7


  • Учителю
  • Бастауыш сынып 'Біздің қанатты достарымыз' 4 сынып

Бастауыш сынып 'Біздің қанатты достарымыз' 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Амандық орта мектебі»КММ мұғалімдері:

бастауыш сынып мұғалімі Шодырова А.Т.

Сабақтың тақырыбы: «Біздің қанатты достарымыз»

Сабақтың мақсаты:

а/ Білімділік: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту. Құстардың алуан түрлілігі, тіршілігі, адамға пайдасы туралы түсінік беру.

ә/ Дамытушылық: Жүйелі сөйлеу қабілетін,қоршаған орта туралы түсінігін молайту арқылы дүниетанымын жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

б/ Тәрбиелік: құстардың адам өміріндегі маңызын дәріптеу және оларды қорғауға,мәдениеттілікке , еңбек сүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, бір-бірінің сөзін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, бейне таспа, слайд,кестелер,қосымша мәтіндер,сызбалар

Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау,талдау

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақтың түрі : Дәстүрлі,аралас сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын сұрау

Сабақ құрылымының жоспары:

І. Қызығушылығын ояту стратегиясы. Топқа бөлу. «Ой қозғау».

ІІ. Мағынаны ашу. «Кластер». «Постер», «Коллаж»

ІІІ. Семантикалық карта толтыру.

ІV. Ойлау стратегиялары. «Құстар» сөзжұмбағы, құстар туралы болжамдар,мақал-мәтелдер.

V.Қорытындылау. «Мені тап » ойыны.

VІ.Бағалау.

VІІ.Кері байланыс.Рефлексия.


Құс - табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы.Құс - табиғат көркі. Халық - күміс көмей әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға , сұлуын аққуға, жігерсіз, намыссыз жігітін жапалаққа теңеген.

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ - құстар.

Бүкіл дүние жүзінде олардың 10-12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді.

Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай.

Онда құстардың 507 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді.

Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор.

Құстардың кұрылысы туралы:басы,денесі,қанаттары,құйрығы,тұмсығы.

Құстардың топқа бөлінуі.


Құстар



Жыртқыш құстар


Қыстайтын құстар


Жыл құстары


Үй

құстары

Жыртқыш құстар: бүркіт,қаршыға,қырғи,жапалақ,лашын т.б

Жыл құстары:аққу,тырна,бұлбұл,тоқылдақ т.б

Қыстайтын құстар:торғай,сауысқан,көгершін т.б

Үй құстары:тауық, қаз,үйрек

Сыныпты 3 топқа бөлемін.(конфет тарату арқылы) І топ, ІІ топ, ІІІтоп.

Мұғалімнің тілек сөзі: Өмірлерің конфет сияқты тәтті, ең бастысы мәнді де, сәнді болсын.

І. Қызығушылығын ояту. «Құстар туралы не білеміз?»

Проблемаға шығу: Құстар туралы мәліметтер алдын ала беріліп, үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына шығамыз

ІІ тур

Топпен жұмыс

І топ. «Жыртқыш құстар» кластер жасау

ІІ топ. «Жыл құстары және отырықты құстар » постер жасау

ІІІ топ. «Үй және орман-тоғай құстары» коллаж жасау.

І топ. «Кластер» әдісі


ІІ топ. «Постер» әдісі


ІІІ топ. « Коллаж» әдісі


ІІІ тур Семантикалық карта толтыру

Зерттеу объектісі


Сипаттама

Тобы

Мекені

Қоректенуі

Пайдасы


Әр топтан 1 оқушы шығып сөйлейді


ІV тур

Топпен жұмыс

І топ. «Құстар» сөзжұмбағын шешу

ІІ топ. Құстар туралы болжамдар

ІІІ топ. Құстар туралы мақал-мәтелдер


І топ «Құстар» сөзжұмбағын шешу


А

Қ

Қ

У


Ұ

Л

А

Р


С

Ұ

Ң

Қ

А

Р

Т

О

Т

Ы


Ш

А

Ғ

А

Л

А


К

Ө

Г

Е

Р

Ш

І

Н

1. Суда жұбын жазбай жүретін, достыққа берік құс.

2. Қызыл кітапқа енген құс.(4500 метр биіктікті мекендейді)

3. Құстың төресі.

4. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс.

5. Су тазалығын сақтайтын, санитар құс.

6. Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт.

ІІ топ. Құстар туралы болжамдар

  • Шағала келсе,сең бұзылады.

  • -Жыл құстары қаптап келсе,көктем тез шығады.

  • -Көкек қатты әрі жиі шақырса,күн жылынады.

  • -Қарлығаш өрлеп ұшса,күн жылы,құрғақ болады.Ал жер бауырлап ұшса,жаңбыр жауады.

  • -Жаңбыр жауарда қарғалар шуылдайды.

  • -Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.


ІІІ топ. Құстар туралы мақал-мәтелдер

Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.

Шынайы гүлдің иісін, бұлбұл ғана сезеді.

Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес.

Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт парлап ұшады.

Топтасқан сауысқан, қазды да жем етер.

Ер елге паналайды, аққу көлге паналайды.

V тур

Қорытындылау. «Мені тап » ойыны.

«Мені тап» ойыны ойналады. Құстардың дауыстары беріледі, дыбысты есту арқылы құстың атын атайды.

VІ.Бағалау. Әр топтың топ басшылары бағалау критерийлері бойынша өз топтарындағы оқушыларды бағалайды

VІІ.Кері байланыс.

Шабадан

Ет турағыш

Себет

Рефлексия.

1.Әлі ..... дәмін татқым келеді

2.Әлі де тоймадым себебі.......

3.Барлық ұсынылған тағамдар маған ұнады




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал