе жетеді ғой табысқа.
1 -жүргізуші: Жарыстың алдында білім сайсының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (эксперт төрағасы, мүшелерімен таныстыру)
2 -жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін біздің топтың әділ сына!
1-жүргізуші:«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу -р - Райхан әл Бируни. Ендеше, білімділер сайысын бастайық.
1 - жүргізуші: Шеберлікті,білімді,
Сараптаңыз, көріңіз.
Бірінші турдың қазылар,
Бағасын әділ беріңіз!
2 - жүргізуші: Ең қиыны жарыстың «Белес» келді,
Мықтыларды келіпті жеңсін енді.
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

«Белес» -ті жүргізетін:
1-жүргізуші:Қымбатты қазы алқасы,
Сіздерден әділ шешімді.
Екінші тур бойынша,
Күтеді мұнда баршасы.

2 - жүргізуші: Ал - қанеки қаралық,
Мына жақта жаңалық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
3. «Бекет» кезеңін бастаймыз!
Жүргізуші:
Сайыс шарттарымен таныстыру.

4. Ой,арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешеміз -дей отырып келесі турда «қызықты тапсырмалар» атты математикадан есептер шешеміз.

3-өткел.

Қызықты тапсырмалар.


  1. Шығармашылық тур.
    Жарыс толқын жатқандай асып - тасып,
    Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
    Осы турда байқалар терең ойлар.
    Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып!

2-Шығармашылық турға көшеміз.
1 - жүргізуші: «Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»-дей отырып, көрермендерге арналған тіл-өнер сайысын бастаймыз:
«Тіл өнер»(жауапты екі тілде айту керек).

4-өткел.

Тіл-өнер. (жауапты екі тілде айту керек.)

  1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (острый.)

  2. Геометриялық негізгі ұғым. (нүкте, точка.)

  3. Кез - келеген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?(түзу,прямая.)

  4. Екі қолға .... күрек. (бір, одинь.)

  5. Жігітке жеті өнерде аз, неше өнер көп емес? (жетпіс,семьдесят.)

  6. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле,луч.)

  7. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады. (отыз,тридцать.).

5- өткел
Мықты болсаң, тауып көр.

  1. Шолпан планетасындағы атмосфераның 97% қандай газдан тұрады? (көмірқышқыл газы)

  2. Жердің Күн төңірегіндегі жолындағы ең алыс нүктесі қай айдың, қай күніне сәйкес келеді? (5 шілде)

  3. Қазақстанда ең алғаш құрылған қорық? (Ақсу - жабағылы)

  4. Дүние жүзілік жасылдар қозғалысы (табиғат қорғау ұйымы)басқаша қалай аталады? (Гринпис)

  5. Дүние жүзіндегі ең алғаш құрылған ұлттық парк? (Йеллоустон)

  6. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген ғалым? (Торричелли)

  7. «Смог» дегеніміз не? (улы түтін)

  8. Жер атмосферасының неше пайызын оттегі құрайды? (21%)

  9. «Арасан» дегеніміз не? (емдік сулардың шығып жатқан жері)

  10. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан неше км қысқа? (21 км)

  11. Ең бірінші глобусты жасаған ғалым? (М.Бехайм)

  12. Қай ғасырлар «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп аталады? (XV - XVIIIғ.ғ)

  13. Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш.Уалиханов)

  14. Жер білігі орбита кеңістігінде қандай бұрыш жасап қилысады? (66,5 )

  15. Экватор мен мередианның 1доғасының ұзындығы шамамен неше км-ге тең? ( 111 км)

6-өткел.

Білгенге маржан...

  1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)

  2. «Ғылымдарды жіктеу» еңбегінің авторы? (Әбу - Насыр әл- Фараби)

  3. Галактикалық жыл нешеге тең? (250 миллион жыл)

  4. Титан қай ғаламшардың серігі? (Сатурн)

  5. Солтүстік полюске бірінші жеткен саяхатшы? (Р.Пири)

  6. Айдың тұтылуы қанша сағатқа созылады? (2 сағатқа)

  7. Реликті шағала қай қорықтың эмблемасы? (Алакөл)

  8. Біздің галактикамыз не деп аталады? (құс жолы)

  9. Жерден айға дейінгі қашықтық? (384 000 км)

  10. Жердің даму тарихындағы ең алғашқы материк. (Пангея)

  11. Жердің жасанды серігі алғаш рет қай жылы ұшырылды? (1957ж 4 қазан)

  12. Қазақ космонавты Талғат Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшырылды? (3 рет)

  13. Қандай шоқжұлдызды гректер «Арктос» деп атаған? (Жетіқарақшы)

  14. Желдің күшін анықтайтын құрал? (Аномометр)

  15. Қазақсатанның Қызыл кітабы қай жылы жарық көрді? (1978)

  16. Қызыл қоқиқаз қай қорықта қорғалады? (Қорғалжың)


7 -«өткел»
Қазақстан



8-«өткел»

Кім шапшаң?


9-өткел.

Санмен өрнектелген мақал-мәтелдер.

  • Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті.

  • 6н балдақ қол саны,

Әшекей кесте т10 сәні.

  • Әкесіз 7м -жарты 7м.

Шешесіз 7м - анық 7м.

  • Біреу 1-еу білмегенді, 1-еу біледі т.с.с.


10-өткел.

Математикалық ұғымдарға қатысты мақал-мәтелдер

  • Көп түкірсе, көл болады.

  • Көп алғыс - көгертер.

  • Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын.

  • Көсеу ұзын болса, қол күймес.

  • Қорқақтың қолы қысқа.

  • Кең болсаң, кем болмайсың.

  • Кіші баланың ұятын,үлкен бала көтереді.

11-өткел

(10 б) Х.Колумб қай жылы Американы ашты (1492)
(20 б) Қандай саяхатшы Тынық мұхитына «Тынық» деп ат берген (30 б) Жаңа Гвинояға бірнеше саяхат жасаған орыс саяхатшысы? (Н.Н.Миклухо-Маклай)
(40 б) Қай орыс саяхатшысын «Екінші Колумб» деп атаған?

Қорытынды:Осындай бағытта жұмыс жүргізсек,біз өзіміздің алдымызда отырған балалардың қабілетін байқап, олардың дарынын дамыта аламыз.

Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал