7


  • Учителю
  • план-конспект к уроку по самопозанию ' Мейірім'

план-конспект к уроку по самопозанию ' Мейірім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: план конспект разработан на основе программы по самообразованию. включены детские инсценировки рассказов, творческий подход к аждому этапу урока. На уроке применяется разлияные методы " групповая работа, Джигсо, ассоциация, метод ,"Зеркало,. В конце урока дети писали эссе,
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Мейірім . 4 «Ә» сынып

Мұғалімі:Казанбаева Ж.Ж.

Мақсаты: Жеті модуль идеяларын қамти отырып, жеке тұлғаны

қалыптастырып оқыту ұйымдастыру, үйренуді үйрету идеясы

негізінде сапалы білім беру.

Міндеті : 1. Мәтінді оқи отырып , оның идеясы мен мазмұнындағы негізгі

ойды ашу. Өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

2. Байланыстырып сөйлеуге , шығармашылық қабілетін, ой-өрісін,

таным қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды топтық жұмыстарда өзгенің пікірін тыңдай білуге,

мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға, әдептілікке, мейірімділікке,

үлкенді құрметтеуге , кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Ресурстар: АКТ арқылы суреттер, плакаттар, маркерлер,

топтастыру парақшалары,

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Стратегия: Топтау әдісі, АКТ-қолдану , ДЖИКСО әдісі, СТО тех,


1. А-бөлімі

Сабақтың барысы:

Алғашқы ұйымдастыру

Сәлемдесу,оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.Шаттық шеңбері ( 2минут)

Ой жүрек тіл шебер

Танытса шындықты

Мәнді ойды тілмен бер

Сөзді тауып ұқыпты

«Сіз» «Біз» деген жылы сөз

Бір-бірімен болып көз.

2 Б-бөлімі

Балалар қазір сендер көріністі қарап,бүгінгі сабақтың тақырыбын біліп аласындар.

Көрініс «Мейірімділікті іздеген қыз» ( 3минут)


Анасы:Сагнаева Лейла,қызы Тойболова Мадина,қария Үсенбай Дархан,немересі: Менлибаев Құрмағазы, автор: Касымханова Диана.

-Оқушылар қарап болған сон өздері сабақтың тақырыбын анықтайды.( «Мейірім»).

1-тапсырма (3-минут)

-Міне көрдіңдерме балалар мейрім деген сөзді тағы да қалай түсінуге болады ?


Ассоциация жасау


қайырымдылық қамқорлық кішіпейілділік әдептілік


Олай болса балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Мейірім . Тақырыпты түсіндіре отырып парақшалар арқылы топқа бөліп отырғызу.

1-топ Қайырымдылық

2-топ Әдептілік

2-тапсырма ( 7минут)

Топ аттарына байланысты постер дайындау. (сурет салып, сол суреттерін талдау )


3-тапсырма Тыныштық сәті . Музыка қосылады. ( 10минут)

Осы музыканы тындап сендер үшін мейірімді жүздерін елестетіндер.

Кімді елестендіндер? (Аналарды) Неліктен?

Балалар:Біздер бәрінен де бұрын өз анамызды жақсы көреміз.

Жақсы көру-адамның адамдарға,табиғатқа,Отанға деген ыстық сезімі,махаббаты,жақсы іс-әрекеттерге қызығушылығы. Ал осының бәрі Ананы жақсы көруден басталады.Өйткені бізге жарық өмір сыйлаған ананың аялы алақанына,мейіріміне тең келер нәрсе жоқ.Балалар мейірімділікке, жақсы көруді анадан үйренеді,анасын жақсы көруден үйренеді.

  • Ана деген кім?

Балалардың жауаптарын тыңдап топтастыру.

Ана-ең жақын адам, ең мейірімді адам,ең ақылды адам,қамқоршы,жанашыр,дос,сырлас т.б.

Дәйексөз: « Мейірімділікті анадан үйрен»халық даналығы осыны өздерін түсіндіріп бердіндер.

- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.

Мұғалім:Бәріміз де өз анамызды жақсы көреміз,мақтан тұтамыз.

Еліміздегі сондай аналарымыздың,әжелеріміздің бірі Сара Алпысқызы Назарбаева.

Видеоролик қарау: ( 6 минут)

Сара Назарбаева туралы не білесіндер?

(Балалар білгенін ортаға салады.)

Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан,1941 жылы Қызылжар ауылы,Бұқар жырау ауданы,Қарағанды облысында туылған.

Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы.Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып,өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік тұрғысына білім алып,тәрбиеленуіне мән береді.

Сара Назарбаева «Өзіңді өзің таны»атты балаларға рухани адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.Оның білім берудегі жаңа көзқарасы мен рухани салада жасаған жобасы «өзін-өзі тану»деген атаққа ие болып,оқу бағдарламасына еңгізілді.

Сара Назарбаеваға арналған өлеңдерің оқиды.

Балнұр:Құттықтаймыз Сара апай

Ең қымбатты күніңізбен

Тілейміз біз шын жүректен

Бақыт нұрлы ұзақ өмір


2.Алғыс айтам,менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап ,жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы,данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

Асилжан:Көз жүгіртсең кітабыңа саралай,

Қалмас сірә жүзіңнен нұр тарамай.

Бәріміздің атымыздан мың алғыс,

Парасатты анамызға Сарадай.


4-тапсырма «Бос орындық стратегиясы» (2минут)


-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-Өздеріңе мейірімділік көрстекен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?


5 тапсырма:Абайдың қара сөздері. (2минут)

Он төртінші сөз

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі

Қорытынды:

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.


6- тапсырма Шығармашылық жұмыс:( 5минут)


«Мейірім» эссе жазу.


7 тапсырма: Психологиялық жаттығу «Айна»( 5 минут)

Айнаға қарандар. Өздерінің мейірімді жүздерін көріп отырсындар.Бұл жүректерінен шыққан мейірімділік. Енді осы мейірімді қасындағы достарына сыйландар. Жүздерінен мейірімділік кетпесін.

Сабақтан алған әсерін өз ойларын параққа жазып кестеге жапсырып қойындар.


Сабақтан алған әсерін әр оқушы өз ойын жазып кестеге жапсыру.

8 тапсырма:Жүректен -жүрекке.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал