- Учителю
- Сипаттау мәтіні. 4-сыныпқа арналған ҚМЖ
Сипаттау мәтіні. 4-сыныпқа арналған ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар № 14Кабинет: 219
Мұғалім: Тускенова Г.О.
Сабақтың атауы
Сипаттау мәтіні
Сілтеме
4 сыныпқа арналған оқу бағдарламасы;Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Жалпы мақсаттар: Сипаттау мәтіні туралы
ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту.
Оқушыларды заттарды нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып
сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын
дамыту.
Оқыту нәтижесі:
1. «Мәтін» деген не екенін біледі;
2. Мәтіннің түрлерін анықтай алады;
3.Мәтін неше бөліктен тұратынын біледі;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алады.
Негізгі идеялар: Мәтін - бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі
біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін
мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы
семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы
істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген
нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға
сай оны үш пән - мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді.
Жалпы мақсаттар
Қолданылған модульдар: оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, топтық жұмыс, жеке жұмыс, СТО әдістері, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ;
</<font face="Times New Roman, serif">Сабақта қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, постер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар т.б.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты 1-4-ке дейін санау арқылы 4 топқа бөлу
Оқушының іс-әрекеті
ФС
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
«Шаттық шеңбері»
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын!
Қасиетті жұма,
Шарапатқа толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Сабақтың ұраны:
«XXI ғасыр талабы-функционалды сауатты азамат»
Шаттық шеңберіне тұрып, жақсы тілектер жолдайды, топқа бөлінеді
Үй тапсырмасына шолу
Мұғалім әр топқа тапсырмалар үлестіріп, уақытты белгілейді, бақылайды.
Бағалау: От шашу
Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды ынтымақтастықта орындайды.
Уақыт аяқталғанда, жұмыстарын қорғайды. Қарсылас топты от шашу арқылы бағалайды.
Оқу және жазу сауаттылығы
тексеріледі.
Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау»
Бейнесюжеттен сипатау мәтіні қалай құрылатыны жайында көрсетеді.
Оқулықтағы
10- жаттығуды орындайтынын хабарлайды. Оқушылардың жазу сауаттылығын, «Шыңжыр» әдісі арқылы тексертеді, смайликтар арқылы бағалайды.
Қосымша шығармашылық тапсырма сұрақтары:
«Кім біледі?» ойыны
Жаратылыстану сауаттылығын тексеруге қойылатын сұрақтар...
1. Қазақ ертегісінде айдаһармен арпалысқан құс? (қарлығаш)
2. Құстардың негізгі мекені не? (ұя)
3. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
4. Құсты аңға салу үшін баптайтын адам? (құсбегі)
5. Сөйлей алатын қолға үйретілген құс? (тотықұс)
6. Киелі құс? (аққу)
7. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
8. Қыздардың бас киіміне қауырсынын тағатын қасиетті құс? (үкі)
9. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? (колибри)
10. Орман санитары? (тоқылдақ)
11. Түнде ұшатын құс? (жапалақ)
12. Әлемдегі ең үлкен құс? (түйеқұс)
13. Жұмыртқасы мен еті пайдалы құс? (тауық)
14. Сайрағыш орман құсы? (бұлбұл)
15. Өз атын өзі шақыратын құс (көкек)
16. Бейбітшілік символына айналған құс? (көгершін)
17. Ең алғашқы көктем жаршысы? (қараторғай)
18. Еліміздің тауында бейнеленген құс? (бүркіт)
19. Көктем шыға оралатын құстарды қалай атаймыз? (жыл құстары)
20. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
Жаттығуды орындап болған соң, ерекше құстар туралы бейнесюжетті көрсетеді.
11-жаттығу.
«Т-кестесі» әдісі
12-жаттығу. Жұмбақ шешеді,
«Конверттегі сұрақтар» әдісі. Әр топқа жағдаяттық сұрағы бар
конверттер үлестіреді. Жауаптарды тыңдайды, қосымша ақпараттар
береді.
Бейнесюжетті мұқият қарайды. Түсінбегенін сұрайды. 10-жатығуды сауатты жазуға тырысады. Бірін-бірі «Шыңжыр» әдісімен тексереді.
Бірін-бірі Смайликпен бағалайды.
Ерекше құстар туралы бейнесюжетті тамашалайды.
«Т» кестесін кезектесіп, интербелсенді тақтады толтырады.
Бірлесіп жұмбақты шешеді, топта бірлесе жұмыс істеп, жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.
Бағытталатын сауаттылық: Оқу мен жазу және
жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық
Бағытталатын сауаттылық: Компьютерлік сауаттылық
Бағытталатын сауаттылық: Құқықтық және денсаулық жөніндегі сауаттылық
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті
Бейнесюжеттен сергіту сәтін интербелсенді тақтаға қосады.
Оқушылар бейнесюжеттегі іс-қимылдарды қайталай отырып, серігеді.
Ой толғаныс
Тест жұмысы
Тақырыбы: Мәтін және оның түрлері
1. Мәтін дегеніміз не?
А)Сөйлемдер топтамасы
В)Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу
С)Адамдардың хабарды жазып беруі
D) мағынасыз байланысқан сөйлемдер
2. Сипаттау мәтінінің сұрағын көрсететін қатар
A) қандай? B) қалай? C) не істеді? D) неліктен?
3.Пайымдау мәтінінің сұрағы:
A) Не үшін? B) Неліктен? C) Қайда? D) Қандай?
4. Әңгімелеу мәтінінің сұрағы:
A) Не үшін? B) Не істеді? C) Қайда? D) Қандай?
5. Мәтінге ат қою нені білдіреді?
A) Сөйлемдердің мазмұны жағынан байланысуын білдіреді.
B) Автордың айтқысы келген басты пікірін білдіреді.
C) Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйінін білдіреді.
D) Оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атауды білдіреді.
6. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйінінің атауы
A) пікір
B) ой
C) мәтін
D) тақырып
7. Сипаттау мәтіні дегеніміз
A) Зат немесе құбылысты суреттеп,сипаттайтын мәтін
B) Оқиғаның себебін дәлелдейтін мәтін
C) Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін
D) Құбылыстың себебін түсіндіретін мәтін
Бағалау критерийі:
7-6 дұрыс жауапқа - «5»
5-4 дұрыс жауапқа - «4»
3 дұрыс жауапқа- «3»
2-1 дұрыс жауапқа- «2»
Бағалау: Жинақтаушы бағалау кестесіне түсіріледі
Берілген тест жұмысын оқиды, дұрыс жауапты белгілейді.
«Шыңжыр» әдісімен топта, бірін-бірі тексереді
«Бес саусаққа» сабақтан алған әсерлерін жазады, оқиды.
Бағытталатын сауаттылық: Математикалық сауаттылық
Үй тапсырмасы
15-жаттығу, «Менің сүйікті ойыншығым» атты тақырыпта эссе
жазу.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру.