7


  • Учителю
  • Конспект на тему 'Білімді бүлдіршін'

Конспект на тему 'Білімді бүлдіршін'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Білімді бүлдіршіндер.

Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол

мұрасымен сусындандыру.

2) Ой өрістерін,есте сақтау қабілетін ,сөйлеу мәдинетін дамыту.

3) Топтық жұмысқа бейімдеу, ұжымдастыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ;

Әдісі: көрнекілік,шарлар, әдемі безендірілген сынып, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер , қабырға газеті ,кестелер , әдемі безендірілген

сынып шарлар.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезең:
ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім:

Кітап - алтын сандық

Іші толған қазына , құт ,

Оқы,оқы , ойыңа тоқы - дей келе,бүгінгі 2а,2ә, 2в - сыныптардың

оқушыларының арасында өткелі отырған «Білімді бүлдіршіндер» атты

интеллекуалдық сайысымызға қош келдіңдер .

Әділ қазылар алқасымен танысайық .

1. Бастауыш сыныптардың бірлестік жетекшісі. Қабақ Фатима

2. Бастауыш сыныптардың бірлестік жетекшісі. Қапарова Гүлшат

3. №7 орта мектептің кәсіп одағының төрайымы Арызғұлова Марфуға

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер - деп

Бүгінгі сайысқа қатысушы бүлдіршіндері ортаға шақырайық.

І -топ 2 «а» сынып бүлдіршіндері.

1. Джангазыева Айсұлу топ басшысы

2.Есенбай Әбілқайыр

3. Джумагалиева Жібек.

4.Алпан Мейрамбек

5.Сансызбай Айғазы

ІІ - топ 2 «ә» сынып бүлдіршіндері.

1. Кенжеғұл Мөлдір топ басшысы

2. Решова Нұргүл

3. Қуанов Әділбек

4. Тұрғанбай Сұлушаш

5. Ғарифуллина Аяна


ІІІ - топ 2 «в» сынып бүлдіршіндері


1. Ешманов Арман топ басшысы

2. Айбекқызы Алтынай

3. Көшербай Қарақат

4. Титумбай Данияр

5. Шаңытбай Інжу


Сайыс 7- кезеңнен тұрады.

1- кезең: «Өзін- өзі таныстыру»

2 - кезең: «Бәйге»

3 - кезең: « Жұмбақ есептер»

4 - кезең: «Ой қозғау»

5 - кезең: «Мақал - мәтел»

6 - кезең: «Ізденіс - жеміс кепілі»

7 - кезең : « Ойлан тап» » Топ басшылар сайысы

Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

Сайысқа қатысатын бүлдіршіндерге іске сәт !

І - кезең «Бәйге»

Бұл кезең де әр топқа 12 сұрақтан қойылады. Сұрақтың жауаптары толық

болса ,ең жоғарғы ұпайды қойуға болады. Ең жоғарғы ұпай 10. Сұраққа

басқа топқа қатысатын балалар жауап бермейді , тек сұраққа жауап бере

алмаған жағдайда жауап беруге құқылы. Жауап беретін оқушы қол көтеруі

керек. Шулап айтқанды тыңдамай отырған топ мүшелері сайыстан

шығарылады.

І - ТОП «Тапқырлар» тобының сұрақтары .


1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? ( 42 әріп бар)

2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)

3.Сылдыр сұйық, су емес ,

Iшсең шөлiң қанады.

Ақ болса да, қар емес.

Шешуiн кiм табады ? Сүт

4. 35 саныңда неше ондық бар? ( 3 )

5. Қарға сөзінде неше буын бар? ( 2 буын, қар - ға)

6. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? 4

7. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар? 10 см

8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Тоқтар Әубәкіров

9. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)

10. "Қ" қандай дауыссыз дыбыс? ( Қатаң дауыссыз)


11. . Тіл ұшында уы бар

Ол не екенін біліп ал. жылан

12. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады? жаңылтпаш

ІІ- топ «Жасқанат» тобының сұрағы.


1.Қар қай мезгілде жауады ? (Қыста)

2. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)

3. Сиырдың төлі? (Бұзау)

4. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Кiтап

5. 59 саныңда неше ондық бар? ( 5 ондық)

6. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)

7.10 см неше дм бар? 1 дм

8. Суда еритін заттар ? Қант пен тұз .

9. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады? тамыр

10.Ғылым таппай мақтанба . өлеңінің авторы кім? А.Құнанбайұлы

11. Екі өркешті жануар? (Түйе)

12. Бүгін аптаның қай күні? Дүйсенбі.


ІІІ - топ «Білімділер» тобының сұрағы.

1. 97 саныңда неше ондық бар? ( 9 ондық)

2. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)

3. Білімнен мол сый - асы,

Балалардың ұясы. мектеп

4. Тудың түсі? (Көгілдір)

5.1 минутта неше секунд бар? 60 секунд

6. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)

7. Тәтті жеміс? Алма .

8.Түйенің төлі . Бота

9. Қазақстан Республикасының президенті? Н.Назарбаев

10.Адам ағзасына қажетті сұйық сусын не ? Су

11. О - қандай дауысты дыбыс ? Жуан дауысты дыбыс.

12. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)


ІІІ - кезең « Жұмбақ есептер»

1-топ «Тапқырлар» тобының есептері

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

ІІ-топ «Жасқанат» тобының есептері.

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

ІІІ - топ «Білімділер» тобының есептері.

Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

ІҮ-кезең: «Ой қозғау» ойыны.

Мына әріптерден сөздер құрастыру. Қай топтың сөздері көп болса

сол топқа 10 ұпай беріледі.

1-топ - ТҰЕҚЛЯАОРНМЫ

2 -топ - КАОЛФМПАЬЮҰТЕЯР

3-топ - АҚТЫЛҰОЗПРСУНМ

Ү - кезең «Мақал-мәтел» жарысы.

Төртбұрыштың орнына сан қойып , мақалды оқу.

1-топ

Ер 1 рет өледі 7 рет өлшеп,

Қорқақ 1000 рет өледі. 1 рет кес.

ІІ-топ

2 құзғын таласса, 1 кісі қазған құдықтан,

1 қарғаға жем болар. 1000 кісі су ішеді.

ІІІ-топ

30 тістен шыққан сөз, Білгенің бір 9

30 рулы елге тарайды. Білмегенің 99

ҮІ-кезең: «Ізденіс - жеміс кепілі» »

Әр топ 1 минутта мына адасқан сөздерді құрастырып ақылды немесе

нақыл сөз шығырады .

ҮІІ-кезең: «Ойлан тап »


Әр топ басшысына 1 минут уақыт беріледі сол уақыттың ішінде , шешендердің

сөздерін табаулары керек .Қай топ басшы дұрыс және тезтапса оған 10 ұпай

беріліп сол топ басшы өз тобын алға шығарады. Яғни , жеңімпаз атандырады.

Қортындылау:

Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Мектеп басшыларын , мұғалімдерге сөз беру.

Марапаттау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал