- Учителю
- Конспект урока по литературе на тему 'Шана. Гүлбаршын Әзімбаева'
Конспект урока по литературе на тему 'Шана. Гүлбаршын Әзімбаева'
Пән атауы: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Шана. Гүлбаршын.Әзімбаева
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну. Қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы түсіндіру.
Міндеттері:
1. Мәтінді түсініп оқу арқылы, қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы тереңірек мағлұмат беру.
2. Тапқырлық, ептілік дағдыларының жетілуіне мүмкіндік жасау. Құрастыру, іздену, ойлау дағдыларын дамыту.
3. Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Талдау, сұрақ- жауап, «ЖИГСО», «Салыстырмалы карта», «Ортадағы қаламсап» стратегиясы
Көрнекілігі: Қысқы ойын түрлерінің суреттері, бейнетаспа, белсенді тақта, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды белгілеу;
б) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
в) сыныпты сабаққа даярлау;
г) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырманы еске түсіру, сұрау, тексеру, қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ
-
«Қызығушылықты ояту» сатысы:
Лездеме сұрақтарға жауап бер:
Жылдың қай мезгілінде қар жауады?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгіліндегі басты мерекені ата.
Жаңа жыл шыршасының басты кейіпкерлері кімдер?
Балалардың қысқы көлігі?
Қыста далада өмір сүретін жансыз адам?
-
Өлеңді оқып беру:
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесе
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
-Бүгінгі сабақ не туралы болатынын аңғардыңдар ма? / бейнеролик көру, қыс мезгілі туралы/
3. «Мағынаны ажырату» сатысы:
Автор Гүлбаршын.Әзімбаева туралы мағлұмат беру.
-
Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннің алдын ала бөлінген бөліктерін таратып беру. «ЖИГСО» ұжымдық оқыту әдісін пайдалану.
Сөздік жұмысын жүргізу.
-
«Салыстырмалы карта» әдісі бойынша Жәнібек пен ата-анасына мінездеме беру.
Жәнібек
Ата-анасы
Мінездеме
Дәлелдейтін сөз
Мінездеме
Дәлелдейтін сөз
-
Музыкалық сергіту сәті:
ІV. Бекіту. «Ой толғаныс» сатысы:
Мәтіннің соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау.
-
Қалай ойлайсың. Жәнібектің сөзіне әкесі неліктен сасқалақтап қалды?
-
Әңгімеден Жәнібектің жасы нешеде екенін аңғар.
-
Әңгімеден әдемі қыс көрінісін тауып оқы.
-
Шығармашылық кезең. /өлең жолдарының ұйқасын табу/
О, алақай, балалар ,
Жамылыпты дала қар !
Бұрқыратып ақ қарды,
Отырайық шанаға.
Зуыл қағып шанамыз ,
Тоғай кетіп барамыз.
Үйге отын тасимыз,
Күтіп отыр анамыз.
-
Дәптермен жұмыс:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
«Аққала» ойыны: Оқушылар мәтін мазмұны бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін мазмұны бойынша орналастырады.
Олар осы сөз тіркестері мен сөздерді орналастыру арқылы «Аққала » шығады.
Оянып алды
Терезе алдына келді
Сыртқа үңілді
Бұлтиды
Сатып әкелді
Балаларға ілесті.
-
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы (Ойын). Бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды.
V.Қорытынды: Мәтін мазмұны бойынша түсінгендерін тексеру.
Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.
VІ. Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. Қыс туралы шығарма жазу.
VІІ. Бағалау: Критерий арқылы бағаланады. Аққала суреті.
Тақырыбы: Сынып үздігі.
Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін емін еркін ұстауға тәрбиелеу. Шапшаң ойлау қаблеттерін дамыту.шығармашылық қабілеттерін арттыру.білімге деген қызығушылығын ояту.
Сабақ көрнекілігі:
1. плакттар.
2. жалаушалар , шарлар
3. «Сынып үздігі» жазуы бар эмблема
Ұйымдастыру :
«Менің елім Қазақстан» хор
Оқушыларды орналастыру , сабақты бастау.
1. Бәйге
2. Пән б\ша сурет
3. Мақалдар жарысы.
4. Ұйқасын тап.
5. Жанды суреттер.
Бәйге номинациясы б\ша әр балаға 10 сұрақтан қойылады.
1-оқушыға
Бір сағатта неше минут бар?
Жапырақ қай кезде сарғаяды?
Жыл неше мезгілден тұрады?
Қой баласын қалай сүйеді№
Әкеңнің шешесі қалай аталады?
Сөйлеу түрлері?
Ешкінің төлі.
Екі қосу екі жауабы?
Қазақтың билері
Қасиетті тағам
2-оқушыға он сұрақ.
Қазақ халқының ұлы ақыны
Білім бұлағы не?
Мүсін неден жасалады?
Ең қымбатты есім
Торғай шырылдайды, қаз…
Көру мүшесі
Жеті күн
Білм ұясы
Көшетті қай мезгілде отырғызады?
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
3-оқушыға он сұрақ.
Заттың атын білдіретін сөз табы.
Бір жылда қанша ай бар?
Жылқы иесі
Бір тәулікте неше сағат бар?
Түйенің баласы қалай аталады?
Қар қай мезгілде болады?
Аспан түсі қандай?
Түн ұйқысын төрт бөлген адам
Мұсылман халықтарының жыл басы қай ай?
Біз қай мектепте оқймыз?
2-сайыс:
Ана тілі пәнінен бір мәтін оқып соған байланысты сурет салу.
3-сайыс:
Мақалдар сайысы.
1-оқушы «отан, туған жер» туралы
2-оқушы «Оқу, білім» туралы
3-оқушы «Достық» туралы
Мақал мәтелдер айтады.
4-сайыс. Ұйқасын тап.
5 Жанды суреттер.
Суреттер бойынша мәтін құрастыру.
Қортыындылап, сынып үздігін анықтау.