- Учителю
- 7 Санын қосу және азайту.
7 Санын қосу және азайту.
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 7 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын қарапайым өрнектер, есептеулер арқылы тиянақтауға машықтандыру;
Дамытушылық: Бір амалмен шығарылатын есептерді салыстырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды бүгінгі өмір талабына сай рухта ұйымшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ат-ойыншық, слайдтар, суреттер;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу;
-Түгендеу;
-Оқу құралдарын даярлау;
-Сынып оқушылары мен сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін тексеру;
-Оқушыларды тынышталдырып назарларын сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабақты еске түсіру.
-Өткен сабақта қандай санды өттік?
-Жұмбақ есеп жасыру;
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Неше болды қане, бол,
Санап шығар кім бұрын. (Шешуі:6)
- «Кім жылдам?»-ойыны.
3+3=6 6-3=3 10-4=6
8-6=2 9-3=6 2+4=6
7-6=1 1+5=6 6-2=4
Үй тапсырмасын қорыту;
Үй тапсырмасын бағалау;
ІІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақ ерекше болмақ, өйткені, бүгін, біз жеті (7) ата ауылына саяхат жасаймыз.
Оқушыларға 7 атаны айтқызу. (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат).
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық.Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
-Атты, түйені.( сиырды).
-Сендер осылардың қайсысын қалайсыңдар?
-Атты.
-Жарайды, онда атты жолға әзірлейін.Нелерді үйрендік қайталап алайық.
Ал, енді жолға шығайық және бәріміз жөнделіп отырайық (партаға жөнделіп отырады).
-
«Әке»-ауылының тапсырмасы.
Қосындының мәнін тауып 1-ші бағанға, айырманың мәнін тауып 2-ші бағанға орналастыру керек.(дәптерлеріне 2 баған түрінде жаздыру).
+7 -7
0+7=7 7-7=0
1+7=8 8-7=1
2+7=9 9-7=2
3+7=10 10-7=3
-Балалар, венн диаграммасына назар аударайық.
-Бірінші бағанда ненің мәнін таптық.
....Қосындының.
-Мәндерін атайық.
....7,8,9,10.
-Қанша өрнек құруға болады екен?
....4 өрнек.
Айырманы да осылай түсіндіремін. Ортақ екеуінің атауы да өрнек екендігін пысықтаймын.
-
«Бала»-ауылы.
Сергііту сәті:
1,2,3,4,5,6,7 орныңнан тұр,
7,6,5,4,3,2,1 орныңа отыр.
3. «Немере»-ауылының тапсырмасы:
Мына кесінділердің ұзындықтарын өлше де сыз.
Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындыларымен салыстыр.
. 9 см
7 см 3 см
9 см-7 см немесе 9 см-7 см < 7 см+3 см
7 см+3 см
2 см < 10 см
4.«Шөбере»-ауылы.
Суретте:
Үлкен қасық-10 ? артық
Кіші қасық-7
10-7=3
Жауабы: 3 үлкен қасық артық.
5. «Шөпшек»-ауылы.
-7 санына байланысты 7 санының қасиеттілігі жайында түсіндіру.
(7 күн, 7 қат аспан, 7 түс, 7 жоқ, 7 қазына)
-Аналарымыз қорыққанда, қуанғанда не пісіріп таратады.
....жеті шелпек, жеті күлше.
-Жеті лақ ертегісі айту.
-7-ге дейін тура және кері санату.
6. «Немене»-ауылы ауызша
9-3 9-4
Азайғыштарды салыстыр.Азайтқыштарды салыстыр.Осыған ұқсас азайтқышы 9 болатын тағы бірнеше айырма жаз.Айырмалардың мәндерін салыстыр.
9-3=6 9-4=5
9-9=0 10-9=1
6>5 0<1
7. «Туажат»-ауылы.
7 санының құрамын ажыратып, тапсырманы орындау
7=6+1 7=1+6
7=5+2 7=2+5
7=4+3 7=3+4
«Көршісін тап»-ойыны
4
6
4
5
Енді сыныпқа қайтайық.
Қорытынды:
-Міне,балалар саяхатқа барлығымыз да жақсы қатыстық.Жеті ауылдағы адамдар сендердің білімдеріңе риза болды.
Бүгін 7 атамен таныса отырып, математикадан алған білімдерімізді қайталадық.
Аталарымыз: «Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер»-деген ата-бабасын білген оқушы өскенде туған туысына мейірімді, жақсы азамат болып өседі екен.
Үйге тапсырма:109-бет №5
Бағалау:Оқушылардың білімдерін бағалау.