- Учителю
- Сауат ашу 1 класс ' Рәміздер. Білім күні'
Сауат ашу 1 класс ' Рәміздер. Білім күні'
Сабақтың тақырыбы: Рәміздер. Білім күні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Туған еліміз Қазақстан туралы мәліметпен таныстыру.Еліміздің рәміздерімен таныстыру. Білім күнінің ерекшелігі мен маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерін, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Ел егемендігін, ұлттық рәміздерін қастарлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері. Олардың авторларының суреттері. Буклет, слайдтар. Интерактив.тақт. жұмыс
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылармен әңгіме жүргізу:
- 1 сыныптың ана тілі оқулығымен, оның құрылымымен және авторларымен таныстыру;
- оқулықты күтіп ұстау туралы әңгіме жүргізу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Интерактив.тақт. жұмыс
Пікірлесу:
«Отан» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).
Ата-баба аманаты
Ата-ана
Отан
Өзен,тау,жер
Өскен жер
Кіндік кескен жер
1. Картамен жұмыс.
Картадан Қазақстанды тапқызу.
2. Қазақстан - егемен мемлекет. (Буклетпен жұмыс)
3. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін шыңдау. Сұрақтар:
-Мемлекетік рәміздерді ата.
-Елтаңба авторларын ата.
-Тудың авторларын ата.
-Гимнің авторларын ата.
-Ата Заң қашан қабылданды? т.б.
4. Оқушылармен Қазақстанның гимнін айтқызу.
-
Қабылданған күн - 1992 жылғы 4 маусым.
-
Ресми тұсауы кесілген күн -
1992 жылғы 6 маусым, Алматы қаласы.
-
Авторлары - Ту авторы − Ш. Ниязбеков
Жандарбек Мәлібеков,
Шот-Аман Уәлиханов.
Еліміздің президенті кім?
Оқулықпен жұмыс.( 3 бет. Мәтінді мәнерлеп оқу)
Мемлекеттік
Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
«Туған елім - Қазақстан» дегенді қалай түсінесің?
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады?
-
Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Туған жер туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Мақалдар.
-
Отан - елдің анасы, ел - ердің анасы.
-
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
-
отанды сүю - от басынан басталады.
-
Отан оттан да ыстық.
-
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. т.б.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.