7


  • Учителю
  • Дүниетану пәніне арналған сабақ жоспары.Сабақтың тақырыбы:Бағдарлау

Дүниетану пәніне арналған сабақ жоспары.Сабақтың тақырыбы:Бағдарлау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бағдарлау

Мақсаты:

-Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау- бағдарлау туралы түсінік беру. Көкжиек тұстарын тұсбағар және табиғи белгілерге қарап табу жолдарын үйрету.

-Ойлау қабілетін, сөздік қорын, әңгімелей білу дағдысын дамыту.

-Сенімді болуға , тиянақтылыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,тұсбағар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Оқушылармен сәлемдесу, жағдайларын сұрау.

Кәнекей балалар орнымыздан тұрайық.

-Сәлем саған, күннің көзі!

-Сәлем саған, ашық аспан!

-Сәлем саған, табиғат!

-Сәлем саған, мұғалім!

-Сәлем, менің достарым!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

-Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері ( сабақты 5-6 оқушыдан сұрау)



Үй тапсырмасын бекіту

-Антарктидаға ғылыми экспедиция шығып, бақылау жүргізу нәтижесінде нені білді?

-Барлық дәрі-дәрмекті пайдаланар алдында неге тәжірибе жасап көреді?

ІІІ.Жаңа сабақ

Егер сен туысыңа қонаққа барсаң, үйіне тауып бару үшін саған алдымен не керек болар еді? Елді мекенде көшесінің аты, үйдің реттік саны, жан-жағында орналасқан биік үйлер, ғимараттар ,т.б. арқылы тауып аламыз.

Ал елді мекеннен тыс жерде не істейміз? -Балалар , көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлу деп аталады. Көкжиек тұстарын тұсбағар құралымен анықтаймыз. Тұсбағарды көрсетіп ,оны таныстыру.

«Сен білесің бе ?» белгісіндегі тапсырманы оқушыға оқыта отырып, түсінік беру.

Көкжиек тұстарын табиғи белгіге қарап та анықтауға болады. Суреттерін көрсетіп ,көкжиек тұстарының оңтүстік және солтүстік тұстарында ерекше белгілер болатынын ұғындыру.

Оқулықпен жұмыс

Шынжырлап оқыту. Суреттер арқылы көкжиек тұстарын бағдарлау.

Сергіту сәті

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.



Дәптермен жұмыс

Күн ретін, ауа райын жазу.

Жұлдыздардың атын, көкжиек тұстарын жазу



ІҮ. Қорыту

-Балалар, бағдарлау деген не болды?

-Тұсбағардағы көк түс үнемі көкжиектің қай тұсын көрсетеді?

-Табиғи белгіге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?

-Тұңғыш тұсбағар қайда пайда болған?

-Тұсбағар қандай жерде ғана дұрыс бағдарлай алады?



Ү. Үйге тапсырма

Оқулықтағы « Бағдарлау» тақырыбын оқып келу.



ҮІ. Бағалау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал