- Учителю
- Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
Мақсаты: Оқушылырдың білім сапасын арттыра отырып, ой өрісін
дамыту. Өтілген материалдарды пысықтай отырып,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты білімдерін
кеңейту. Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы,
тереңірік мәлімет бере отырып, оның мәніне ұғындыру
жастар арасына тереңірек насихаттау.
Көрнекілігі: ұлттық ойындар бейнеленген суреттер, қойылған
көрме, буклеттер.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды екі ауылға бөліп отырғызу.
II.Кіріспе:
А) Кең даланы мекен еткен халқымыздың дәстүрлі ұлттық ойындары болған. Ұлттық ойындар туралы мағұлымат беру
Б) Буклеттен суреттер бойынша.
В) Осы қазақтың ұлттық ойындарын біз бүгін 4 сыныппен ойнап көрейік. Бүгін бізге қонаққа «Татулық» және Бірлікауылынан білімді жастар келіп отыр екен. Ендеше сөз кезегін осы екі ауыл жастарына берейік.
1) ауыл «|Бірлік»
Қайырлы күн достым, Сәттілікке толсын.
Қайырлы күн болсын. Біздің олар бағамыз,
Сенбінің сәті, Кілең бестік болсын.
2) ауыл «Татулық»
Ал, келіңдер, келіңдер, Бәйгеге түсіп, жарыспай,
Бір-біріне еріңдер. Жүйріктің бағы жанама.
Біліміңді тексеріп, Білім мен өнер табыпай,
Бәйгеге қатысып көріңдер. Тәлім тәрбие табарма.
-
Бүгінгі екі ауыл арасындағы сайысымызды мынадай Жоспар бойынша өтіледі.
1.Бәйге 4. Арқан тартыс
2.Көкпар 5. Аударыспақ
3.Теңге алу
* 1) Сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша «Бәйге» ойынын ойнайық. Бұл ойында екі ауыл бір-біріне тек саны бар ғана жұмбақ жасырсын.
*2) «Көкпар»
Екі ауылға сөздік беріледі, соның мағынасын ашу керек. Бұл тапсырмалар өздеріңнің оқитын ана тілі пәнінен алынған.
1.Ауыл: «Бірлік» Пәлек- Қауын - қарбыздың өлбей өскен өркені. Ғибрат- үлгі. Азат- еркін, өз еркі өзінде, ерікті. Көз шырымен алу - ұйықтау. Суыт - асығыс
2.Ауыл: «Татулық» Жігері құм болды - дәрменсіз күйге түсті. Нәубәт - апат, кесапат, ауыртпалық. Зұлмат - алапат, ауыр, қиын, зобалаң. Құман - шәугім. Геолог - жер құрылысы мен қабатын және ондағы пайдалы қазбаларды табумен айналысатын ғалым.
*3) «Теңге алу»
Бұл сайыста мынандай тапсырмалар беріледі. Ұйқасын тап. Өлеңді ұйқастыра шешу керек.
«Бірлік» ауылына
1)Лонато-(күрек) 2) (Кровать) - төсек 3)Дверь - (есік)
Сердце- (жүрек) (Осел) - есек Дырка - (тесік)
4)(Жизнь) - өмір 5)Лицо - ( бет)
(Уголь) - көмір Мясо - (ет)
«Татулық» ауылына
1) Осень - (күз) 2)Пән - (сабақ) 3)(Ухо) - құлақ
Сто - (жүз) Брови - (қабақ) (Родник) - бұлақ
4)(Голова) - бас 5)(Дело) - іс
(Камень) - тас (Зубы) - тіс
-
Көрермендер бір - біріне жұмбақ жасырсын
*4) Арқан тартыс
Қазақ тілі пәнінен ребус беріледі. Сол ребустағы шыққан сөзге әдемі шағын әңгіме құрастыр.
Шешуі: 1) «Бірлік» Оқушы 2) «Татулық» Күйші
*5) Аударыспақ
Екі ауыл бір -біріне тапсырма алып келген екен. Сол тапсырмаларға назар аударсақ.
-
«Бірлік» - Тоқыма қағу дегенді қалай түсінесің?
-
«Татулық» - Тұсау кесер дегенді қалай түсінесің?
Қорытынды: Ұпай сандарын есептегенше. Екі ауыл жастарынан «Қонақ кәде» сұрасақ.