7


  • Учителю
  • Жас дарын сайысында 'Ауылым-алтын бесігім' өлеңімен 2 орын жетекшісі Базилбекова Д. С.

Жас дарын сайысында 'Ауылым-алтын бесігім' өлеңімен 2 орын жетекшісі Базилбекова Д. С.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзе
предварительный просмотр материала

Ауылым -алтын бесігім

Ауылым - алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,


Ең далам - анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарызармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлұлыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлерәрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шалдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күкі-жігерін, төгелгентері - еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім - алтын бесігім деп туған елдікөркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жузден астам ұлт өкілдері тұрады.Халқымның ерлігі - еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы - күйінде, бақыты - бауырмандығында, жасампаздығы - жарқын істерінде дептүсінемін. Елімнің тарихында бұрын соңды блмаған саясы,әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістітердің бірінен соң біріне қолжеткізіп жатыр. Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Ол дүние жүзінің көптеген елдері мен достық байланыс орнатты. ТМД, БҰҰ ұғымдарынамүше болып, дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды. Еліміз үшін жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Өзіміздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихимызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде - Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның, Әнұраның жөні бөлек.1998 жылы 10 масымкүні жаңа Астана дүние жүзіне таныстырылды. Бугін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылы жағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздыңұстанған саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз. Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз Бірінші ұланғайыр жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Соңдықтан да менің құрбыларымөте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қанаіскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең-байтақ Қазақстанымды сүйемін. Адам асқар арманынахалқын, тілін, Отанынтуған жерін шынайы сүйсе ғанақолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсызөмірсүруі үшін ең керегі - бейбітішілік. Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, зоғып зорға жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз,қастерлеуіміз керек. Бұл - біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Көгілдіраспанымызды соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бурын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат, еркін,бейбіт өмір келсе екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейтіп, біз сенілді жастар елінің кекркгіне жарап, кірпіш болыпқаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді.



Ауыл - қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз кең-байтақ, дархан даламыздың ауыл - анамыздың перзенті. Ауыл ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан жоқ па? Кіндік қаны тамып, кірін жуған ауылына ақындар жыр жолдарын, жазушылар сөз қорларын аяды ма?
Алайда уақыт өтіп, жылдар жылжи келе алдымыздағы бұрынғы жалындаған жастардың қатары сиреп барады. Біреулер қалаға білім іздеп кетсе, енді біреулер екі қолға бір күрек тауып жұмыс істеу үшін кетеді.
Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау,
ұят болды-ау
қауымнан!
… момын жұрттың, арқа сүйер,
азаматы біз едік. -
деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, шынымен де, бола-шағынан зор үміт күткен ауылдың арқа сүйер азаматтары қалаға ала көшіп бара жатса жаның қалай қынжылмасын. Әрине оларға да кінә тағуға болмайды. «Туған жерім, тал бесігім» - деп іліп істер кәсібі жоқ жерде, құрдан-құр қол қусырып қалай отырсын. Қайда барса қалмайтын, шешімін бір таппайтын осы жұмыссыздық мәселесі жастардың ауылда тұрақтай алмауының басты себебі. Сонымен қатар, көптеген ауылдарда электр энергиясы, су, жол сияқты мәселелер әлі күнге дейін дұрыс арнаға түсе қойған жоқ. Әсіресе ауылдардың электр энергиясымен толық қамтамасыз етілмеуі - адамдардың ауылда қоныстанбауының негізгі себептерінің бірі.
Дәлірек айтқанда, халық бар жарықтың жоқтығынан зардап шегіп отыр. Бүгінгі ғылыми техника шарықтап дамыған таңда электр энергиясынсыз ешбір техниканың жұмыс істемейтіні бесенеден белгілі. Жоққа жүйрік жетпейді, ал бар нәрсені игілігіне істете алмай жатқан ауыл тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Егер бар технологияның қызығын көрмей, игілігіне пайдалана алмаса, ғылым мен білім салтанант құрған XXI ғасырда өмір сүрудің қажеті қанша? Ал бұл сұраққа әлі мектеп бітірмеген менің өрем жете қоймайды десек те, кемел келешекте ауылымыздың болашағы жарқын, ертеңі айқын болады деген үмітіміз үзілмек емес…





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал